1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет14/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект
Хамза Арайлым ПМНО СӨЖ қазіргі педагогикалық технология, ашық сабақ наз, 1613757734, 1, 259668
Қоқан территориясы: қазақ жерінің бүкіл оңтүстігі мен Сыр бойы (Өзбекстан)
Хиуа территориясы: Атырау, Арал тұсынан Үстірт, Маңғыстауға дейін (Түрікменстан)
Кеше сонау Ұлытаудан (Қаратауға) Құдайменді батыр келген. Ол Жоламан мен Иман батырдың сәлемдемесін әкеліп, қазір Сарыарқада ақ патшаға қарсы шығатын жұрт көп екенін айтқан. Бастайтын жан болса еретін жұрт бар. Ал Сарысу, Шу, Сыр бойы қазақтарының да күйі белгілі, ту көтерсең соңыңнан еруге дайын. Хиуа ханы қиянатына шыдамаған Адай, Тама, Табын, Шөмекей, Жаппас, Шекті рулары найзаларын жалаңдатып, қан жұтып ол отыр. Қазір бас көтеруге ең бір қолайлы кез. Қиянат жанын жеген бұқара бүкіл Сарыарқаны, Сыр бойын, Жайық, Маңғыстау, Үстірт даласын алып кетуі ғажап емес.
Қасым төре ұлы-қызы: Есенгелді, Саржан, Күшік, Мұса, Кенесары, Наурызбай, әбілғазы, Кенесарының апасы батыр Бопай, олардың балалары Құдайменді, Ержан, Иса, Қошқарбай, әбілпейіз. Қасымның інісі Дайырдың балалары Тәті, әті, Сатыбалды, оның баласы Қалдыбай, бәрі өзен қайда құйса, тамшы да сонда құяды дегендей, үлкені қайда бастаса, өзгесі соңынан еруге бар. Тек аталас Күшік қана бозөкпелеу. Әкесінің айтқанына тек қатігез бауырларынан қорыққанынан көнетіндей.
Абылайдың жолын қуу — бүкіл қазақтың басын қосып, үш жүзді билеу деген сөз.
Бірақ айқасты қай тұстан бастаған жөн?! Үш дұшпанның қайсысының бізге салғалы тұрған шырғысы берік, ең алдымен соны үзу керек!».
Кенесары қабағы қарс жабылып, өз қойған сұрағына шешім іздеді. «Қоқан мен Хиуа хандары мейлінше тас жүрек, жеңілсең қанға бояйды, қарамағындағы азғантай қазақты түгелімен қырып тастаудан тайынбайды. Ал Россия патшасы ондай емес. Кейбір қанішер шенеунектері болмаса, қалың бұқараны аты-жөні жоқ қыра бермейді. Оққа байлап, Сібір айдаса тек бетке шығар жақсыларын ғана айдайды. Үлкен жұрт сөйтіп қашан да кең пейілін танытпай қалмайды. Ал Қоқан, Хиуа хандықтары қорқау қасқыр тәрізді жан кетіп өлексеге айналсаң, өлексеңді талай береді. Оларға бой көтеріп, күш жинағанда тиісу керек. Қоқан мен Хиуа өздері қырған он мыңдай ер азамат үшін жауап берсін. Ауғанстанға, Персияға күңдікке сатқан қазақтың қыз-қатындарының қарғысының азабын тартсын.
Кенесарының соғысты Россия патшалығымен бастауды қалап алуына басқа да себептері жоқ емес. Патша солдаттарының бекініс, зеңбірек, карабин штуцерлері болса, қазақтың далиған жалпақ даласы бар. Егер тығылар жыңғыл, жықпыл сайы көп болса, қыр қоянын арлан тазы да ұстай алмайды. Арқаның жері мол, бір шеті Қарқаралыдан Ақ Жайыққа, екінші шеті Қызылжардан Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. Оның үстіне Орта жүз көп ел. Бәрін бірдей көтере алмасаң да, соңыңнан еретіндер табылады. Ал Қоқан мен Хиуа жерінде бұндай жағдай жоқ. Сыр бойы, Үстірт, Маңғыстау, Арал маңындағы көшіп жүрген қазақтардың шынтуайтқа келгенде басын қосу оңай іс емес. Қоқан, Хиуа хандарын жеңу үшін Жетісу, Алатау, Қарақалпақ өңіріндегі ағайындардың да бас көтеруі керек. Оған сену қиын. Үйсін, Дулат, Алатауды жайлаған көп қырғыз, Арал бойын мекен еткен Қарақалпақ сенің сөзіңді сөйлеп, жоғыңды жоқтай ма? Қоқан, Хиуа хандарының да күштілігі осында жатқан жоқ па, олар кімнің жүрегінің қалай соғатынын біледі. Қырғыз, қазақ, қарақалпақ бірігіп бас қоспайтынын сезеді. Бүкіл Жетісуды алып жатқан Үйсін, Дулат та дұшпаныңмен шын белдесіп қалғаныңда сенен бөлініп жауға тастап кетуі де мүмкін...Жоқ, оларға сенуге болмайды. Үйсін, Дулат, Қырғыз, Қарақалпақ өз басына Орта жүз бен Кіші жүздің ауыр жағдайы түссе ғана атқа қонады.
Кенесарының Арқаға оралғысы келуіне тағы да бір себеп бар. Ол — кек. Сәмеке, Бөкей, Уәли тұқымдарынан шыққан аға сұлтандарды Қасым балалары өртеп жіберуге бар. Бұл ел билігіне таласудан шыққан бақастық. Әсіресе Қасым балаларының өші Құдаймендінің Қоңырқұлжасында, Уәлидің баласы Шыңғыс пен оның шешесі Айғанымда, Бөкей тұқымынан шыққан Тәукенің Жамантай, Құсбегі мен Жантөренің Ахметі мен Арыс-танында. Балық басынан шіриді, қазақ жерін ақ патшаға беріп отырған осы аға сұлтандар деп кектенеді Кенесары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет