1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары


-дәріс. Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы



бет6/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция
прак ККА, адеби урдис, Емтихан, Өздік
10-дәріс. Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы.

  1. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы.

  2. Біржан салдың әндері.

  3. Айтыстары.

Біржан сал Қожағұлұлы 1831 жылы Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласынан бір жарым шақырым жердегі Қожағұл бұлағында Тұрлыбайдың отбасында дүниеге келген. Атасы Қожағұл би – Біржанның өнерпаз болуына әсер еткен бедеді, өнерсүйгіш, дәулетті жан. Біржанның өзге Ержан, Нұржан атты бауырлары шаруа қуса, әнші жігіт атанған Біржан аты елге тез жайылады. Көкірегі ояу, көзі ашық Біржан заман өзгерістеріне өз үнін қосып отырған, Тәттімбет сияқты ол да Шоқанмен кездесіп, Шыңғыс аулында жиі болған. Қызылжар, Омбы, Семей, Көкшетау сияқты қалаларда жиі болып, өнерімен жұрт мерейін өсіріп отырған.
Біржан- әрі шешен, төкпе ақын, айтыс шебері, композитор, ұлт аспаптарында да шебер ойнаған жан-жақты талант иесі. Ол Абай аулында да жиі болып, Ақынның «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» өлеңіне ән шығарған. Біржан әдебиетімізде лирик ақын, айтыс шебері ретінде ерекше бағаланады.
«Сырғақты» өлеңінде өмірдің мәнін түсінуге шақырса, «Жастарға» өлеңінде дүние кезіп, тәуекелмен іс істеуге ниет қыл дейді, «Жақсы мен жаманда» талапты да өнерлі жасты үлгі етеді. Біржан өлеңдерінің тақырыбы—сұлулық, адалдық, достық, ғашықтық, талаптылық, өнер қасиетін ұғыну. Біржан мен Ақан қазақ музыкасының жаңа дәуірін бастаған ақын-композиторлар болғандықтан, бұлар жайлы жазылған біраз материалдар бар.
А.Жұбанов өз еңбегінде оның «Жаймашуақ», «Айтпай», «Ләйлім шырақ», «Бурылтай», «Тентек» сияқты әндерінің шығу тарихына, дыбыс қуатына талдау жасаған. Біржанның Орынбай, Шөже, Бабақпен сөз қағысулары бар. Біржанның айтыскерлік талантын шығарған оқиға 1871 жылғы Сарамен айтысы. Айтыс қайда, қандай жағдайда өтіп еді, ақындар сөздерінен үзінді кімдер келтіре алады, осы айтыстың ізімен жазылған қандай шығарма бар, Сара өмірде болған ба, айтыстың ел арасына тарау жолдары қандай?- деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Қазақ әдебиеті тарихының екінші томында Біржан туралы Ғ. Өбетовтың мақаласы берілген. Біржан шығармалары 1967 жылы жарияланды, Біржан – Сара айтысы негізінде М.Төлебаев опера жазды, оның либреттосын Х.Жұмалиев жазған. Біржан мұрасы туралы қазақ радиосының алтын қорынан жиі беріледі, Кімдер орындайды? /Қайрат Байбосынов, Р.Стамғазиев, М.Әлиасқаров, Б.Тілеуханов, Р.Елебеков т.б. Байболов Есім деген кісі 1928 жылы Теміртаспен сөйлесіп, көп деректер алады. Бұрында оның өндерін айтулы әншілер орындауға тырысқан, кең дауыс болмаса, әнді беру қиынға түскен., Әміре Қашаубаев, Ж.Елебеков, Мәжит Шалқаров, Қали Байжанов қатарлы әншілер жеріне жеткізе орындаған.
Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы «Раймалы аға жыры» аңызына желі етіліп осы Біржан өмірінің ақырғы жылдары алынған деген деректі Жанғара Дәдебаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті»/307-бет, 2002/ кітабынан кездестіреміз. Қартая бастағанда Біржанға туыстары үйден шығуға тыйым салады, сонда да ол ауыл сыртына шығып, ауық-ауық ән салады екен. Неге деп ойлайсыздар? Өз даусының қуатын байқау үшін. Мұны түсінбеген туыстары оны жынданды деп, ұрып-соғып байлап тастайды екен. Осы жайлы, сол байлаулы қолын арқан қиып, ісініп, іріңдеп, ақыры сол дерттен қайтыс болғаны жайлы А.Жұбанов «Замана бұлбұлдары» кітабында келтірген. Біржан 1897 жылдары қайтыс болған. Біржанның «Жаймашуақ», «Айтпай», «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Адасқақ», «Жанбота», «Жамбассипар», «Теміртас» өндерінің тексі айтылып, талданады. Студенттердің орындауында олар білетін Біржан өндерінен үзінділер келтіріледі. «Көкек» әні, «Ләйлім шырақ»/. Біржан өлеңдерінің көбі сапар барысында туып отырған.
«Жанбота» - өлеңі сол жерде болған оқиғаны табан астында сулу сөзбен сыртқа шығарған ақын жүрегінің ұшқырлығын көрсететін туынды.
Өз өлеңдерінде «Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын» деп білген ақын озбыр билік иелерін сынап отырған.
«Қара су есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды». – деп, кейде теңсіздік жазмыштан туындайды
деген ой айтады.
Біржанның сүйген жары Әпіш – талантқа сүйеу бола білген адал жар, абзал ана. Біржан сөздерінің көркемдік кестесіне бірер мысал:
«Ақ иық, мұз балақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын, алқымы іспес.
Жел қобыз, жез тағалы еңіреумін,
Қара тер шықққан сайын кетем ағып...

Рүстем - дастандаймын дәл өнерге,


Меңгеріп кісі билеп алмайтұғын...,

Өлеңім ағын судың басындай-ды,


Найзағай, аспандағы жасындай-ды.
Аққудай аспандағы жүз құбылтып,
Сал Біржан ән салуға мүдірмейді....

Кім сүймес көкке өрлеген әсем әнді,


Көңілдің күйін шеркен көркем сәнді.
Болғандай бойға қуат, ойға азық,
Балқытып еріткендей тербеп жанды...
«Біржан-Сара айтысының» қазан төнкерісіне дейін Қазан баспасынан шыққан екі нұсқасы бар. Бірінші нұсқасын баспаға Шайхұлисламов Жүсіпбек қожа ұсынғандықтан, ол Жүсіпбек қожа нұсқасы делініп жүр. Ал екінші нұсқаны авторы және баспаға ұсынушысы беймәлім болғандықтан, ол шартты түрде Зайан нұсқасы деп алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет