1. Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері



бет2/12
Дата08.02.2022
өлшемі38,43 Kb.
#119600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1. Ежелгі д уір ілімдеріндегі саясаттануды элементтері

Платон б . з . б . 427-347 жылдарда өмір сүрді , Шын аты Арис токл . Жасында спортпен көп шұғылданды , жоғары көрсеткіштерге де жетті . Жауырыны кең болды . Сондықтан оны Платон ( кең жауырынды ) деп атап кетті .
Платонның екі жүздей еңбектері бар . Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары “ Мемлекет " , " Саясатшы ” , “ Заңдар " , " Софист " , “ Парменид " жəне т . б . Платонның ойынша , адамдар қажеттіліктерін жеке - дара өтей алмайды . Олар өмір сүру үшін тамак , киім өндірулері , үй салу лары жəне т . т . жасаулары керек . Біреулері егіншілікпен , екінші лері тігіншілікпен , үшіншілері құрылысшылықпен , тергінінілері етікшілікпен жəне т . с . с . айналысады . Сөйтіп , олардың бəрі бiрirin кана қажеттіліктерін өтейді . Осы бірігудің арқасында қоғам , мемлекет пайда болады . Мемлекет аламдарды алаламай , байына да , кедейіне де , азына да , көбіне де қарамай — бəріне бірдей əділ қызмет етуі керек . Бірақ бұдан Платон адамдардың берін теңдестірген екен деген ой тумауы керек . Керісінше , ол адамдарды үш үлкен əлеуметтік топқа: 1 ) əкімдер ; 2 ) қорғаушылар ; 3 ) өндірушілер етіп бөлді .Əкімдерге фалсафашыларды жатқызды .
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді : аристократия , тимократия , олигархия , демократия жəне тирания . Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды . Онда ақыл - естілік , парасаттылық билейді , оның принциптері — адамгершілік , абырой , ар - намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой - пікірлерін одан əрі дамытып , фалсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель ( б . з . б . 384-322 ж . ж . ) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон ака демиясын іздеп келіп оқуға түседі . Саясаттануға қатысты “ Саясат ” , “ Афиналық полития ” , “ Эти ка ” , “ Риторика " деген еңбектері бар .
Аристотель саясатқа кең мағына берді . Оған этиканы да , экономиканы да енгізді . Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі , оның мақсаты – адамды , мемлекетті жаксы тұрмысқа , молшылыкка , бақытқа жеткізу деп білді . Сөйте тұра , ол құл ие ленушілікті қолдады , құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құкык бергісі келмеді .
Аристотельдің ойынша , мемлекет — қауымның дамыған түрі , ал қауым — отбасының дамыған түрі . Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді . Ол мемлекетті дұрыс жəне бұрыс түрлерге бөлді . Дұрыс түріне монархияны , аристократияны жəне политияны ( Аристотель дəуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс ) жатқызды . Ал тирания , олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады . Мемлекеттің дұрыс түрінде əкімдер халық , ел пайдасын ойлайды , билік қоғамға қызмет етеді . Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді .Ұлы ойшыл басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді .
Аристотель Платон айткан қоғамдық меншікке қарсы шығып , жеке меншікті жақтады . Сонымен қатар ол адамдардың аса байы немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады . Себебі , мұндайда қоғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп , орта деңгейді дұрыс көрді .
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды . Онда əсіресе атақты шешен , мемлекет қайрат 18 кері жəне ойшыл Марк Туллий Цицерон ( б . з . б . 106-43 жж . ) өмір сүрді . Оның “ Мемлекет туралы ” , “ Заңдар туралы ” , “ Міндеттер туралы ” деген еңбектері көпке əйгілі . Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — адам дардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының жəне меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді . Қоғамға жəне жеке меншікке қол сұғуға болмайды . Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты əділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді .
Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының " мінезі мен еркіне байланысты болады деп түсіндірді . Басқару шылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік , аристократия жəне демократия етіп үш түрге бөлді. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды , қоғамдық саяси қатынастарда əлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті əділеттілік деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет