1. Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері


Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дəуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли)



бет4/12
Дата08.02.2022
өлшемі38,43 Kb.
#119600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1. Ежелгі д уір ілімдеріндегі саясаттануды элементтері

2.Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дəуіріндегі саяси идеялар (Августин, Аквинский, Макиавелли).
Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше . Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік католиктік шіркеудің , папалықтың жəне ақсүйек феодалдардын арасында қоғамдағы басқарушы рөл үшін қиян - кескі күрес болып тұрды . Үкімет басында дін иелері ме əлде ақсүйектер болуы керекпе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мəселелерінің бірі болды .
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді , ал оған мұндай абырой , беделді берген құдай . Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады . Бұған ақсүйектер көнгісі келмей , билікті өз қолдарында ұстағысы келді .
Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин ( 354-430 ) еді . Ол христиан фəлсафасының негізгі қағи даларын зерттеп , жетілдірді . Оның саяси көзқарастары “ Құдай қаласы туралы " деген еңбегінде баяндалған .
Августин барлық əлеуметтік , мемлекеттік жəне құқықтық мекемелер мен зандарды адамның күнəсінің нəтижесі деп сана ды . Оның ойынша , құдай адамға еріктің еркіндігін береді , яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүру ге мүмкіндігі бар . Соған орай ол адамдарды құдай жолымен жəне адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді . Бұл топтарды рəміз ретінде екi қала деп атайды . Біріншісін , болашақта құдай мен мəңгілік патшалық құратын , екіншісін , жын - шайтандармен бірге мəңгілік жапа шегіп , сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді
Христиан дінінің саяси теориясын жасап , шыңына жеткізген монах Фома Аквинский ( 1225—1274 ) болды . Оның саяси көзқарастары “ Билеушілердің басқаруы туралы ” , “ Теологияның жиынтығы ” деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқараста рын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді . Атап айтқан да , ол Аристотельдің адам қоғамдық жəне саяси тірі жəндік де ген пікірін пайдаланды . Жалғыз адам өз мұқтаждығын , қажеттілігін жеке - дара қанағаттандыра алмайды . Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне əуел бастан жазылған деп түсіндірді . Мемлекеттік биліктің мақсаты – “ ортақ игілікке ” жету , адамдарға лайықты , ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау . Ол үшін феодалдық - сословиелік жіктелудің сақталуы шарт . Жоғарғы сословиеrе бəрі бағынуы тиіс . Фоманың ойынша , билік құдайдың құдіретімен орнайды . Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы ке рек , оның түсіндіруінше , аспанда құдай , жерде Рим папасы билеуі тиіс . Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды . Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді . Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға , оның өкіліне жəне билік иесіне бағынуы тиіс .
Қайта өрлеу дəуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси Ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли ( 1469—1527 ) болды . Оның атақты шығармалары “ Патша ” , “ Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар ” , “ Флоренцияның тарихы ” .
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды . Шындықтың белгісі сенім емес , тəжірибе деп білді . Ол мемлекет деген атау ды ғылымға , əдебиетке бірінші боп кіргізді . Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым - қатынасы деп ұқты . Ол республикалық мемлекетті , еркіндікті , теңдікті қалады . Мемлекет ерікті болса ғана қуатты , абыройлы бола алады . Патша рақымсыз , сараң , опасыз , қаһар болмай , қайырымды , адал , қамқоршыл , мырза болуға тырысуы керек . Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде , Макиавелли əділдік пен адамгершілік емес , алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады . Ол мақсатқа жету үшін амал , айла ның қай түрін болса - да қолдануға кеңес берді . Мемлекеттің басын қосып , жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады . Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір - ақ рет қолданылуы керек . Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай , “ мақсат əдіс , тəсілді ақтайды ” деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті . Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп , өздерінің қара ниет терін ақтағылары келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет