Закон Республики Казахстан



бет4/9
Дата04.03.2023
өлшемі40,54 Kb.
#171080
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диплом ж мысы мазм НЫ
Екінші тарау. Екінші таруда зерттелетін сұрақтар жалпы теориялық ережелер мен тәжірибелік материалдар тұрғысынан мазмұндалады. Яғни тарау тәжірибелік материалдар, нақты мәліметтер, есептеу-статистикалық ақпараттар, нормативтік құқықтық құжаттармен байланысты жұмыстың негізгі идеясын қамту керек. Студент жаңа идеяларын, алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжірибелерін талдау қабілетін, жағдайды кешенді анализдеуден туындайтын бағалау мен қорытындылар жасай білуін көрсетуі қажет.
Үшінші тарау. Бұл тарау курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әртүрлі мазмұнда болуы мүмкін, яғни, екінші тарауда қарастырылмаған теория мен тәжірибе тұрғысынан басқа да сұрақтар зерттелуі мүмкін. Тәжірибелік материалдарды теориямен тығыз байланыстыра отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде зерттеу мәселесін жетілдіруге бағытталған студенттің өзінің ұсыныстары мен басқа авторлардың (бұл авторлар мен ақпарат көздеріне сілтеме жасай отыра) ұсыныстары беріледі.
Әр тарау осы тараудың мазмұны бойынша қысқаша түйіндер жасаумен аяқталу керек.
Қорытынды
Қорытындыда зерттеу нәтижесінде жасалған негізді түйіндер мен ұсыныстар беріледі, сонымен қатар қойылған міндеттердің шешілу деңгейі көрсетіледі. Түйіндер курстық жұмыстың мазмұнын, маңыздылығын және жұмыстың тиімділігін толық сипаттайтын қысқа әрі нақты болуы керек. Қорытындыда жұмыстың мазмұнында бірде-бір рет айтылмаған жаңа ақпараттар болмауы керек. Қорытынды мәтіні 2-3 бетте мазмұндалады.
Түйіндер мен ұсыныстарды мазмұндау кезінде олардың жұмыстың жекелеген бөлімдерінде қарастырылғанына немесе қарастырылмаға-нына байланысты екі нұсқаның бірінде беруге кеңес беріледі.
Егер түйіндер мен ұсыныстар курстық жұмыстың жекелеген бөлімдерінде жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар тізбе ретінде дәлелдеусіз беріліп, нақты талдау жасай отыра курстық жұмыстың белгілі бір беттеріне сілтеме жасалады.
Егер түйіндер мен ұсыныстар тек «Қорытынды» бөлімінде жасалса, онда олардың тізбегімен қатар, осы ұсыныстардың әрбіреуінің тәжірибеде қолданылу тиімділігіне талдау жасалады.
Курстық жұмыстың авторының зерттеу мәселесін жетілдіру мақсатында енгізген ұсыныстары ерекше қолдауға ие болады.
Осылайша, түйіндер мен ұсыныстар тезистер түрінде жоғарыда көрсетілгендей кезектілікпен (егер олар курстық жұмыстың бөлімдерінде жасалса) рәсімделеді немесе қажетті мөлшерде талдау жасалына отыра қысқаша мазмұндалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет