1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


-Билет 1)Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық процестерінің сипаттамасы



бет6/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
3-Билет

1)Мұнай өңдеу зауыттарының технологиялық процестерінің сипаттамасы

Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық, қызылқоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының ең ежелгісі. Қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны болып табылады. Ол Каспий теңізінің солтүстігінде, Гурьев (Атырау) қаласында 1945 жылы мұнайды отындық бағытта өңдеу мақсатында салынды. Зауыттың құрылысы екі жылға созылды, ол АҚШ-тан «ленд-лиз» арқылы алынған жабдықтар негізінде салынды. Зауыт негізінен парафині мол ауыр мұнайларды өңдейді. Зауыт өнімдерін шығару нарығы негізінен Қазақстан Республикасының батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды.

Қазіргі кезде зауыттың құрамына төмендегі қондырғылар кіреді:

• Мұнайды тұңғыш өңдеудің ЭЛОУ-АҚ-2 қондырғысы; • Мұнайды тұңғыш өңдеудің вакуумдық блогы бар ЭЛОУ-АВҚ-3 қондырғысы; • Шикізатты гидротазалаудан өткізе отырып катализдік риформингтеу қондырғысы; • Гудронды баяу кокстау қондырғысы; • Мұнай коксын әбден қыздыру қондырғысы. • Ароматты көмірсутектер кешені • Мұнайды терең өңдеу кешені

Каталитикалық риформинг қондырғысы R-86 биметалл катализаторындағы (платформинг) каталитикалық риформинг - мұнай өңдеу процестеріндегі ең негізгілерінің бірі. Автокөліктік, авиациялық бензиндер, жоғарыоктандық құрамдас бөліктердің ішінде бұл процесс жетекші орын алады. 1971 жылы іске қосылды.Бас жобалаушы – «Ленгипрогаз» институты.

Мұнайды терең өңдеу кешені

Бұл кешен жылына 2 млн. 400 мың тонна шикізат (мазут,вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. МТӨК жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизельді жанармай өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Жылына 5,5 млн. тонна мұнай өңдеу барысында, Атырау МӨЗ жыл сайын 1 млн. 745 мың тонна автокөлік бензинін, 1 млн. 640 мың тонна дизель жанармайын, 244 мың тонна авиакеросин шығарады. Мазут шығару 193 тоннаға дейін қысқарады. Барлық моторлық жанармайлар Евро-5 стандартына сәйкес болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет