1. Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері


Абай Құнанбаев (1845–1904 жж.)



бет12/12
Дата08.02.2022
өлшемі38,43 Kb.
#119600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1. Ежелгі д уір ілімдеріндегі саясаттануды элементтері

Абай Құнанбаев (1845–1904 жж.) қазақ ақыны, ағартушысы, ойшылы, қазақ философиясы тарихында өшпес мұра қалдырған біртуар тұлға. Шығармашылық мұрасы өлең, дастан-поэмалар мен философиялық мазмұнды қара сөздерден және аудармалардан тұрады.
Абай елде моральдық құндылықтардың құнсызданып бара жатқанына көңіл аударады. Ақын мұндай қоғамда зұлымдық, қулық-сұмдық, адамгершілікке меңіреулік және надандық билік жүргізеді деп ескертеді.
Абай елдегі бірлікке ерекше мән береді. Елдің болашағы білім мен бірлікте. Ел ішіндегі күншілдік пен надандықты тоқтату керек деп ойлайды. Ру мен ру арасындағы алауыздыққа жол бермей, әрбір қазаққа «біріңе қазақ бірің дос, болмасаң істің бәрі бос» деп мәңгілік ұран тастайды.
Абай шығармаларының дені елдегі әлеуметтік мәселелерге арналды. Ақын қоғамдағы келеңсіз жайттарды болдырмауға барынша қарсы тұрып, күресіп өтті. Абайдың шығармалары осы заман тұрғысынан алып қарағанда да өз өзектілігін жойған жоқ және оның шығармалары әлі талай ұрпаққа өсиет-өнеге болып қала бермек.Тақырыпқа қатысты ұғымдар мен түсініктер: қазақ, хандық институт, саяси билік, бай, кедей, әкімшілік реформа, билер институты, саяси тарих.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет