1 Билет Мұнай кен орындары ашылуының негізгі тарихи кезеңдері. ҚР мұнай саласының қазіргі кездегі даму қарқыны



бет54/55
Дата20.09.2023
өлшемі7,34 Mb.
#181656
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Мунай билеттер (1)

30 Билет

1. Мұнайдың, газдың және мұнай өнімдерінің негізгі физикалық және
химиялық қасиеттері
Мұнай мен мұнай өнімдері көмірсутектер мен олардың гетеротуындыларының күрделі қоспасына жататындықтан, мұндай қоспалардан жеке қосылыстарды бөлу мен анализдеу көп уақытты қажет етеді. Сондықтан технологиялық есептеулерде, шикізат пен мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтағанда, техникалық анализге жүгінуге тура келеді. Бұл анализ түрін қолдана отырып, мұнай өнімдерінің кейбір физика-химиялық жəне эксплуатациялық қасиеттерін анықтайды.
Осы мақсатта кешенді түрде келесі əдістерді қолданады:
- химиялық, яғни аналитикалық химияның классикалық тəсілдерін қолдану; - физикалық əдістер – тығыздық, тұтқырлық, балқу, қайнау, қату температуралары, жану жылуы, молекулалық массаларын жəне кейбір шартты көрсеткіштерін (пенетрация, дуктильность) анықтау; - физика-химиялық – калориметрия, потенциометрия, титрлеу, нефелометрия, рефрактометрия, спектроскопия, хроматография, т.б (мотор отынының октан, цитан сандарын анықтау, отындар мен майлардың химиялық тұрақтылығын, коррозиялық белсенділігін, от алу жəне тұтану температураларын, т.б. анықтау) Физикалық қасиеттері. Мұнай – газтектес жəне қатты заттар еріген, сұйық көмірсутектердің табиғи дисперсті жүйесі. Сыртқы түріне байланысты, мұнай – қызыл-қоңыр, кейде қараға жақын немесе əлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Ультра-күлгін сəулелерден жарық шығаратын сұйықтық. Өзіне тəн исі бар, ол судан жеңіл жəне суда ерімейді. Мұнайдың тығыздығы 0,65-0,95 г/см3 аралығында, оның тығыздығы жоғарылаған сайын, қайнау температурасы арта береді. Қайнау температурасы 40-300°С аралығында, қату температурасы -20°С-тан 74 +20°С-қа дейін болады. Орташа молекулалық массасы – 250-300, жылу бергіштік қабілеті – 4000-4400кДж/моль. Мұнай сумен қосылғанда тұрақты, берік эмульсия береді. Электрлік қасиеттері. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырғыш) ретінде қолданылады. Мұнайдың электрлік кедергісі аса жоғары. Электр өткізгіштігі 2,10-10- 0,3·10-18ом-1·см-1, диэлектрлік өткізгіштігі 2-2,5. Сусыздандырылған мұнай мен мұнай өнімдері диэлектрик болып табылады. Мұнай өнімдері бетінде статикалық электр заряды жиналады. Статикалық электр заряды жарқыл тудырып, қопарылуы немесе өртенуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет