1. Дəріс тақырыбы



бет10/45
Дата05.10.2022
өлшемі1,82 Mb.
#151767
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Байланысты:
Orman botanikasy. Дәрістер

Жапырақ пішіндері. Барлық өсімдіктің жапырақтары жəй жəне күрделі жапырақ болып бөлінеді. Жəй жапырақтар бой конусындағы примордиал- дық төмпешіктен өсіп бір ғана сағақты немесе қынапты жапырақ тақтасы шықса, оны жəй жапырақ дейді.

Жапырақ тақталарын пішіндеріне қарай жіктегенде мынадай түрлері болады: қылқан жапырақ-құрылысы ине тəрізді болып келетін қарағайдың, шыршаның т.б. қылқанды өсімдіктердің жапырақтары.
Таспа немесе айыл тəрізді жапырақ астық тұқымдастарда болады. Бұлар еніне қарағанда ұзындығы əлденеше ондаған рет артық болатын қынапты жапырақтар; қандауыр немесе ланцет тəрізді жапырақтар талда, талгүлде кездеседі 2-сурет; дөңгелек жапырақ көктеректе болады, оның тақтасы дөңгеленіп біткен; сопақ жапырақ-енінен ұзындығы 2-3 есе артық болатын ешкі талдың жапырағы; эллипс тəрізді жапыраққа ұшқаттың жапырақтары жатады; жұмыртқа тəрізді жапыраққа тартаржапырақ, шамшат жапырақтары жатады; ромба тəрізді жапырақ қара талда, қайыңда болады; жебе тəрізді жапырақ шырмауықта; т.б. түрлері кездеседі. Жапырақ тақтасының тілшеленуіне, жиегіндегі кедір бұдырларына жəне тіліктеріне қарай жапырақтар бөлінеді: бүтін жиекті жапырақ, бүтін жапырақ.

2-сурет. Жапырақ тақтасының пішіндері: 1-дөңгелек; 2-сопақ; 3-ұзынша; 4-таспа тəрізді; 5-жұмыртқа тəрізді; 6-ланцетті; 7-теріс жұмыртқа тəрізді; 8-теріс ланцетті.


Күрделі жапырақтар. Бір жапырақтың негізгі сағағына бірнеше жеке тақташалар орналасып, бұлар өз алдына жеке-жеке түсіп отыратын болса, оларды күрделі жапырақ дейді. Күрделі жапырақтар өсімдік түріне қарай əр түрлі болады: 1. үшқұлақ-күрделі жапырақ-беде, жоңышқа, соя жапырағы;

  1. салалы-күрделі жапырақ-бұршақ, қара сора, қазтабан, атбас талшынның жапырақтары; 3. қауырсын-күрделі жапырақ, ол екі түрлі болады. Жұп қауырсын-күрделі жапырақ-сары қараған; 4. тақ қауырсын-күрделі жапырақ- ақ қарағанның жапырағы 3-сурет.


3-сурет. Күрделі жапырақтардың түрлері: а-үшқұлақ күрделі күрделі; б-салалы күрделі; в-таққауырсын күрделі; г-жұп қауырсын күрделі; екі рет қауырсын күрделі; е-үш рет қауырсын күрделі





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет