1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары


ІІІ Модуль. ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. 10 сағат



бет7/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция
прак ККА, адеби урдис, Емтихан, Өздік
ІІІ Модуль. ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет. 10 сағат.
11-дәріс. Шоқан Уәлиханов шығармашылығы.


1. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірбаяны мен қалыптасу
жылдары.
2. Шоқан – саяхатшы, зерттеуші ғалым.
3. Шоқан – қазақ әдебиеті тарихына қатысты зерттеу мақалалар жазған
алғашқы қазақ ғалымы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – заманының жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы. Ол – қазақтың тарихын, этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан – қазақ пен қырғыздың әдебиет теориясы мен фольклоры туралы алғаш реет ғылыми пікір айтып, зерттеу еңбектер жазған әдебиетші ғалымы. Шоқан кадет корпусына он жасында оқуға түсіп, өте жақсы үлгеріммен бітіріп шығады. Ең жетік оқушылырдың бірі болып бітірген Шоқан туралы Григорий Потанин озінің естелігінде: «Шоқанның санасы тез өсіп, өз қатарластарынан өте озық болған еді. Ерекше қабілетті және басқа да ерекшеліктері мол адам болатын», – дейді.
Шоқанды кадет корпусьн бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-губорнатор өзіне жәрдемші етіп алады. Өзге ұлттан шығуына байланысты ол соңғы жылдың оқуын жалғастыруына рұқсат ала алмайды. Ол туралы және оның талапты адам екені туралы қала чиновниктері мен интеллигенция арасында талай әңгімелер тарайды. Ал генерал губернаторға жәрдемші болып, ұлықтар кеңесіне араласуы Шоқанды талай адаммен кездестіріп, әкімшілік ортаның ішкі сыр-сипатын әбден тануға көмектесті. Әр түрлі жоғарыдан келіп жататын бұйрықтар, кұпия хаттар Шоқанның да қолына түседі, бұл отаршыл үкіметтің жүргізіп отырған саясатын жан-жақты түсіну үшін Шоқанға пайдалы еді.
1857 жылы Шоқанды қырғыз еліне Әртүрлі материал жинауға жібереді. Ал, 1858 жылы Қашқарға жөнелтілген экспедициямен бірге көп тапсырмалар беріп, оны Қашқарияға жөнелтеді. Ол 1858 жылдьң 27 сентябрінде Кашқарияға барып, 1859 жылдың 11 мартына дейін сонда болады. Ол жердің жаратылысы, этнографиясы, тарихы, экономикалық және саяси түрмыстары жөнінде көп материалдар жинап, өзіне тапсырылған міндеттерді толық орындап қайтады. Сол 5—6 айдың ішінде ұйғыр тілін үйренеді, шығыс тарихы жайында сирек кездесетін кітаптарды қолға түсіріп алады. Қысқасы, аз уақыттың ішінде көптеген ғылми-зерттеу жұмысын жүргізеді. Осы Қашқария сапары туралы жазған еңбектері Шоқан есімін шет елге де таратты.
Денсаулығына байланысты Шоқан ауылда біраз уақыт болады. Ауруынан біраз сауыға келе 1863 жылдары Омскіге келіп әскери қызметке қайта орналасады. Сол жылы генерал-губернатор тарапынан жасальп жатқан Сібір өлкесіндегі қазақ елі үшін сот реформасын даярлауга кіріседі, реформаға Шоқан өз жобасын ұсънады. Осылай Омбыда ол қоғамдық іске қызу араласып, бір жыл бойы жұмыс жасайды. 1864 жылы жаз әскери қызмет бабымен Шоқан Жетісу өлкесіне жүріп кетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қырғыз өлкелеріне жіберілген отрядпен бірге Шоқан Верныйға келеді. Осылайша қызу жұмыс үстінде жүріп, Шоқан 1865 жылы қайта науқастанып, біржола төсек тартып жатып қалады. Асқынған көкірек ауруы күзгі салқынға ұшырап, Шоқанның бойын тез билеп алады. Осы аурудың кесірінен Шоқан 30 жасында, тым жас кезінде дүние салды. Оның сүйегі Қапал жақтағы жол бойындағы Қоянкөз бекетіне жақын Көшентоған
деген жерде, қазіргі Алтынемел станциясы маңына жерленген. Орыс достары оның басына мәрмәрдан ескерткіш құльптас қойған. 1959 жылы Шоқан қабірінің үстіне үкіметіміз сәулетті мүсін – ескерткіш орнатты.
Қазақ елін дін шырмауынан алып шығып, мәдениетке жететін жаңа жолды меңзеді. «Европа мәдениетіне орыстың Византия арқылы жетуі сияқты, біздің қазаққа да татар дәуірін бастан кешіру ісі туып тұр. Қазақ халқының тоттанбаған таза ойына татар оқуынан пайда аз, өркендеуін бөгеуден басқа не күтеді? Татар дәуірінен біздің де аттап өтуіміз керек, бұл жолда өкімет бізге жәрдемдесуге тиіс. Бұл – суға кетіп бара жатқан адамды құтқару сияқты жәрдем. Ол үшін татар молдаларын қолдауды өкімет қоюы керек те, татар мектептерінің орнына орыс-қазақ мектептерін ашу керек», – деп, ол елін мәдениетке жеткізу жолында программалық пікірлер үсынды.
Шоқан –патшалық Россияның екі түрлі сипатын да көре білген ойшыл. Оның пікірлестері көрнекті қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар еді: Н.А. Некрасов, С.Т. Аскаков, С.Ф. Дуров, Ф.М. Достоевский, Л.Н. Майков, т.б. озық ойлы ғалым-профессорлар: А.Н. Пыпин, А. Н. Бекетов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский, Д.И. Менделеев, т.б. басқа революционер демократтар: Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбовтар болатын.. Н.Г.Чернышевский әсерінен болса керек, Шоқанның көзқарасы да тез өзгереді. Жалпы қазақ деп сөйлеу орнына Шоқан қара халықты, көпшілік журтшылықты ажырата атап, еңбекші жағына мойын бұрады. «Математика көзімен қарағандада, – дейді Шоқан, – оннан жүз сенімдірек те, пайдалырақ та». Сондай-ақ достарына жазған хаттарында Шоқан жергілікті сұлтандар мен байларға наразы екенін айта келіп, «ал даланың пролетариатымен доспын, олармен тез ұғысам», – деп өзінің еңбекші ел жоғын жоқтап жүргенін жасырмайды. Сот реформасы туралы еңбектерінде де Шоқан қазақ қоғамында бірімен-бірі келіспес жау, өзара қайшылықтары күшті екі топ бар екенін ашық айтады. Сөз болып отырған сот реформасы туралы үсыныс-пікірлерінде Шоқан терең ойтүжырымдарын жасап, өзінің дүниетану қабілетін сездіреді. Ол реформаның заман тілегіне сай халықтың мұң-мұқтажына тікелей қатысты болуы керек, – деп біледі.
Экономика мен саясат бірімен - бірі байланысты нәрсе деп ұққан Шоқан саяси реформа экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудың қүралы есебінде жүргізілсін деген талаптар қояды. «Адам баласы өзінің өрлеу жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат – өзінің тұрмысын жаксарту. Прогресс дегеніміздің өзі – осы болмақ. Біз осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, адамның тұрмысьн жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана
қажет демекпіз». – дейді ол.
Шоқанның көпке мәлім еңбектері ішінде мәдениетімізге тікелей қатысы бар ең көлемділерінен мыналарды атап көрсеткен орынды: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Елдегі мүсылманшылдық туралы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», Қазақ шежірелері», «Жамиғ-ат-тауарих-тан», «Алты шаһардың хал-жайы», «Сібір тарихынан хаттар», «Көкетай ханның асы», «Сібірге қарайтын қазақтардың сот құрылысын өзгерту туралы», «Құлжа күнделіктері» және басқалар.
Шоқанның достары Г. Н. Потанин және басқалар 1903 жылы шығармаларының қолға түскен бөлігін Н. И. Веселовский редакциясымен бір -ақ рет бастырады. Оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде басылып шықты. 1958 жылы Шоқанның бір томдық көлемді таңдамалы шығармалар жинағын Қазақ ССР ғылым академиясының тарих институты даярлап, Ә. Марғүланның басшылығымен жарық көрді. Шоқанның көп томдық жинағы үлкен бес кітап болып шықты. «Жазушы» баспасы 1978 жылы бір томдығын қазақ, тілінде шығарды. Бүлар Шоқантанудың қазіргі жоғары сатысын айқындар зор табыс болып отыр.
«Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», «Бұхардың Абылайды жоқтауы», «Абылай туралы жырлар», «XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи әңгімелер» деген көлемді еңбектердің қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысты зерттеулер екендігі мәлім.
Ал, Шоқанның «Қазақ халық поэзиясының түрі туралы» атты еңбегі — поэзиямыздың теориясы туралы тұңғыш зерттеу. «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» сияқты зерттеулердің көп беттері қазақ әдебиеті мәселелерін егжей-тегжейлі сөз етеді. Қазақты, оның әдебиеті мен мәдениетін орыс пен Европа жұртшылығына таныстыруды Шоқан өз еңбектерінің өзекті бір мақсаты деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет