1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу халықаралық-құқықтық қағидасы



бет12/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
ГОС

16. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу халықаралық-құқықтық қағидасы.
Г.И. Тункин шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидаларының арақатынасын қозғай отырып, бұл екi қағида бiр медальдың екi жағы сияқты деп атап өттi. Егер мемлекет өзiнiң басқа бiр мемлекеттермен қатынасында күш қолдануға тыйым салатын болса, тиiсiнше мұндай мемлекеттермен туындаған дауларды да бейбiт жолмен ғана шешуi тиiс. Сонда дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы, осы дауларды реттеу үшін күш қолданбау керек дегендi бiлдiредi.
Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретiнде алғаш рет соғыстан бас тарту туралы 1928 жылғы Париж шартында бекiтiлген едi. 1928 жылғы Париж шартынан кейiн туындаған дауларды бейбiт жолмен шешу басқа да бiрқатар мемлекетаралық келiсiмдерде, сондай-ақ Ұлттар Лигасының резолюцияларында да халықаралық құқықтың қағидасы ретiнде танылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн осы қағида БҰҰ Жарғысында, атап айтқанда 2 баптың 2 бөлігінде бекiтiлдi: “БҰҰ-ның барлық мүшелерi халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке және ақиқатқа қауiп төндiрмеу үшін, өз дауларын бейбiт құралдар арқылы шешедi”.
Дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасын дұрыс түсiну үшін “халықаралық дау” түсiнiгiн айқындаудың маңызы зор. Халықаралық дау деп қандай да бiр мемлекеттердiң арақатынастарында реттелмеген мәселелердiң, алауыздықтың болуы, халықаралық өмірдегi түрлі проблемалар бойынша келiсе алмаушылық, сондай-ақ халықаралық шарттар, келiсiмдер және өзге де актiлердi талдау негiзiндегi қайшылықтардың болуын айтамыз.
БҰҰ Жарғысында даулар халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қауiп төндiретiн даулар және қауiп төндiрмейтiн даулар деп екiге бұлiнген.
Дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы дауды бейбiт жолмен шешудiң белгiлi бiр іс-жосығын алдын-ала бекiтпейдi. Дауларды бейбiт жолмен реттеу құралдарының көлемдi тiзiмi БҰҰ Жарғысының 6-тарауында мазмұндалған. БҰҰ Жарғысының 33 бабының 1 бөлігіне сәйкес: “Кез келген дауға қатысушы тараптар, егер дау халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қатер төндiретiн болса, онда дауды ең бiрiншiден келiссөздер, зерттеулер жүргiзу арқылы, жарастырушылық, татуласу, төрелік, сот талқылауы, аймақтық органдарға және келiсiмдерге жүгiну арқылы немесе өз таңдаулары бойынша басқа да бейбiт құралдар арқылы шешуге тырысулары қажет”. Мұнан басқа БҰҰ Жарғысында даулы мәселелердi Бас Ассамблея мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешу мүмкіндiгi көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет