1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы



бет20/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ГОС

25. Шарттарды жасасу сатылары.
Халықаралық шартты жасасудың келесі сатылары бар: 1) шарт мәтінін дайындау және аутентикалығын анықтау; 2) шарт мәтінін қабылдау; 3) шарттың міндеттілігіне келісім беру. Әрбір сатыны толық түрде ашу қажет.
5,3 72 БЕТ КУЛЖАБАЕВА
26. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.
5,4 83 БЕТ КУЛЖАБАЕВА
27. Сыртқы қатынас құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде.
Сыртқы саясат және дипломатия. “Дипломатия” термині мемлекеттердің сыртқы қатынастар органдары қызметінің ерекше нысанының белгісі ретінде Батыс Еуропада XVIII ғ. соңынан бастап белсенді түрде қолданыла бастады.
“Дипломат”, “дипломатия” терминдері грек- латынның “дипломат” сөзінен шықты. Солай көне елшілер үшін (қуғыншыны, қонақтарды, және басқаларды) олардың өкілеттіктерін бекіткен, сенім грамотасының қызметін атқарған, қосарланған металл тақтайды атайтын.
“Дипломатия” мен “сыртқы саясат” ұғымдарын ажырата білген жөн.
Сыртқы саясат – ол мемлекеттің халықаралық істердегі жалпы бағыты. Ол мемлекеттің мақсаты мен міндеттерін, халықаралық қатынастағы оның қызмет бағытын, сонымен қатар, осы қызметтің нысандары мен тәсілдерін анықтайды.
“Дипломатия” “сыртқы саясатқа” қарағанда ұғымы тарлау, өйткені ол соңғыны жүргізудің бір тәсілі болып табылады.
“Дипломатия” сөзінің біренше мағынасы бар. Біріншіден, бұл “шешілетін мәселенің сипаты мен нақты жағдайлары ескерілетін, әскери емес, тәжірибелік іс-шаралар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығын білдіретін мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыратын құралы”; екіншіден, бұл “мемлекеттің сыртқы саясатының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда мемлекеттің, оның мекемелерінің және шетелдегі азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауда мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министірінің, сыртқы істер ведомстваларының, шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің, делегация басшыларының халықаралық конференциядағыресми қызметі”.
Мемлекеттің сыртқы қарым-қатынас орнату органдары. Дипломатия бір мемлекеттің басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сыртқы байланыстарын бекітетін, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттің құқықтарын танытатын, халықаралық қатынаста оның мүдделерін және оның азаматтары мен заңды тұлғаларының мүдделерін қорғайтын сыртқы қатынас органдарының ресми қызметі арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы қатынас орнату органдарын былайша бөлуге болады:
а) мемлекеттің ішкі органдары;
ә) мемлекеттің сыртқы органдары;
ҚР 1997 ж. 12 қарашадағы “Дипломатиялық қызмет туралы” Заңымен мынадай дәрежелер бекітілген: Төтенше және Өкілетті елші; I және II сыныптың Төтенше және Өкілетті уәкілі; I және II сыныптың кеңсшісі; I және II сыныптың бірінші хатшысы; I және II сыныптың екінші хатшысы; үшінші хатшы; атташе.
ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісінің және I және II сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкілдің жоғары дипломатиялық дәрежелерін Президент береді; қалған дипломатиялық дәрежелерді – Сыртқы істер министрі береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет