Закон Республики Казахстан


Тақырып атаулары (заголовки)



бет7/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ

Тақырып атаулары (заголовки)


«Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы болып табылады. Олар тарау болып нөмірленбейді. Оларды бас әріптермен азат жолдан бастап жазу керек, соңына нүкте қойылмайды.
«Негізгі бөлім» құрылымдық элементі жазылмайды, оның орнына негізгі бөлімге енетін тараулардың атауы орналасады. «Тарау» сөзі жазылмайды. Тақырып атаулары негізгі бөлім тарауларының, бөлімдерінің және пункттердің мазмұнын қысқа әрі нақты көрсетуі және бекітілген тақырыптың шегінен шықпауы тиіс. Сонымен қатар бөлімнің атауы тарау атауын қайталамауы тиіс.
Тақырып атауларында сөздерді қысқартуға, рим цифрларын, математикалық белгілерді, грек әріптерін қолдануға рұқсат берілмейді. Егер тақырып атаулары бірнеше сөйлемнен тұратын болса олар нүктемен ажыратылады. Сөздерді көшіруге және олардың астын сызуға болмайды.
Тараулар, бөлімдердің және тармақтардың тақырып атауларын да азат жолдан бастап бас әріптермен соңында нүкте қоймай жазу керек.

Тарауларды, бөлімдерді және пункттерді нөмірлеу


Курстық жұмыстың тараулары барлық жұмыс көлемінде араб цифрларымен белгіленген реттік нөмірлермен нөмірленіп азат жолдан бастап жазылуға тиіс.
Бөлімдер әр тарау шегінде реттік нөмірмен нөмірленуге тиіс. Бөлімнің нөміріне нүктемен ажыратылған тараудың нөмірі және бөлімнің реттік нөмірі кіреді. Бөлім нөмірінің соңына нүкте қойылмайды (мысалы –1.1,1.2).
Тараулар мен бөлімдер бір немесе бірнеше пункттерден тұруы мүмкін. Пункттер әр бөлім шегінде реттік нөмірмен нөмірленуге тиіс. Пункт нөміріне нүктемен ажыратылған тараудың нөмірі, бөлімнің реттік нөмірі және пункттің реттік нөмірі кіреді (мысалы, 1.1.1, 1.1.2).

Цитаталар


Курстық жұмысты жазу барысында студентке көбінесе әртүрлі авторлардан цитата келтіруге тура келеді.
Цитата – қандайда бір мәтіннің нақты, тура үзіндісі болып табылады.
Цитата мәтінмен тығыз байланысты болуы қажет (автор өзі келтіріп отырған анықтаманы дәлелдеуі және бекітуі тиіс).
Сөздерді, сөйлемдерді, абзацтарды жіберіп алу көп нүктелер арқылы белгіленеді.
Цитата жасау кезінде бір цитатаға әр жерден алынған бірнеше үзінділерді біріктіруге болмайды. Әр үзінді жеке цитата ретінде рәсімделуі керек.
Цитаталар жасау кезінде әр цитата әдебиеттерге сілтеме жасау арқылы рәсімделу керек (библиографиялық сілтеме).
Цитата жеке сөйлем ретінде (алдыңғы сөйлемді аяқтаған нүктеден кейін) бас әріппен басталып жазылуы тиіс.
Не, немесе, егер, сондықтан бағыныңқы шылауларынан кейін мәтінде көрсетілген цитата тырнақшаға алынып бас әріптен басталып жазылады.
Қос нүктеден кейін келтірілген цитата бас әріптен басталып жазылады, егер қайнар көздегі цитатаның бірінші сөзі кішкентай әріптен басталып жазылса, мұндай жағдайда цитата мәтінінің алдында көп нүктелер қойылады, ал егер бас әріптен басталып жазылса көп нүктелер қойылмайды.
Егер цитата сөйлемі толық болмаса, алынып қалған мәтіннің орнына көп нүктелер қойылады.
Цитата ретінде бір сөз немесе сөз тіркесі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол тырнақшаға алынып, мағынасына қарай сөйлемге орналастырылады.
Егер студент автордың ойын өз сөзі арқылы жеткізгісі келсе, (жанама цитата) оған сілтеме жасау арқылы ойды тура жеткізе білу қажет (мысалы, автор бұл туралы былай жазады......).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет