Закон Республики Казахстан



бет8/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

Сілтемелер


Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қолданылған қайнар көздерге сілтеме жасалу қажет. Сілтемелерді құжаттың бүтіндей өзіне немесе оның тараулары мен қосымшаларына жасау керек.
Сілтемелерді жасау кезінде төменде көрсетілген нұсқалардың бірін пайдалануға кеңес беріледі. Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қолданылған қайнар көздерге сілтеме жасалу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер шаршы жақшаларда беріледі. Мысалы, [2, 17 б.]
Бір пайдаланылған әдебиетке бірнеше рет сілтеме жасалса, шаршы жақшаларда қайнар көздердің реттік нөмірінен басқа тиісті беттің нөмірі қойылады. Газеттерден алынған ақпараттарды пайдаланған кезде шаршы жақшаларда тек қайнар көздің нөмірін көрсетуге болады. Мысалы, [7].
Интернеттен алынған материалдарға сілтеме жасалғанда Интернеттегі материалдың, сайттың атауы мен материалдың рецепциялану мерзімін қоса алғанда, толық мекен-жайын көрсету қажет.
Курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелер көп болғанымен ол студенттің ғылыми тұрғыдағы адалдығын көрсетеді.
Иллюстрациялар (мәтіннің мазмұнын суретпен сипаттау)
Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, таңбалар, сызбанұсқалар, диаграммалар) курстық жұмыстың олар туралы айтылған тиісті мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет.
Иллюстрациялар компьютермен орындалған, түрлі-түсті де болуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға жұмыста сілтемелер жасалуы тиіс. Иллюстрацияларды араб цифрларымен нөмірлейді.
Егер бір сурет болса ол «Сурет 1» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы жолдың ортасына орналасады.
Иллюстрациялардың қажетінше атауы және түсіндірме мәліметтері (сурет астындағы мәтін) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі және оның атауы түсіндірме мәліметтердің соңына жазылады. Әр қосымшаның иллюстрацияларын латын алфавитінің жекелеген әріптерімен нөмірлейді. Иллюстрацияларға сілтеме былай жасалу керек «... 2-ші суретке сәйкес...».
Сурет пен мәтіннің арасы 2 интервалды құрайды («бос жол»).
Кестелер
Кестелер сандық материалдарды рәсімдеу кезінде қолданылады. Олар жеке парақта немесе мәтінде орындалады және олар туралы алғаш айтылған мәтіннен кейін орналасады.
Әрбір кестенің атауы болуға тиіс, олар кестенің үстіңгі жағында ортада орналасады және бас әріптермен жазылады. Кесте атауының асты сызылмайды. Кесте атауының оң жағында «Кесте» сөзі жазылады және оның нөмірі көрсетіледі. Кестенің нөмірі тараудың нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады, мысалы «1.3 Кесте».
Егер жұмыста бір ғана кесте болса ол нөмірленбейді, «Кесте» сөзі жазылмайды.
Кестенің бір бөлігін басқа бетке көшірген кезде астыңғы горизонтальдық сызық көшірілмейді, келесі бетте кестенің үстінде – Кесте жалғасады – деп жазылады (кестенің нөмірі көрсетіледі).
Жұмыста барлық кестелерге сілтеме жасалу қажет, мысалы «... 2.3. кестесінде..». Егер кестенің кез келген торында сандық немесе өзге де мәліметтер келтірілмесе, оған сызықша қойылады. Кестелерді толтыру шрифті – кегль 10-12 болуы тиіс.
Егер кестеде көрсетілген барлық көрсеткіштер бірдей бірлікпен берілсе, оның белгісі кестенің астында оң жағында беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет