1. Халықаралық жария құқық Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері. Халықаралық құқықтың кодификациясы және прогрессивті дамуы


Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы



бет11/23
Дата04.10.2022
өлшемі73,83 Kb.
#151643
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
ГОС

13. Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.
Халықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиiс – pacta sunt servanda - деген қағида бар. Ол кейiн БҰҰ Жарғысының Кiрiспесінде көрiнiс тапты. Онда БҰҰ мүшелерiнiң “халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерiнен туындайтын мiндеттемелердiң әдiлдiгi мен құрметтелуiнiң сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға” бел байлағандары атап көрсетiлген. БҰҰ Жарғысының 2 бабының 2 бөлігіне сәйкес, барлық мүше - мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық мiндеттемелердi адал орындауға мiндеттi. Мемлекеттер өздерiнiң iшкi құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзiмi және орындалу жерi бойынша өздерінің мiндеттемелерiн адал орындаулары тиiс.
Кейiнгi жылдарда мемлекеттер арасында жасалып жатқан шарттар мен келiсiмдер адамзатты жаңа дүниежүзiлiк соғыс қаупiнен арашалауға бағытталған. Олар мемлекеттер арасындағы түрлі ынтымақтастық жүйесiн қалыптастыруды мақсат тұтады. Сондықтан да шарттық ережелердң орындалуы халықаралық бiрлестiктегi бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық келiсiмдерге қол қойылуының кепiлi бола алады.
14. Адам құқығын құрметтеу халықаралық-құқықтық қағидасы.
Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттер тек азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздерiне мiндет етiп жүктейдi. Сөйтiп, тәуелсiздiкке тән дербес теңдiк және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бiр-бiрiнiң өздерiнiң саяси әлеуметтiк, экономикалық және мәдени жүйелерiн еркiн таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге мiндеттенедi.
Қазiргi заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын апартеида, геноцид, нәсiлшiлдiк сипаттарында дөрекi және жаппай бұзу әлi де орын алып келедi.
15. Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы.
Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы. Бұл қағида орталықтандырылған абсолюттi монархияның орнаған кезеңiнде, 15-16 жүзжылдықтарда пайда болды. Хельсинки құжаты осы қағиданы бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк және ынтымақтастықтың маңызды шарт-жағдайы деп таниды. Бұл байланыс алғаш рет бейбiтшiлiк туралы тарихи Декретте және Қазан социалистiк революциясының өзге де маңызды актiлерiнде көрiнiс тапқан болатын. Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасының тұжырымдамасында халықтардың өздерiнiң саяси мәртебесiн айқындауы туралы былай делiнген:
* басқару нысанын еркiн таңдау;
* өздерiнiң мемлекеттiк құрылымын айқындау;
* өзiнiң саяси, әлеуметтiк және мәдени дамуын өз қалауынша жүзеге асыру;
* мемлекеттiң аумақтық тұтастығын қорғау.
Осындай құқықтардың жүзеге асуы халықаралық құқықтың қорғауында болады. Халықтардың өздерiнiң iшкi саяси мәртебесiн еркiн айқындауларына кедергi келтiру мақсатында мемлекеттердiң iшкi iстерiне қол сұғу басқыншы - мемлекеттерге тән сипат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет