1. Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері



бет8/12
Дата08.02.2022
өлшемі38,43 Kb.
#119600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1. Ежелгі д уір ілімдеріндегі саясаттануды элементтері

Әл-Фараби саясат жөнінде өз кезеңіндегі терең ойлар айтқан ойшыл. Оның ілімі бойынша қоғамның құрылымы әлемнің құрылымына сәйкес келеді. Әл-Фарабидің саяси идеялары рахымды және рахымсыз қалаларды салыстыру Арқылы беріледі (Ежелгі Грек тарихы бойынша «қала» деген түсінік «мемлекет» орнына қолданды). «Рахымды қалада» билеуші мен оның Тұрғындарының дүние және бақыт жөнінде шынайы түсінігі бар. «Рахымсыз, Күнәға батқан қалада» ондай ұғым жоқ. Бұл қалалар сипаты мұраларға қатысы жағынан да өзгеше. Бақытсыз және Опасыз қалада тұрғындар сезім мен қиялға негізделген әрекетке сүйенетін Рахатты жоғары бағалайды, ал қайырымды қалада басқару заң күшіне, игілікті Тәжірибеге негізделеді. Әл-Фараби мынадай адамгершілік қасиеттерді атап көрсетеді: Шындықты сүю, игіліктілік, мінез парасаттылығы. Тұтас алғанда, Әл-Фараби Платонның философ-билеуші идеясын қолдайды. Ол ғалымдарды қоғамның Жүрегі деп санайды. Әл-Фарабидің «Адам еңбектің арқасында жануарлық жағдайдан Құтылатын қабілеті бар бірден-бір тіршілік иесі, оның қалыпты жағдайы Санасына сәйкес және өзін-өзі жаңғыртуға тиіс» деген ойлары аса бағалы Пікірлер болып табылады.Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фарабидің бай мұрасы қазақ халқының саяси Санасын жетілдіріп, сан ғасырлар бойы ғылымның, оның ішінде саяси Білімдердің дамуына игі әсерін тигізді.
Есімі орта ғасырлардан біздің заманымызға жеткен ақын, философ, қоғам Қайраткері – Жүсіп Баласағұн. Жүсіп Хас Хаджиб (1021 – 1077) Шу Алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны болған. Ақынның «Құтадғу білік» («Құтты білім») атты поэмасы – ортағасырлық қазақ даласындағы әртүрлі Тарихи, саяси және қоғамдық мәселелер туралы мол мағлұмат, құнды деректер Беретін шығарма. Бұл ұзақ уақыт толастамаған қырғын соғыстар кезеңі болса Да, түркі тайпаларынан кейінгі қазақ ұлтына этникалық негіз болған қыпшақтар Бірлестігі қалыптаса бастады. Ол кезде қазақ жеріндегі ғалымдар кең тараған Парсы, араб тілдерінде жазатын еді. Бірақ солардың арасынан Жүсіп Баласағұн Өз ана тілі түркі тіліне жанашырлық білдіріп, оны сақтап қалуды мақсат етіп өз Шығармаларын ескі түркі тілінде жазды. Ойшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген. Мысалы, мемлекетті Орталықтандыру және басқару, қоғамда әділ заңдардың, еркіндік пен бостандықтың болуын қалайды. «Құтадғу білік» - халықтың салт-санасы, Өмірдің мән-мағынасы, адам тағдыры, әдет-ғұрпы жөніндегі көзқарастар Жинақталған құнды шығарма.
ХІ ғасырда өмір сүрген, сол кездегі қазақ мәдениетіне және саяси тарихына Белгілі мөлшерде үлес қосушы ақын, ойшылдардың ішінен Махмуд Қашғаридің есімін ерекше атауға болады. Ол алғашқы білімді Қашқар Қаласында алады, содан кейін Бұхар қаласында өзінің білімін жетілдіреді. М.Қашғари – түркі халқының фольклоршысы, Ж.Баласағұн сияқты ол да түркі Тілін дамыту арқылы орталықтандырылған мемлекет орнату мәселесін алға Қояды. М.Қашғари түркілер мекендеген жерлерді, түркі тілдес тайпаларды көп Аралап, түрік тіліндегі ән, аңыз, жұмбақтар мен түрік әдет-ғұрыптарын көп Жылдар бойы зерттеп, 1074 жылы өзінің «Диуани лұғат – ат – түрік» («Түрік Тілдер сөздігі») атты негізгі еңбегін кең көлемді жинақ ретінде шығарады.М.Қашғари осы шығармасында төмендегідей сөздерді жазған: «Мен Түріктердің барлық жерлерін араладым. Көп уақыт іздену, зерттеулерден кейін Осы кітапты ең таза, ең әшекейлі түрік тілінде жаздым».Махмуд Қашғаридің бұл еңбегі тек ғана сөздік емес, бұл толық мәнінде –Ғылыми энциклопедия. Сол кездегі Қазақстан жеріндегі Түрік қағанаттары Тарихының барлық салаларын, соның ішінде саяси мәселелерді де жан-жақты Қамтиды.Келесі елеулі мәдени-тарихи ескерткіш – Түркістан қаласынан шыққан
Сопы ақын Қожа Ахмет Яссауидың (1166 жылы қайтыс болды) «Диуани Хикмет» («Ақыл кітабы») атты өлеңдер жинағы. Қыпшақ диалектісінде Жазылған Яссауидің бұл өлеңдері өз кезінде сахарадағы көшпенділер арасына Кеңінен тарады. Ислам дінін халыққа таратушы Арыстан Бабаның баласы Ахмет Яссауиге мұсылмандықты белсенді насихаттағаны, халық алдындағы зор Беделі, кіршіксіз сенімі үшін түрік мұсылмандары оны пайғамбарға теңеген.Ахмет Яссауи ақын ретінде өзінің өлеңдерінде ислам дінінің Тағылымдарын тарату арқылы түрік халықтары арасында саяси-әлеуметтік Ынтымақтастығының күшеюіне зор үлесін қосты.Ислам дінінің түрік халықтарын біріктірудегі ролін түсінген Шыңғыс хан Қазақ даласындағы дін қызметкерлері қожаларды ақсүйек тобына жатқызған Болатын. Ал Әмір Темірдің Қожа Ахмет Яссауиге арналған кесене тұрғызуы Оның тек ақын, ғұлама ғана емес, белгілі мемлекет қайраткері болғанын Білдіреді. Ортағасырлық қазақ жерінде, дегенмен, жазудың таралуы төмен болды. Сол себепті көшпенді халықтардың саяси-қоғамдық көзқарастары рационалдық Ұғымдар негізінде емес, көркем бейнелер, өнер түрлері арқылы қалыптасты. Қазақ халқының дүниетанымындағы ең маңызды орын алатыны – фольклор. Ол қазақ халқының барлық мәдени-әлеуметтік мәселелерін қамтиды. Бұл Туралы Ш. Уәлиханов «Қазақтың ауыз әдебиетінде халық өміріндегі маңызды Оқиғалардың бірде-біреуі қалыс қалмаған» деп атап көрсетеді. Қазақ фольклоры Әртүрлі жанрларды құрайды, олар: мақал-мәтелдер, ертегілер, жырлар, Дастандар және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет