1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет4/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)
КТГ 6 сем, икт рк, мидтерм икт тест
Дизель отыны – сұйық мұнай отыны. Оған, негізінен, мұнайды бірден айдау арқылы алынатын керосин-газойль фракциялары (шапшаң жүрісті дизельдер үшін) және одан гөрі ауыр фракциялар немесе мұнай өнімдерінің қалдықтары (баяу жүрісті дизельдер үшін) жатады
Дизель отыны – қайнау температурасы 180-360°С болатын, мұнай көмірсутектерінің сұйық қоспасы; дизель қозғағыштары мен газтрубинді қондырғыларда пайдаланылады. Моторлық дизель отыны: отынды қолдануға дайындау жүйесімен (қыздыру, тұндыру, айыру) жабдықталған дизельдерге және мұндай жүйемен жабдықталмаған дизельдерге арналып жасалған екі сортпен шығарылады.
Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарында 2009 жылы 4 млн т жуық дизель отындары өндірілді. Күкірттің мөлшері 0,2-0,5 пайыз шамасында. Өндірілген дизель отындарының 90% жаздық (Ж), ал 10% қыстық (Қ)дизель отындары болып табылады. Қыстық дизель отынының қату температурасы -35-45 оС. Қиыр Сібір және Арктика аудандарында қолдану үшін арктикалық (А) дизель отыны шығарылады, оның қату температурасы-55 оС. Дизель отынының сапасын жақсарту үшін арнайы қосымшалар (түтінге қарсы, жуғыш, депрессорлы, ескіруге қарсы) пайдаланады.
3. АҚ жəне АВҚ қондырғылары.

Құбырлы қондырғылардың ректификациялы бағаналарында қысымға байланысты, олар атмосфералы (АҚ), вакуумды (ВҚ) жəне атмосфералы-вакуумды (АВҚ) болып бөлінеді. Булану дəрежесінің санына қарап, құбырлы қондырғыларды 1, 2, 3 жəне 4 рет буланушы деп бөледі. Қазіргі кезде мұнайды атмосфералы қысымда істейтін қондырғыларда айдау арқылы мынадай өнімдер алады:Негізінен, пропан мен бутаннан тұратын сұйытылған көмірсутекті газ. Өнім мөлшері мұнайдың кенорнындағы қондырғылар қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнім күкіртті қосылыстардан тазартылғаннан кейін газ бөлу қон дырғыларына шикізат болады.


Бензин фракциясы 30-180°С аралығында айдалады.
Керосин фракциясы 120-315°С аралығында айдалады.
Дизель фракциясы 180-350°С аралығында айдалады.
Мазут. Бұл – мұнайды атмосфералық айдаудың қалдығы. Қазанадық отыны ретінде пайдаланады. Кейбір кезде термиялық крекинг қондырғысының шикізаты болады.
Гудрон мазутты вакуумда айдаудан қалған қалдықтар: термиялық крекинг, висбрекинг, һкокстеу, битум жəне майлар өндіру қондырғыларында пайдаланылады.
Мұнай өңдеу зауытында мұнайды жəне мазутты айдау жүйелерінің барлық түрлері пайдаланылады, өз алдына тұрған атмосфералық жəне вакуумда айдау қондырғылары, құрастырма атмосфера – вакуумда айдаудың құбырлы қондырғылары пайдаланылады. Ең алғаш біздің елде (1950 жылға дейін) қуаты аз 0,5-0,6 млн.т/жыл АҚ жəне АВҚ қондырғылары болды. Соңғы жылдары олардың қуаты 1-3 млн.т/жыл өсті. 1967 жылдан бастап мұнайды айдау қондырғыларының қуаты 6-8 млн.т/жыл жетті. Көптеген ескі қондырғылар құрамына мұнайды тұздан айыру, бензин ді тұрақтандыру жəне оны екінші айдау процестері біріктірілген.

ЭТТҚ-АҚ процесінде кұрамында тұзбен судың мөлшері едәуір азайтылған тұссызданған сусызданған мұнай алынады. ЭЛТҚ-АҚ Технологиялық процесс нәтижесінде мұнай фракциялары алынады. Оларды егіншілік процестерге шикізат ретінде компоундалғаннан кейін тауарлы өнім ретінде қолданылады. 


Нәтижесінде технологиялық процесте жекелеген мұнай фракцияларын алады
Тұрақтандыру басы (ҚБ 62°С фракция) секция 400 Газды фракциялау кондырғысына бөлінуге бөлінеді.
62-150ºC тұрақты фракция, секция 200. Каталитикалық риформингке жоғарғы октанды бензин алу үшін жіберіледі
140-200°C керосин фракция - секция 300 гидротазалау қондырғысына жіберіледі. Күкірттен көмірсутекті газдардан бөлу жүреді. 
230-300ºC жеңіл дизель фракция (тұрақты) тауарлы дизель отынының компоненті 
300-360ºC ауыр акция секция - 300 шикізаты гидротазалауға жіберілед
Мазут қазандық отынының компоненті УВПМ және УЛТКМ шикізаты
Бензин- еркіш (70-85°С гексал- гектан фракциясы)
140-230°C керосин фракциясы ТК-1 отынының компоненті 
Жарықтандырғыш керосин


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет