Ұзак мерзімді жоспардың тарауы: мектеп



бет6/7
Дата30.01.2023
өлшемі277,84 Kb.
#166738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9 кмж
НЦТ 4001, i1500r08
2) Солтүстік Қазақ жазығы – Қазақстанның солтүстігіндегі жазық. Сарыарқамен шектесетін оңтүстік бөлігі биіктеу, солтүстігі еңістеу. Бұл жазық Есілдің жазық орманды даласы, Тобыл-Обағанның жазық даласы, Есіл-Ертіс даласы, Ертіс-Құлынды жазығы болып бөлінеді.
3)Тұран жазығы – Қазақстанның оңтүстік-батысында Каспий маңынан Сарыарқа, Тянь-Шаньға дейінгі аралықты қамтитын Орталық Азиядағы жазық. Оған Үстірт, Торғай үстірттері, Маңғыстау таулары, Арал маңындағы Үлкен, Кіші Борсық құмдары, Қызылқұм, Бетпақдала, Мойынқұм шөлді аумақтары кіреді. Тұран – өте ескі атау, тарихта бұл аймақты ежелде скифтердің «тура» тайпасы мекендеген делінеді.
4) Мұғалжар – Орал тауының Қазақстандағы жалғасы, аласа таулы өлке. Биік нүктесі – Үлкен Боқтыбай (657 м). «Мұғалжар» сөзі «мұқалған, мүжілген, яғни аласарған жар» деген мағынаны білдіреді. Мұғалжарда хром, никель, мыс көп кездеседі.
5)Сарыарқа – Қазақстанның орталық бөлігіндегі шоқ-шоқ орналасқан аласа таулы өлке. Осыған байланысты да оны «Қазақтың ұсақ шоқысы» дейді. Сарыарқада Қарқаралы, Кент, Шыңғыстау, Баянауыл таулары орналасқан. Ең биігі – Қызыларай (Ақсораң 1565 м). Сарыарқа атауы бір деректерде «өсімдіктері күйіп, сарғайып жатқан үлкен жон» дегенді білдіреді десе, кейбір деректе ежелгі түркі сөздерімен тамырлас, «сары» сөзі «ұлы» деген, ал арқа сөзі қазақта солтүстік бағытты білдіреді делінген.

Белгілі бір территориясы бар нысандардың атауын білдіретін топонимдерді хоронимдер деп атайды. Нысандардың атауын бір жазу түрінен екінші бір жазу түріне ауыстыру транслитерация деп аталады. Қазақстанда географиялық нысандардың атаулары үш тілде беріледі




6) Алтай – Қазақстанның шығысындағы таулы өлке. Биік нүктесі – Мұзтау (4506 м). Алтайдың Қазақстандағы бөлігі Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы болып бөлінеді. Ежелгі моңғол тілінде «алтын тау» деген мағынаны білдіреді. Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, күміс, алтынның қоры көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет