1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет17/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект
Хамза Арайлым ПМНО СӨЖ қазіргі педагогикалық технология, ашық сабақ наз, 1613757734, 1, 259668
ІІ бөлім. 1
Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Бұл жатқаны былтыр түскен кіші тоқалы Зейнептің жеті қанат ақ отауы.
Абылай ұрпақтарынан менің нем кем, дейді ол ішінен? Олар сияқты мен де Шыңғыс хан әулетімін. Ұлы бабам Орта жүз ханы Сәмекеге 40 мың жылқы біткен. Бұдан жүз жылдан астам бұрын Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Россия патшасына бағынам деп хат жазғанда сол жылы Орта жүздің ханы менің атам Сәмеке де хат жазған. Тек патшаның қарамағыма алдым деген Указы шыққанша дүние салды... Орта жүз содан кейін барып Түркістаннан келген Сабалаққа — әбілмансұрға ауған жоқ па? Өз әкем Құдайменді сұлтанға да 30 мың қара көк пен күрең бітті емес пе... Әбілмансұрмен хандыққа таласуға қуаты жетпесе оған ол айыпты ма? Менің әкем Құдайменді қабылан болса, әбілмансұр — Абылай айдаһар еді. Айдаһардың қабыланды жеңуі ғажап па? Бірақ Абылай айдаһар болса да Құдайменді қабыланды жұта алмады. Сәмеке ханның ұрпағы деп Омбы генерал-губернаторы үнемі араша түсті. Соның арқасында ата мекен жерімізді де, қарамағындағы қалың арғынды да Құдайменді ешкімге берген емес-ті
Құдайменді өз ойында өзін мақтайды. Халық деген бір кеще жас бала, оны алдай алсаң болғаны, соңыңнан ере береді...
1834, Жылқы жылы Мамыр айының 19нда ақ патшадан бұзау терісіне мөр бастырып, қазақтан солдат алмаймын деген ант қағазын әкелгенімді былай қойғанда, патша ағзамның менің өтінішім бойынша биылғы Тауық жылы Көкек айының бесінде жіберген Указының өзі не тұрады?!»
Өткен Мешін жылғы қыс қатты болып, Балқаштың арғы бетінде малын айдауға көшіп келе жатқан Кенесарыдан жасқанып, Арқада тебінге қалған Ақмола өкірігінің 140 мыңдай қарасы шөп жетпей жұтқа ұшыраған. Оның үстіне ақпан — қаңтарда Ташкент құшбегісінің қарақшылары жүдеп отырған біраз ауылды шауып, Есіл, Нұра қазақтарының шаруашылығы әбден күйзелген.
Жаңа устав б-ша Ақмола өкірігі қазақтары биылғы Тауық жылынан бастап жасақ төлеуге тиісті болатын. Жұрттың күйін көрген Қоңырқұлжа, салық жинау қиындығынан қашып, бар халық атынан салықты Көкшетау, Қарқаралы өкіріктерімен қатар 2 жылдан кейін төлеуді өтініп қағаз жазған. Бұл қағазбен қоса кешкі серуеніне мінсін деп І Николай патшаның өзіне мойны қудай иілген алты ақбоз арғымақ жіберген.
Арғымақтың сұлулығына риза болған патша, Ақмола өкірігінің қазақтары 40шы жылға дейін салықтан босатылсын деген арнаулы Указын шығарған. Бұл Указ жүдеп қалған жұрттың көңілін көтерумен қатар аға сұлтан Қоңырқұлжаға өзге сұлтан, билердің алдында үлкен абырой әперген.
Қыс қатал болып, жұт келетінін болжағандар: есепші Жарқұлақ қарт, жауырыншы Дәкір білгір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет