Зертханалық жұмыс №1. Жұмыстың тақырыбы: Сутегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата19.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197613
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
Элементтер химиясы Лаб 2021 (1)
Technology in Education Technology Presentation in Blue Peach Illustrative Style 20231004 005006 0000, Cream and Blue Pastel Abstract Creative Portfolio Presentation 20231004 021608 0000, Colorful Recognition Awards School Events and Special Interest Presentation 20231005 071406 0000
4.
 
Кремний қышқылының тұздары 
Натрий сликатының ерітіндісін қызыл лакмус қағазымен тексеріңдер. Натрий силикатының ерітіндісін үш 
сынауыққа бөліп, біріншісіне сұйытылған тұз қышқылын, екіншісіне құрғақ аммоний хлоридін қоысп жақсылап 
араластырыңдар. Кремний қышқылы мен аммиактың бөлінгенін байқаңдар. Үшінші сынауықтағы ерітіндіге көмір 
қышқыш газын жіберіңдер. Байқалған құбылыстарды түсіндіріп, натрий силикатының гидролизін молекулалық және 
иондық түрде, натрий силикатының тұз қышқылымен, аммоний хлоридімен әрекеттесу реакцияларын жазыңдар. 
Қандай зат тұнбаға түседі? 
5.
 
Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі 
Үш сынауыққа қалайы түйірін салып, біріншісіне 2-4 тамшы концентрлі тұз қышқылын, екіншісіне сондай 
мөлшерде күкірт қышқылын, үшіншісіне азот қышқылын қосыңдар. Осы қышқылдармен әрекеттесу реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
6.
 
Қорғасынның қышқылдарға әсері 
Үш сынауыққа қорғасын түйірін салып, әрқайсысына 5-8 тамшы 2 н тұз, күкірт, азот қышқылдарын құйыңдар да
сынауықтарды спирт шамымен қыздырыңдар. Барлық сынауықта реакция жүреді ме? Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
7.
 
Қорғасын тұздары және олардыңі қасиеттері 
Қорғасын ацетатының сулы ерітіндісіне аммоний сульфидін қосып, қорғасын сульфидін алыңдар. Тұнбаны бөліп 
алып оған 2М азот қышқылын қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Зертханалық жұмыс № 7. V топтың р элементтері 
Жұмыстың мақсаты: 
V топтың р элементтерінің негізгі қасиеттерімен танысу және алу. 


1.
 
Аммиактың тотықсыздандырғыш қасиеті. 
Сынауыққа: а. Бром суы; б.
 
калий перманганаты; в. Калий 
дихроматының 3-4 тамшысын тамызамыз. Әр сынауыққа 3-5 тамшы аммиактың 25 % ерітіндісін тамызамыз. Әр 
қайсысын қыздырып, түсінің өзгеруін бақылаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет