Закон Республики Казахстан


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет5/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бұл тізім курстық жұмыстың аяғында «Қорытынды» құрылымдық бөлімінен кейін беріледі (Қосымша 3).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі студенттің зерттеу жұмысын жүргізудің тереңдігін көрсетуі қажет және курстық жұмыста сілтеме жасалған барлық қайнар көздерді қамту керек.
Пайдаланылған қайнар көздер тізіміндегі материалдар тобына көп көңіл бөлген жөн, өйткені ол тақырыптың зерттелу деңгейінің тереңдігін көрсетеді, курстық жұмыс мәтініндегі барлық библиографиялық сілтемелерді қамтиды.
Жұмыста әдебиеттердің бірыңғай тізімін толық көрсетуге кеңес беріледі. Тізім міндетті түрде нөмірленуге тиіс. Әрбір қайнар көз тізімде, оған жұмыс мазмұнында жиі сілтеме жасалғанына қарамастан, бір реттен артық көрсетілмейді.
Қайнар көздер туралы мәліметтерді курстық жұмыстың мәтінінде кездескен реті бойынша орналастырып, араб цифрларымен нүкте қоймай азат жол бастап жазу керек..
Ресми құжаттар тізімнің басында белгілі бір тәртіппен орналасады: Конституциялар; Кодекстер; Заңдар; Президент Жарлықтары; Үкімет Қаулылары; басқа да нормативтік актілер (хаттар, бұйрықтар және т.б). Әр топтың ішінде құжаттар хронологиялық тәртіппен орналасады.
Шет тіліндегі әдебиеттер тізімнің соңында қазақ (орыс) тіліндегі әдебиеттерден кейін қосымша алфавиттік тізім құрай орналасады.
Әр құжат үшін библиографиялық сипаттағы келесі элементтер қарастырылады: автордың тегі, инициалдары; шығарманың атауы; шығарманың нысаны туралы мәлімет (оқулық, оқу құралы, сөздік және т.б.); шығарманың шығуы туралы мәліметтер (шығу орны, баспа, шығу жылы); сандық сипаттама (кітаптағы беттердің жалпы саны).

Қосымшалар


Қосымшалар бұл қосымша, көбінесе анықтамалық маңыздылығы бар, тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін қажетті жұмыстың бір бөлігі. Мазмұны бойынша қосымшалар әртүрлі болып келеді: негізгі құжаттың көшірмелері, есептік материалдардан үзінділер, нұсқаулар мен ережелердің жекелеген бөліктері және т.б. Нысаны бойынша олар мәтіндер, таблицалар (кестелер), графиктер, карталар түрінде берілуі мүмкін.
Қосымшалар жұмыстың жалғасы ретінде оның соңғы беттерінде рәсімделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет