Зертханалық жұмыс №1. Жұмыстың тақырыбы: Сутегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет10/22
Дата19.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197613
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Элементтер химиясы Лаб 2021 (1)
Technology in Education Technology Presentation in Blue Peach Illustrative Style 20231004 005006 0000, Cream and Blue Pastel Abstract Creative Portfolio Presentation 20231004 021608 0000, Colorful Recognition Awards School Events and Special Interest Presentation 20231005 071406 0000
Al + H
2
O = 
2 - тәжірибе. 
Алюминийдің қышқылдармен әрекеттесуі. Үш пробирка алып біріне тұз, екіншісіне күкірт, 
үшіншісіне азот қышқылдарының сұйытылған ерітінділерін құйыңдар. Барлық қышқылдардың концентрациясы бірдей 
болсын. Содан соң әр пробиркаға бір бір түйір алюминий сымын салып, болған құбылысты байқаңдар. Тұз қышқылы 
құйылған пробиркада реакция одан баяулау жүреді де, ал азот қышқылы құйылған пробиркада реакция жүрмейді. 
Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3 - тәжірибе. 
Алюминий гидроксидін алу және оның қасиеттерімен танысу. Бір пробиркаға алюминий 
сульфатының ерітіндісінен шамалы құйып, оған күйдіргіш натр тамызыңдар. Сонда кілегейленген коллоидты ақ тұнба 
пайда болады. Яғни, алюминийдің гидроксиді Al(OH)3 түзіледі. Енді осы тұнбаны араластырып екіге бөліп, біріншісіне 
күйдіргіш натрдың ерітіндісін тағы құйыңдар. Тұнба еріп кетеді. Алюминий гидроксидінің негіздік оксид бола тұрып, 
неліктен күйдіргіш натрда ериді деген сұрақ тууы мүмкін. Олай болатын себебі алюминий гидроксиді негіздік оксидтін 
де, қышқылдық оксидтің де қасиетін көрсетеді, сондықтан оны амфотерлі гидроксид дейді. Оны алюминий қышқылы 
түрінде былай жазуға болады:H
3
AlO
3
.Реакция теңдеуін жазыңдар: 
H
3
AlO
3
 + NaOH = 
Екінші пробиркадағы алюминий гидроксидіне сұйылтылған тұз қышқылын құйсаңдар, тұнба еріп
кетеді. Мұнда алюминийдің гидроксиді негіздік қасиет көрсетеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4 – тәжірибе. 
Алюминийдің бейметалдармен әрекеттесуі.
а) 
күкіртті алюминийдің синтезі. (Тәжірибе тартпа шкафта жасалады). Темір тостағанша 1-2 г алюминий ұнтағын 
салып, тостағаншаның қақпағын жауып штативке бекітіңдер. Содан соң тостағаншаны күшті жалыны бар қыздыру 
аспаптарының бірімен қыздырыңдар. Алюминий әбден қызғанда тостағаншаның қақпағын ашып, бір түйір күкірт 
салыңдар. Осы кезде қыздыруды тоқтатыңдар. Күкірт пен алюминийдің әрекеттесуінен тостағанша қызарып кетеді. 
Тостағаншадағы күкірт жанып болды ау дегенде екінші үшінші түйірін тастаңдар. Тостағаншадағы ұшқын мен 
жалыннан көздеріңді сақтаңдар. Тостағанша суығаннан кейін күкіртті алюминийді алып, бір бөлігін пробиркаға 
салыңдар. Үстіне сұйытылған тұз қышқылын құйып, қандай газ бөлінгеніне назар аударыңдар. Реакция теңдеуін 
жазыңдар.
ә) алюминий хлоридін алу. Хлор алу үшін колбаға марганец қышқыл калий тұзын салыңдар, ал тамшылатқыш 
құйғышқа концентрациялы тұз қышқылын құйыңдар. Жуғыш Тищенко шөлмегіне концентрлі күкірт қышқылы, ал 
келесі екі ауызды шөлмекке сілтінің ерітіндісі құйылады. Хлор келетін түтіктің ұшы сілтіге тимей тұруы тиіс. Құралдың 
герметикалығын тексергеннен кейін, тәжірибені жасауға кірісіңдер. Қышқыл құйылған шөлмектен кейінгі түтіктің 
жіңішкерген жеріне жеткізбей бірінші ұшында 0.5г алюминий ұнтағын асбест қағазының үстіне салыңдар. Түтікті 
штативке бекітіңдер. Тамшылатқыш құйғыштың су шүмегін жайлап ашып, тұз қышқылын марганец қышқыл калийге 


жіберіңдер. Түтіктің алюминий тұрған жерін қыздырыңдар. Алюминий хлормен әрекеттесіп жана бастаған кезде 
қыздыруды тоқтатыңдар. Түзілген хлорлы алюминий тез возгонкаланады. Реакция біткеннен кейін құралды 
жинастырып, түтіктегі хлорлы алюминийдің түсіне көңіл аударыңдар. Кәрлен тостағанға салып, түтіндеуін көріңдер. 
Сапалық реакциялар жасап, хлорлы алюминий екеніне көздеріңді жеткізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет