1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары



бет1/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция
прак ККА, адеби урдис, Емтихан, Өздік

1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары.
1-дәріс. Кіріспе. ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет.
1. ХІХ ғасырдағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жүйеге жалпы сипаттама.
2. ХІХ ғасырдағы ақын-жазушылар туралы шолу түріндегі мәлімет.
ХІХ ғасыр ҽдебиеті қазақ әдебиеті тарихының ең бір жарқын беттерін құрайтындығы осы ғасыр ішінде өлмес туындыларын мұраға қалдырған әдеби қайраткерлер есімімен тығыз байланыстылықта. Хандық дәуір әдебиеті кезіндегі ақын-жыраулардың негізгі міндеттері елді сыртқы жаулардан қорғау, ұлттық мүдде аясында топтасу болса, келер ғасыр өз міндеттерін өзгеше үлгіде ұсынды.
ХІХ ғасырда қазақ халқы Ресей бодандығын қабылдаған, «бөліп ал да билей бер» саясатының бұғауындағы, тәуелсіздігінен айырылған, бодан ел болды. Россиядан біртіндеп енген капитализм элементтері де қазақ даласын бірден баурап кете алмады.
Түрлі әскери бекіністер, кішігірім қалалар, өндіріс орындары, ішкі Ресейден жер аударылып келген қара шекпенділер, патша өкіметінің ауыр алымсалықтары, жергілікті билеушілердің елді қосыла қанауы, қазақтардың шұрайлы қоныстардан қуылуы т.б. барлығы жинала келе халық наразылығын тудырды. Бұл наразылық бірде көтеріліс түрінде, бірде ащы сын-сықақ түрінде, жер ауу сипатында көрініс беріп отырды.
Кеңес дәуірінде де қызыл империяның негізгі саясаты өз қарамағындағы елдердің мәдениетін, әдебиетін жоққа шығару болғандықтан, саясат салдарынан кей көрнекті ақындарымыздың туындылары оқулықтарға енгізілмеді. Мәселен, зар заман ақындары патша өкіметінің озбырлық саясатын айыптаушы болған-дықтан, керітартпа ретінде бұрмаланып айтылды.
Бұқарашыл, феодалшыл ақындар тапқа жіктеліп, шығармалар
кҿркемдік ерекшеліктеріне қарай емес, идеялық бағытына қарай ХІХ ғасыр ҽдебиетшілері бірнеше топқа жіктеледі. Бұл кезде айтыс ақындарының дҽстүрлі ақындық мектебімен қатар жазба поэзия мектебі қалыптаса бастаған болатын. Махамбет, Мұрат, Шернияз, Мҽделі сияқты ақындар бостандық жолындағы күресті жырлау арқылы елдің патриоттық сезімдерін оятса, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Ҽбубҽкір сияқты таланттар патшалық Россияның бодандығындағы қараңғы халықтың аса ауыр күйін жырлап, қиындықтан
шығар жол іздестірді. Сал-серілер тобы болса, қазақ музыка тарихын жаңа әуендермен толықтырып, халықтың эстетикалық идеалдарын ұштады, Шоқан, Абай, Ыбырай бастаған ағартушы-демократтар халықты бостандыққа, теңдікке жеткізер жалғыз жол – оқу-ағартудеп біліп, өздерінің іс-әрекеттерімен, шығармаларымен халыққа жол сілтеді. Елі үшін еңбектенетін жастарды тәрбиелеуге күш салды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейге толық қосылып болған соң, отаршылар жаңа реформалық заңдар арқылы қазақ тұрмысына үлкен өзгерістер енгізді.
1867-69 жылдардағы «Ереженің» мақсаты бұратана елдің басқару жүйесін бірыңғайлау, жергілікті билеушілерді биліктен шеттету, рулық қоғамдық қатынастарды шектеу еді. Әкімшілік, сот, дін, жер мәселесі туралы шығарылған заңдар саяси, экономикалық жақтан да елеулі болды.
Жер патша үкіметі меншігіне көшіп, жаңа қоныстанушылардың келуі, христиан дінінің уағыздала бастауы халықты толқытып, көрген қысымдарына шыдамаған жұрт ел ауа бастады. Бұл оқиғалар Сүгір Мырзаұлы /1842-1903/, Қобыланды Есейұлы шығармаларында жырланды. Ол ел ауғанда азып-тозып, елге жаяу оралып, жоқшылықтан өлген ақынның бірі. «Ер Сырым», «Елін сағынып айтқаны» деген екі өлеңі «Ақ беренде» /1972/ берілген. Халық мұңы ел мұңына айналған кезде Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір шығармаларында зар заман шындығы молынан берілді, ел ішінде хисса жанры дамыды.
ХІХ ғасырдағы қазақ оқығандары орыстың реалистік ҽдебиетінен де нҽр алды, патшалық әкімшіліктен қысым көріп, жер ауғандар орыс әдебиетінің озық үлгілерін таратуға мұрындық болды. Орыс миссионерлерімен қатар гуманистері де қазақ мәдениетін зерттеуге өзіндік үлестерін қосты /Г.Потанин, Е.П.Михаэлис, П.П.Семенов- Тянь-Шанский, В.Даль т.б./. Қазақ оқығандары халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен қатар қазақ балалары үшін оқу құралдарын жазды. Қазақ ақындарының кітаптары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург қалаларынан басылып шыға бастады. Кітап
шығару мен баспасөз мәселесінде ілгерілеулер болды. Қазақ даласына патшалық әкімшіліктің заң-шараларын таратумен қатар «Түркістан уалаяты газеті» мен «Дала уалаяты газеттерінде» мәдени-ағарту шараларына қатысты материалдар жарияланды.
Татар, башқұрт, қазақ еліне ортақ ақын-жазушылар пайда боды. Ақмолла
Мұхамедияров/1831-1895/, Әкірам Ғалимов/1891-1913/, Сайфи Құдаш т.б. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ендігі бір оқшау топ- әнші-ақындар, композиторлар. Біржан, Ақан, Сара, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Әсет, Мұхит, Майра, Мәди т.б. Бұлардың кейбірі айтысқа да қатысқан.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың реалистік ҽдебиетінің негізі салынды. Ш.Уәлиханов публицист-ғалым ретінде өз шығармаларын орыс тілінде жазды. Аударма өнері дами бастады. М.Бекимовтің «Капитан қызы» аудармасы. Абай, Шоқан, Ыбырай шығармашылықтары арқылы жазба қазақ әдебиетінің іргесі қаланды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет