1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет15/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Арқа территориясы: Қарқаралыдан Ақ Жайыққа, Қызылжардан Бетпақдалаға дейін
Қасым балаларының өші: Құдаймендінің Қоңырқұлжасында, Уәлидің баласы Шыңғыс пен оның шешесі Айғанымда, Бөкей тұқымынан шыққан Тәукенің Жамантай, Құсбегі мен Жантөренің Ахметі мен Арыс-танында
Кенесарының бір тірелгені ең алдымен осы аға сұлтандар мен патша әскерінің арасына ши жүгіртіп көру. Шамасы келсе Сібір мен Орынбор губернаторларын өзімен санасатын етіп алу
Аға сұлтан Қоңырқұлжа мен Кенесары арасында тек қана ежелден келе жатқан ел билеу, қоныс тебуден туған ата дауы емес, бастары көрге кіргенше кешірілмейтін уыты қанға сіңген өшпендік бар.
Хандыққа таласудың екі жолы бар. Оны сан айқастан өткен Кенесары жақсы біледі. Бірі саған хан билігін әперем деген халықтың артында тұрып басқара білу. Екіншісі соңынан ерген қолдың алдында жүріп ерлігіңмен өзіңе тартып алу.
Күнімжан – Кенесарының бәйбішесі, «жазығы қатын демесең, қыздан артық салдығы» деп Жүсіп қожа ақын айтқандай, Күнімжан Кенесарыға ақылымен де, сұлулығымен де әбден ұнаған әйелі. Шыққан төркіні де Қасым төреден салтанаты мен байлығы кем емес, арғынның шонжарларының бірі әлке Байдалы тұқымы
Кенесарының Күнімжанға разы болған сөзі: Қас болатты жау жүрегіне салып сынамас па?
Кенесары мен Қоңырқұлжаның бітіспес қас-жау болуларының да бір себебі осы Күнімжанда
Кенесары батыр атанып, атағы Сарыарқаға жаңа жайыла бастаған кезінде Ұлытауды жайлаған Жырық руының байы Сандыбайдың Ердені осы өңірге правитель болып тағайындалып, үлкен той болған. Тойға бір топ жігітпен Кенесары да келген. Ондағысы Көкшетауда бекініс салынып, көңіл қобалжи бастаған соң, Ұлытау маңын бір шолып қайту еді. Алты алаштың алғашқы басын қосқан хандарының бірі Алашахан да осы жерде қайтыс болған. Ұлы Жошы хан да осы тұсқа қойылған, Ұлытаумен іргелес Кішітаудың басында Едіге батырдың да қабірі бар, Ақмешіт әулие де осы арада жатыр. Ұлытау қазақ елінің атамекен кіндігі. Бұны көруді Кенесары өзіне парыз санайтын. Тойдан қайтып келе жатып, Арғынның Алтай, Төртуыл рулары жайлап отырған Терісаққан өз. келіп, ат шалдыруға аттарынан түсе-түсе қалған.
Жұрттан аулақ дөңгеленген қараған түбінде даланың өжет қызы батырдың бір тілегін орындады. Күнімжан өкінбеді, өйткені осыдан 2 жыл бұрын қос қатынының үстіне тоқалдыққа алмақ боп Қоңырқұлжа (Ақмола аға сұлтаны) құда түсіп, үш үйір қара көк жорғаны қалың малына төлеп кеткен. Оның үстіне Қарақойын Қашырлыға ел жайлауға шыққан шақта ұрын келем деп жақында хабар берген.
Абылай аруағынан, Қасым төре қаһарынан сескеніп, оның үстіне абыройы айрандай төгілген қызының күйігі де арқасына аяздай батып отырған Байболат ақсақалға Кенесары көп кешікпей «Күнімжанды маған берсін» деп кісі салған. Байболат ақсақал бұл тілекті шұғыл шешімін айтқан: — Үш жүзге хан болған Абылай атасына Арғынның, Қарауыл, Атығай рулары алты қызын бергенде, сол Абылайдың батыр немересіне біздің жалғыз қызды қимағанымыз болмас, алсын — деген. Бір апта өткесін әлке Байдалы, Аққошқар Сайдалы боп үш бозды көсем жеккен күмістеген қара пәуескемен, жасау артқан тоғыз нарды бір көш етіп Күнімжанды ырғалтып-жырғалтып Көкшетаудағы Қасым төренің ауылына ұзатқан.
Мұны естіген Қоңырқұлжа бұлқан-талқан болған. Жасақ жіберіп Байболат ауылын шауып алуға да оқталса да, байлығы өзінен артық Арғынның шонжар руы әлке Байдалымен жанжалдасуға батпаған. Күнімжанды тоқалдыққа сұрағанда Қоңырқұлжа тек қатын санын көбейтпек емес, Арқаның осы руымен жақындаспақ ойы болатын, Байболатқа берген қалың малына үш тоғыз айыбын қосып алды. Бірақ Қоңырқұлжа енді Қасым балаларына әбден өшігіп алды. Ебін тауып, езуін қалай жырам деп жүргенде Көкшеден Жабайы өзенінің сағасында отырған Тарақты еліне ұзатылып бара жатқан Саржанның үлкен қызы Күнікейге жасағымен кездесіп, оны бір түн иемденіп қоя берген. Аға сұлтан Қоңырқұлжа мен Қасым төре балаларының арасындағы осы бір намыс ызасы енді бір-біріне мәңгі кешпес қанды кекке айналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет