З. Н салимбаева, Ж. К. Ракижанова, кеуекті толықтырғыштардың технологиясы 050730- «Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрылымдарды өндіру»



бет6/15
Дата18.12.2022
өлшемі1,63 Mb.
#163174
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
кеуекті толықтырғыштар технологиясы
ÒÅÑÒ 2021 1 ñåìåñòð
6.5 Шешімін өңдеу
Нағыз тығыздығын мына формуламен анықтайды:
ρ = ρж×(m1 - m2) /(m1 - m2)+ /(m3 – m4) (3)
m1ұнтағы бар пикнометр салмағы, г;
m2бос пикнометр салмағы, г;
m3 – тазартылған суы бар пикнометр салмағы, г;
m4 – көпіршігін жоғалтқаннан кейінгі тазартылған суы мен ұнтағы бар пикнометр салмағы, г;
rж - 20 °С сұйықтың тығыздығы, г/см3.
Сынақтың шешімі екі анықтаудың орташа арифметикалық шешімімен анықталады. Екі параллель өлшемдердің айырмашылығы 0,05 г/см3-ден аспау керек. Айырмашылығы үлкен болғанда, сынақты қайта жүргізеді, онда сұйықтың орнына құрғатылған керосин қолданылады.

7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС


«КВАРЦЫ ҚҰМДАҒЫ ҚИЫРШЫҚ ТАС ТҮЙІРШІГІНІҢ ОРТАША ТЫҒЫЗДЫҒЫН АНЫҚТАУ»




7.1 Әдістің мәні
Орташа тығыздықты қиыршық тас түйіршігінің салмағын онымен шығарылған кварцты құмның көлеміне қатынасымен анықтайды.


7.2 Аппаратура және материалдар
ГОСТ 24104-88 бойынша техникалық таразы.
ГОСТ 16.0.801.397-87 бойынша ең төменгі температурасы 1100°С электр пеші.
ГОСТ 9147-80 бойынша фарфорлы тигель.
ГОСТ 427-75 бойынша металликалық сызғыш.
ГОСТ 1770-74 бойынша бөлігі 0,1-0,2мл, сыйымдылығы 10және 25мл шыны өлшеуіш цилиндр.
ГОСТ 19908-80 бойынша воронка.
ГОСТ 6139-78 дұрыс құм.


7.3 Үлгіні дайындау
Сыналатын үлгіден кварттау арқылы қиыршық тастың 10 түйіршігін алады.


7.4 Сынақты жүргізу
Әр сынаққа дайындалған түйіршікті қателігі 0,1г техникалық таразыда өлшейді.
Түйіршік көлемін осы түйіршікпен шығарылған табиғи кварцты құмның көлемімен келесі ретпен орындайды.
Көлемі түйіршіктің мүмкін көлемінен 3-4 есе үлкен, 900-1000°С температурада шаншылған фарфорлы тигельді құммен толтырады. Құмның артығын металликалық сызғышпен алып тастайды. Тигельдегі құмның 3/4 бөлігін қағазға түсіріп алады. Сыналатын түйіршікті тигельдегі қалған құмға түсіреді және қағаздағы қалған құммен бетін жауып, толтырады. Түйіршіктің көлеміне тең құмның артығын металликалық сызғышпен қағаз бетіне түсіреді және бөлігі 0,1-0,2мл, сыйымдылығы 10мл шыны өлшеуіш цилиндрде көлемін анықтайды. Тигель мен цилиндрді шайқауға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет