1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны


Моторлы және дизельдік отындардың моторлық қасиеттерін бағалау әдістері



бет3/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
2. Моторлы және дизельдік отындардың моторлық қасиеттерін бағалау әдістері


  • Мотор отындары - іштен жану қозғалтқышында қолданылатын сұйық және газтәрізді жанармай.

Мотор отынына әртүрлі компоненттер мен қосымша қоспалар кіреді. Алу әдісі бойынша:
Дистилляциялық отындар – айдау арқылы бөлінген жеңіл фракциялардан тұратын мұнай өңдеудің туындылары. Дистилляттарға бензиннің барлық түрлері, сонымен қатар керосин, газойль және жеңіл дизельдік отындар жатады.
Қазандық отын – бұл шикі мұнайды айдау және мұнай өнімдерінің крекингінің қалдықтары немесе майлау майларын өндірудің қалдықтары. Мазут, дизельдік отын сияқты әртүрлі мұнай өнімдері қазандық отынына жатады.
Қолдану және жинақтап сақтау кезінде мотор отындарына төмендегідей талаптар қойылады.

  • Отын жанған кезде жылудың максимум мөлшері бөлінуі керек, жану өнімдерінің молекулалық массасы төмен, жылу сиымдылығы мен жылу өткізгіштігі азғантай, меншікті газ тұрақтысы мен температураның көбейтіндісі (RT) жоғары мәнге ие болуы керек.

  • Көліктің жанар май ағатын жүйесі, құбырлар, насостар, реттеу жүйелері және басқа да коммуникациялар бойымен отынның ағысы қоршаған ортаның кез-келген жағдайында – төменгі немесе жоғары температурада, әртүрлі қысымда т.с.с. тоқтаусыз болуы керек.

  • Жинақтап сақтау және тасымалдау кезінде отынның булануы минимум болуы керек. Мотордың жану камерасында отынның булануы оның тұтануы мен жануын оптимальды жылдамдықта қамтамасыз ететіндей болуы керек.

  • Отынның құрамында мотордың, сақтау және тасымалдау құралдарының конструкциялық материалдарын бүлдіретіндей коррозияға активті компоненттер болмауы керек.

  • Сақтау және қолдану жағдайында отынның физика-химиялық және эксплуатациялық қасиеттері ұзақ уақыт бойы өзгермеуі керек.

  • Жану өнімдері қоршаған ортаға зиянсыз болуы керек.

  • Шикізат базасы кең, құны жоғары емес және көп мөлшерде қолданысқа мүмкіндегі болуы керек.

Дизель отындары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет