1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары


-дәріс. «Зар заман» әдебиеті. Дулат Бабатайұлы мұрасы



бет2/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция
прак ККА, адеби урдис, Емтихан, Өздік
2-дәріс. «Зар заман» әдебиеті. Дулат Бабатайұлы мұрасы.
1. Дулат Бабатайұлы өмірбаяны туралы мәлімет
2. Дулат Бабатайұлының шығармашылығы
3. Мысал өлеңдері
4. «Еспембет» дастаны
5. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі.
«Сары уайымшыл», «зар заман» деп аталынған, тарих сахнасынан өзіндік орнын көп уақытқа дейін толық ала алмаған Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір сияқты ХІХ ғасырдың белгілі ақындары бүгінгі тәуелсіз еліміздегі бетбұрыстарға сай қазірде жаңаша оқытылып, әдеби мұралары жұртшылық назарына ұсынылуда. Белгілі ғалымдар Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаевтар бұл адамдардың мұрасы туралы сөз қозғағаны үшін көп теперіш көрсе де, мысқалдап болса да айтып отырды, әр жылдары С.Мұқанов, Ы.Дүйсенбаев, Қ.Өмірҽлиев, Т.Кәкішев, М.Мағауиндер зерттеуге түрлі дәрежеде атсалысып отырды.
Түбі бір түркі әдебиетіне жататын қырғыз әдебиетінде де зар заман әдебиеті бар. Молда Қылыш /1866-1917/, «Зилзала» еңбегі дидактикалық поэма болса, 1911 жылы басылған Жетісудағы жер сілкіну апатын мистикалық, діншілдік сарында жырлаған. Қалығұл Байұлының /1785-1855/ «Ақырзаман» шығармасында «Аяқ бас болар, бас тас болар» деген сияқты жыр жолдары мол. Арыстанбек Бұйлашұлынікі де осындай //»Тар заман» толғауы, «екі ноғайдың қоштасқаны»/. Бұларға ортақ белгілер: қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын ала ескертуі, зардаптарын көрсетуі; Ел берекесін алған отаршылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін
жасауы; олармен қоса елді бірігіп тонаған ел билеушілерін сынауы, ел бірлігі жоқтығына күйінуі; Зар заманның шындық оқиғаларын келер ұрпаққа аманат етіп қалдырулары.
...Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан – деп өз өнерінің бағасын дәл бағалай білген, туған елінің тарихындағы қайталанбас тұлға – Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Ескіше сауатты ақын өз өлеңдерін кейін қолжазба кітап етіп жазып жүрген.Оның сауатты болды дегенді растайтын мынадай өз сөзі бар: «Құран кітаптарды оқыдым, молдаға жүгіндім». Кей өлеңдерінің стилінен ескі әдебиет ізі байқалады. Дулат мұрасы бізге оның сол кезеңде шығарылған «Өсиетнама»
жинағы арқылы және оның көзін көріп, өлеңдерін жинап, жеткізген Шыңғыстау ақындары Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлының қолжазбалары арқылы жетті.
ҚРҰҒА-ның қолжазба қорында Дулат өлеңдерінің қолжазбалары бар. Дулат кезінде бүкіл қазақ даласына танымал болған, өзі Шығыс, Оңтүстік Қазақстан және Арқаны түгел аралаған. Алғаш жай әзіл-оспақ шығарып жүрсе, бірте-бірте ұшталып, жергілікті тақырыптардан гөрі ауқымы үлкен, саяси, әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға
ауысады. «Өсиетнама» жинағына ақынның біраз толғаулары мен өсиет өлеңдері енген. Көлемі 800 жодай болатын бұл кітап оның шығармаларының дұрыс жеткізілуінің дәнекеріндей.
Ақын шығармашылығын зерттеуі жинақтау ісі 1930 жылдардан кейін қолға алынды. С.Мұқанов пен Қ.Бекхожин бастырған 1939 жылғы сегізінші класс хрестоматиясында және 1940-1941 жылғы Қ.Жұмалиев жазған мектеп оқулығына енген. Ал ғалым Х.Сүйіншҽлиев осы тақырыпта 1959 жылдан бастап зерттеулер жургізіп келеді. Біраз уақыт ескі саяси жүйеге қатысты зерттеушілер Дулатты кертарпа, ескішіл ақын десіп келді, қазірде бұл көзқарастар түбірімен өзгерген. Дулат өлеңдерінің стильдік ерекшелігі
жайлы, оның қазақ жазба әдебиетіне шоғырлы өлең құрылымын әкелген жаңашыл ақын болғандығы жайлы айтылған зерттеуші ғалымымыз Рабиға Сыздықованың пікірлері ерекше. Дулат өлеңдерінің саны қомақты әрі жанрлық ерекшелігі де бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да түрліше.
Дулат өз елінің патша өкіметіне тәуелділікте болғанына наразы ақын болғандықтан, өлеңдерінде азаттықты аңсау, сол азаттыққа жеткізетін ерлерді іздеу сарыны бар. Бұрынғы кездегі аруақты батырлар өз елін өзге елдің қысымынан қорғай алушы еді, қазір заман басқаша, хан, би, әкім біткен әділеттен айныды, заман азып, ел тозды, енді бұл дүниені өзгертпесе, қазақтың бағы ашылмайды деген қорытынды жасайды. «Бірінші сөз» деген өлеңінде туған өлкесінің сұлулығын суреттеп, өзін соны қорыған қызғыш құска теңейді, яғни өзінің өмірлік мақсаты ел қамы екендігін көрсетеді.
Жоның жайлау кең алаң,
Сен десе, салам байбалам.
Атам қонған кең далам.
Жайлауыңды көргенде,
Мендей сені қызғанар,
Жадыраймын,жайланам.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам.
Бауырыңда өскен қай балаң?!
Көл қорыған қызғыштай,
Осындағы соңғы тармақтағы ой көне руна жазбаларындағы, Күлтегін ескерткішіндегі «күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым» деген оймен өзектес, яғни жұрт жанашырларының ой-армандары қай дәуірде де сабақтас. Ақын «Бесінші сөз» немесе «Ата қоныс Арқада» деген өлеңінде қазақ халқының жоңғар-ларға қарсы ерлік күрес жүргізу арқылы өз тәуелсіздігін сақтағанын еске түсіріп, сол ерлердің істерін, батырлықтарын мадақтайды. Сол қырғын қантөгістер арқасында сақтап қалған қасиетті жерді патша отаршылары басып алды, бұл қорлыққа көніп болмас, келешек ел қамы үшін
күресетін патриот жастарды тәрбиелеу керек. Осындай үміт артар жастар қайда?
Өзінің «Ақтан жас» деген Өлеңінде жетім қалған балаға ертең ер сауытын асынып, батыр болар ма екенсің деп армандайды. Жігіттің даңқын шығаратын бір ғана жол бар, ол – ел мақсаты үшін аямай күресу жолы, бұрынғы дәстүрді берік ұстау, сыртқы жауларға қарсы қол бастау. Ұл боп туған жастың бірінші мақсаты ел бастап, ел қорғау. Ел тәуелсіздігі үшін күресте халыққа керегі – бірлік, адам бірлігі күшті құмырсқа әрекетінен қажетті жерінде үлгі алу керек, халық бойында сол құмырсқаға тән тіршілік үшін күрес мақсаты болу қажет. Өмір сүру оңай емес, әрбір жан – жануар тірлік қылғанда, саналы адам баласы өз қамыңды жас кезіңнен ойлауың керек. Жабырқама, жасыма, тынымсыз тірлік ет, күрес, сонда ғана өмірің мағыналы болмақ. Ақынның осы ойлары «Еспембет» дастанында
сюжетті шығарма арқылы беріледі. Ақын кей өлеңдерінде сауда, елді басқару, заң, билеу
тәртібіне наразылық білдіреді. Бұрынғы ізгі адамдар жоғалды, заман бұзылды, ел билеушілері жыртқыш аңдай елін талағаннан басқаны білмейді. «О,Барақ жас, Барақ жас» деген өлеңінде:
Қазіргі қазақ ұлығы,
Жаман иттен несі кем,
Жемтік көрсе, қан көрсе,
Айрылар мүлде есінен.
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды,
Шалқар көлдей несібем...
Елдегі жоқшылықтың себебін байлардан пейіл кеткендіктен болды ма деп те ойлайды. Екіталай күн туғанда, халық күшті қайдан алмақ? Елді азаптан құтқаратын ақылға сай іс қалатын ер.
«Көп жамандар жиылып,
Үйінен енді шыға алмас,
Шуылдаған қарғадай,
Көш басшысы кеткен соң».
Бұзылған молда, дін иелерін де ақын сын нысанасынан таса қалдырмайды. Қоғамның өзгеруіне байланысты қанаудың жаңа түрлері де шыққан. Екі жақты қаналу, алым-салық та кедейдің мойнындағы ауыртпалық екенін ол ашына айтты. Пәленің басы, ақын ойынша, сауда-саттықта. Байлар ақша үшін тері-терсекке дейін қалдырмай сатуға құнығып алды, пейіл кетіп, адамдықтан ажырады, олар елді жеудің орнына адал кәсіп істеп, соған елді бағыттаса, ел күйзелмес, кедейленбес еді.Қолға құрал алып, жатпай-тұрмай кҽсіп қылуға үндейді. Мысалы,
Ұста соқса темірден,
Ағаш кессең арнаулы,
Әртүрлі аспап, сайман бар.
Балта менен ара бар.
Темірсіз теңдік алмайды,
Түрлі сайман ағаштан,
Керектісін сайлаңдар.
Балта арқылы таралар.
Ақтаруға жер қойнын,
Тетігін тауып, темір соқ,
Арнап соққан кетпен бар.
Қышқаш пенен балта бар.
Кетпен алып қолына,
Өнеріңіз үйлессін!
Мұратына жеткен бар.
Дулат, ғалым Х.Сүйіншәлиевтің айтуынша, алғаш рет мысал жазған ақын болып саналады. Одан бізге 4-5 мысал жетті. Ол бұл жағынан әдебиетімізге жаңа форма енгізген ақынның бірі. Бұл мысалдар ақыл, өнеге айту тұрғысында. Дулат өлеңдері ақылды жеткізе білген көркемдік қалыбына да толы. Тілі нәрлі де әрлі. Мысалдар:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай.
Сәулетіңнің сағымы,
Бұтағына шынардың,
Күнді әкеп іліп қойғандай.
Сәндісің, жаным, сәндісің,
Сән салмақ сеніазапқа...
Ыдысысың параның,
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның,
Түйеніжұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң, бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын...
Саудагер сарттай қайтты өмір,
Құмар ойнап ұтылған.
Мөңіреп жұртқа ой қайтты,
Бұзауы өлген сиырдай.
Нәпсі—тәбет қабаған,
Жемтік кӨрсе тұра ма,
Ырылдап танау жиырмай.?
Өзімнен өзім қызғанып,
Азын-аулақ жиғаным,
Өзіме де бұйырмай.
Күнәм жойқын, тәубәм аз,
Тіршіліктен не таптым?
Дүние- жемтік, мен - тҿбет,
Соны бақпай, небақтым.
Ырылдасып ҽркіммен,
Не қапқыздым, не қаптым....
Өлеңді рухани қажеттілік деп білген ақын жыр құдіретін көтеріп, сусағанға сусын, шаршағанға демеу болар асыл сөзді бағалап, оның құнын көкке көтереді.
Меруеттей сөзбен шашайын,
Бойыма біткен асылым,
Ақындық нөсер қуаттың,
Сусағанды сулатып,
Күйзелгенді қуантып,
Жырыммен елді жетелеп,
Мүйіс жерден төтелеп,
Ағылайын ақпадай...
Дулат шығармаларының басым бөлігі - дидактика. Кей шығармалары арнау не толғау түрінде келеді. «Ей, айтайын арнап Ешенге», «О,Ақтан жас, Ақтан жас», «Кеңесбайға», «Сүлейменге», «Қазаққа» т.б. Ақынның суреткерлігі оның табиғат лирикасынан айқын көрінеді.
Ақын өлеңдерінен Махамбет өлеңдерінің сарынын да байқаймыз. Оның өзіне дейінгі ақындармен тақырыптас бір өлеңі-
«Он бес деген жас қайдасы».
Он бес деген жас қайда,
Жарға ойнаған лақтай?
Қайда кеттің жиырма жас,
Тастан шыққан бұлақтай?
Жиырма бесбар ма маңайда,
Жайқалған жасыл құрақтай?
Отыз кеттің алыстап,
Толықсыған сынаптай.
Отыз бес , неге келмейсің,
Көп іздетіп жылатпай?
Қырық, астың кезеңнен.
Суырған қыннан қынаптай...
Ақын енді бірде бұрынғының жасы мен өз кезеңінің жасын салыстыра
сипаттайды.» Манағының жігіті, жапанда біткен теректей. Ендігінің жігіті, Ағашқа керткен иректей. Бұрынғының қыздары, қырмызы қызыл жібектей, Ендігінің қыздары,Құрсауы жоқ шелектей. Ал «Айтпасымды айтқыздың» деп басталатын өлеңінде келіншекке байғыз бен тауыс құс туралы нақыл айтып, лашынның жемі болған тауысты мысалдап,»
Таңдаулысың, тәуірсің,
Сен дағы, келін, тауыстай.
Құмарлық – бұлт көшпелі,
Тұра ала ма ауыспай? – деп сөзді орынымен жұмсауға шақырады.
Дулат шығармалары қазақ жазба поэзиясы мен ауыз әдебиеті арасындағы алтын көпір іспеттес. Жыраулық пен ақындық өнерді ұштастыра білген ақын
шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда елге тың біраз өлеңдері, көркемдік мәселесі, өзіндік үлесі туралы тарата айтылды.
Табиғат суретін беру мен мысал өлең жазудың басы да Дулаттан басталады. Шоғырлы өлең циклі де ол енгізген жаңалықтың бірі. Қазақ әдебиет тарихындағы өзіндік орны айқын ақын шығармаларын талғамға сай оқыту әр мезгілдің өзіндік міндеті болып саналады.

3-дәріс. Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы.


1. Шортанбай Қанайұлының өмірі.
2. Шортанбай және заман өзгерістері.
3. «Бала зары» мен «Зар заман» толғауларының идеясы.
4. Шортанбайдың діни көзқарастары.
5. Шортанбайдың тіл ерекшелігі.
Шортанбай Қанайұлы мұрасы ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап қағаз бетіне түсіріліп, жариялана бастағаны белгілі. Ақын шығармалары алғаш В.В.Радловтың «Түркі тілдес халықтар әдебиетінің нұсқаларына» (3-том, 1870), Лютштың «Қырғыз хрестоматиясына» (1883), Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» (1889) еніп және де «Қисса и Шортанбай, Шортанбайдың бала зары» деген атпен 1888 жылы Қазанда жарық көрген. Одан әрі 1890, 1897, 1901, 1906 жылдары басылған. Ал кеңестік дәуірде
1931 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан С.Сейфуллиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» жинағында, 1941 жылға дейін мектеп оқулығында, 1962 жылы «Қазақ ССР Ғылым Академиясының» баспасынан шыққан «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының жинағында» енгізілген. Кейін «Жазушы» баспасынан шыққан «Бес ғасыр жырлайды» (1989), «Ай, заман-ай, заман-ай» (1991), «Жалын» баспасынан шыққан «Зар заман» (1993), сондай-ақ «Жеті ғасыр жырлайды» (2004; 2008), «Он ғасыр жырлайды» (2006) жинақтарында жарияланып келеді.
Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/ Түркістан жерінде, Қаратау бойында дүниеге келген зар заманның ірі өкілдерінің бірі болған атақты ақын. Шортанбай ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Мұсылманшылық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізеді. Ол Түркістаннан Қарқаралыға Жамантай төренің қасына қоныс аударып, кейін Аюлы Ақсу бойындағы Жанғұты бидің қарамағынан шағын мешіт салдырып, медіресе ашады, шәкірттерге тәлім-тәрбие береді.
Шортанбай шығармаларының желісі заман, қоғам шындығы, халық тұрмысы, қоныстан айырылу, отаршылар мен жергілікті әкімдердің озбырлығы, тонаудың жаңа түрлері, сатқын билеушілер, заманның азғын көріністерін бейнелеуге құрылды. 1882 жылдан бастап өлең, толғаулары кітап болып басылды, «Тар заман», «Опасыз жалған», «Атамыз Адам пайғамбар», «Асан қожаға», т.б. Өмір шындығы көркем өнердің өзегі, ақын талантына дем беріп, дабыл қақтыратын, оның шығармаларының әлеуметтік
мәселелерге, қоғамдық өзгерістерге қарым-қатынасы., болған не болып жатқан тарихи құбылыстарды тап басып, ойға қонымды бейнелер жасай білуі. Асылы, заман талабы, дәуір тілегі әрбір қалам қайраткерінің мойнына түсетін салмақ. Ол салмақ ең әуелі халықтың иығына түседі. Шортанбай ақын – өз заманының шындығын ақтара ашып, оған өткір сын айта білген. Бізге жеткен шығармалары осының кепілі болып табылады.
Қазан қаласының өзінен оның шығармалары түрлі атпен жарық көрді. Оның шығармаларын, әсіресе, патша отаршылдығына қарсы қауым, мұсылманшылықты жақтаушылар үлкен құрметпен қарсы алды. Өздерінің көкейінен шыққан ақын сөздері халық аузында жаттала бастады. Шығармалары жиі басылғанымен көлемі көп емес. С.Мұқановтың есебі бойынша, бас-аяғы 1500 жолдай ғана / С.Мұқанов. Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер/. Біріншіден, Шортанбай - өз дҽуірінің сыншысы. Қазақ қоғамын билеп-төстеушілерге, отаршылдар билеген заман бағытына наразы ақын. Ойынша, ол өмір сүріп отырған заман бұзылған, зарлы-шерлі тар заман.
Мынау заман қай заман,-
Азусызға тар заман.
Азулыға бар заман...- деуіне қарай бұл жалпақ жұртқа емес, момын, кедейлер үшін ғана тар екендігін аңдатады, азулы , тырнақты, жыртқыштар үшін тар емес, себебі, билік пен барлықтың жұғыны солардың қолында. Қазіргі адамдардың көбінің бар ниеті байлыққа ауған, қалайда мал, ақша тауып, тезірек баю. Осы үшін олар жақынының малын, арын алуға даяр. Баю жолында еш нәрсеге тоқтам қылмай, қиянатты ұят демей, көзді жұмып қылғыта беру—олардың мұраты. Қазақ қоғамының барлық тобында осыдай
өзгеріс бар. Бұлардың бәрі ақыр заманның белгілері. Шортанбай түсінігіндегі заман о дүниеде емес, адам баласының дәмі таусылып, өлуі емес. Көпшілік ұғымын танытатын иманның екінші жағы бар. Ол—ар, ұят, ождан. Патша үкіметіне берілген қазақтың опасыз би-болыстарын, елубасы т.б. сынайды, олардың ішінде қожа, молдалар да бар. Сырт пішіні пірәдәр болғанмен, көбі бұзылған өзімшілдер.
«Асылық азған заманда,
Қожа, молда көбейіп,
Отырар төрде шөмейіп,
Сәлдесін үлкен орасып.
Жауған қардай борасып,
Жамандығы ішінде,
Жан-жағына қарасып.
Үлкен молда десін деп...».
Тілмәш, адвокат сияқты орысша білім алғандар да халық мұңын жоқтаудың орнына өздерінше қанаудың жаңа тҽсілдерін шығарып, елдің берекесін алғандарына мәз.Ақшаға байланысты елдегі ауыртпалықты да көрсетеді:
«Арам, арсыз жан шықты,
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауыпішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты....
Қайыр кетіп байлардан,
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен теңге торпақ боп,
Тиынға тиын өніп тұр.» саудаға құныққандардың адамгершілігі ақшамен ғана өлшенеді, олар үшін ақшадан өзге дүние маңызсыз. Айтылмыш жағдайды Шортанбайдан артық танытқан ақын аз. Бұл тұста Шортанбай кедейдің, езілушінің жоғын жоқтаушы.
«Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедей қайтып күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны,
Жаздай арық қазғаны,
Күздей пішен шапқаны,
Ішіп-жемдік болмайды,
Оны-мұны тапқаны...
Аш-жалаңаш бейнеттен,
Жүдеп-арып талады,
Бір ешкісі бар болса,
Шығын деп тілмәш алады.
Төбесін ұлық ояды,
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды.
Кедейге салып шығынын,
Араны бидің тояды,
Қағаздатып бұзауын,
Ноғайына қояды,
Кедей қайтіп күн көрер,
Борышқа белден батады,
Жалғыз сиырын сатады....
Жарлы, кедей, жоқ-жітік,
Қайтіп күнді көрер деп,
Сол себепті қорқамын». – деп, халықтың бұрын-соңды болған дәстүрлі билігі жоғалды, өнегелі адамдар биліктен ығыстырылды, Ел билігінде титтей де адалдық қалмады.
ХІХ ғасырдың бар ақыны қазақтың тәуелділікке душар болып, қоныс қысымына ұшырағанын күйіне жырлады. Шұрайлы жерлерден айрылу жандарына батты. Жер-судан, қоныс-жайдан айырылудағы негізгі себеп – елдің тәуелсіздігі, береке-бірліктің жоқтығы, ел қамын ойлар азаматтардың жоқтығы. Ақын 1881 жылы қазіргі Қарағанды мен Жезқазған облыстарына қарасты Шет ауданы жерінде қайтыс болған. Ол өлер кезінде ескерткіш қою мен үлкен ас берудің орнына сол шығынды елдегі жоқ-жітіктерге үлестіріп беруді өсиет еткен. Кейде 7-8 буынды жыр үлгісімен, кейде11 буынмен жазылған ақын жырлары түсінікті әрі мәнді.

4-дәріс. Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы.


1. Мұрат Мөңкеұлының өмірбаяны мен шығармашылығы.
2. Мұраттағы зар заманның зары.
3. Мұраттың толғаулары.
4. «Қарасай- Қази» дастанының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
Зар заман ақындарының көрнекті өкілдерінің біріне саналатын Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қатысты Қарабау аулында дүниеге келген. Ақын кіші жүздегі он екі ата Байұлының беріш руынан өрбіген. Мұрат өзінің ақындық талабын жеті жасында қой бағып жүргенде-ақ танытыпты. Қаратоқай руынан шыққан қадірлі азаматтардың бірі Барахат деген кісі қой соңында жүрген баланы сынамақ болып бір ауыз өлең айтыпты:
Ойнайды қара суда құтты балық,
Жолықпай бұл баладан құтылалық.
Томпаңдап қой соңында жүгіресің,
Әкеңді жас басыңнан жұтып алып.
Сонда Мұрат іле-шала:
Бәсе, ойнайды қара суда құтты балық,
Жолықпай біз де шалдан құтылалық.
Көлбектеп ат үстінде сен де жүрсің,
Ағаңды алдыңдағы жұтып алып,- деп, ойланбастан жауап беріп, оны сөзден
тоқтатыпты. Бұған риза болған Барахат баланы ағасына ертіп келіп, «Ініңді ақын деп естуші ем, рас екен. Болайын деп тұрған бала. Сен енді мұны қой бағудан босат»,- деп ақылын айтыпты.
Мұрат Индер ауданы Жарсуаттағы қорымға жерленген. Оған ескерткішті тоқырау жылдары Берден Есбосынов деген азамат өз қаржысына орнатыпты. Бұл—халықтың ақынға деген ыстық құрметі. Ақынды көзі көрген Мұрын жырау «Мұрат орта бойлы, қара сақалды кісі еді. Ол өлеңді домбырамен айтпайтын еді, айқай салғанда қолына тостаған алып, болмаса телпекпен аузын қағып айтатын еді, қабағын бір жиып, бірашқанда басындағы дөңгелек бөркі бір ілгері, бір кейін кетіп отыратын» дейді. Мұрат өзінің денесін жан досы Шолақ бидің қасына қоюды аманаттапты.
Соңғы сапарына қонаққа барған жеріндегі үй иесінен шылапшын сұрап,біршылапшын толтыра ақ көбік құсады да сылқ етіп құлайды. Не қан, не запыран емес, ақ көбік.. Жанына жиылған қариялар: «Бұл шыққан өлеңнің желігі ғой,. Мұрат та, өлең де жоқ енді десіпті». Мұраттың екі ұлы болған. Сарысы он жасында өліп, Дәулетқалиы 1877-78 жылдары дүниеге келіп, Атырауда белгілі ақын ретінде 1960 жылдары қайтыс болған.
Бұл- өмірбаяны жайлы деректер /Бауыржан Омарұлы. Бұғауға бағынбаған жырлар. Алматы. Ана тілі, 1998/. «Қарасай Қази» жырының сюжеті бойынша, Орақ батырға өзге бауырлары күншілдікпен қастық жасайды. Біраз жылда Қарасай, Қази да анасының қайраттандыруымен жауға аттанып, қалмақты жеңеді. Ұрпақты ерлікке, батырлыққа үндейтін болғандықтан, бұл шығарма 1943 жылы «Қызыл әскер» сериясымен «Неміс оккупанттарына өлім келсін» деген айдармен басылып шыққан. Аяғы ақсақ, көзі соқыр шешесінің жоқтауы мен анасы Қараүлектің жоқтауларында мифтік сарын бар, Қарасай қабан құлақ қара аттың мойнына құрық салғанда, арғымақ адамша тіл қатады. Қалмаққа қарсы шапқанда астындағы көкбұйра атпен тілдеседі. Шаршап ұйықтап жатқанда Орақтың аруағы көрден шығып келіп, екеуін оятады т. т. с.с.
Әсірелеу : Қарасай оқ атқанда үй орнындай қара тас қақ айрылады... «Жалғаншы пәни жалғанды» толғауы Абай қарасөздері сияқты өзіне сұрау қоюдан басталады, байға,бәйбішеге, жігітке, қызға, қаршыға құсқа не жарасар.. Дүние деген ұшқан құс, байқай алмай қаласың, Басыңнан шарлап ұшқанын.
Метафора: Күлгенің- қоңыр салқын, қысқаның-қыс, қаңтардың үш ай тоқсан қысымындай.
Мұрат Махамбет жырларын да жатқа айтқан. Ел билеушілердің сыртқы тұрпатын сарказммен береді: « Кисе киім, жеңі жоқ, Етегі бар да белі жоқ». Мұрат ақын айтты деген мақтау сөздер де баршылық бірде таз руынан шыққан Әбіш деген кісіні мақтамапты. Неге дескендерге:
«Мен Әбекеңді бірінші рет мақтадым,
Жалғыз өркеш нар алдым,
екінші рет мақтадым,
қара жорға бие алдым,
Үшінші рет мақтадым,
Алты қанат үй алдым,
төртінші рет мақтауға,
Әбекеңнен ұялдым»- дегенде, ақынға риза болған Әбіш 100 теңгені суырып алыпты. Мұрат ақын айтыста қайымдасу әдісін көбірек қолданған.
Мұраттың «Сарыарқа» толғауы ол Маңқыстауда жүрген кезде шығарылған. 1879 жылы ұлы қоян жұтына ұшырап, нағашысына көшеді. Маңқыстаулықтар Атырау жақты Арқа дейді екен. «Қыз», «Еліне жазғаны» деген өлеңдері де осы маңда туындаған Мұрат жыраулар дәстүрін жалғастырушы төкпе ақын.
«Жылы қылып сөйлейін,
Жазғы желдің лебіндей,
Анық қылып сөйлейін,
Ақ теңгенің мөріндей,
Шалықтатып сөйлейін.
Айдынның шалқар көліндей».
«Үш қиян» - отаршылдықты әшкерелеген, ақынның өз қоғамына көзқарасын бейнелейтін поэма-толғау. Толғаудан ноғайлы дәуірі сарыны сезіледі. Метафоралар жиі кездеседі. «Дұшпан-тазы, біз-түлкі, Қашсақ, ерікке қоймайды, Інге кірсек, суырып». «Сарыарқа» толғауы да белгілі бір сюжетсіз, әлеуметтік мәселелерді қамтитын шығармаға жатады. Ақындық, азаматтық көзқарас айқын көрінеді. Оның «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Шалгез» атты жырлары бар.

5-дәріс. Махамбет Өтемісұлының әдеби мұрасы.


1. Махамбет Өтемісұлының өмірі.
2. Ақын шығармаларының тақырыбы.
3. Махамбет толғауларындағы Исатай бейнесі.
4. Махамбет толғауларының көркемдік ерекшелігі.
4. Ақын мұраларының зерттелу деңгейі.
Махамбет Өтемісұлы – қазақтың ар-намысына айналған ардагер ақыны, жігер мен намыстың жаршысы, ақындықтың көзі мен шындықтың өзі, ғасырлар бесігінде дүниеге сирек келер дарын иесі. Ол – езілген елінің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған жалынды жыршы. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне бастан-аяқ қатысып, сол көтерілістің бар бейнесін өз өлеңдерінде қалдыра білген тарихи айғақшыдай оның шығармаларынан сол заманның шындығын көреміз.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Атырау мен Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Шыққан тегі орта дәулетті болғанымен, бір ағасы Бекмұхамбет Жәңгір ханның сенімді биі болған. Көтеріліс кезінде өзге туыстары Махамбеттер жағына шықса, осы ағасы ғана хан жағында болған. Махамбет ХІХ ғасырдың басында өмір сүріп, сол кезеңнің дүбірлі оқиғасының бірінің бастаушысы болды, еркек болып туылған жастың мақсаты ақын үшін «ереуіл атқа ер салып, жау қашыру» болды. Ақын ел тарыққан заманда одан шығар жолды күрестен іздеді.
Ақынның ер жеткеннен бастап бар өмірі халық қамына арналды. Ол ел басына түскен ауыртпалықты құдай ісі деп қарамады, езілген елдің өз күшіне деген сезімін молайтып, жігерін жанумен айналысты. Таптық езгіні жою жарқын болашақ кепіліндей көрінді. Ақынның көтеріліске дейінгі ақын болып қалыптасу кезеңінде шығарған өлеңдері сақталынбаған, оның қолда бары жалынды күрес кезеңінде туған шығармалары ғана бар. Кей қарттардың айтуынша, Махамбет айтысқа да түскен екен. Бір жиында ханның сарай ақыны Байтоқты сөзден тоқтатыпты. Сол хан құлағына жетіп, хан елге аты жайыла бастаған өнерпазды өз маңына ұстауға тырысыпты. Баласы Зұлқарнайынмен бірге ұстап, оң қолына айналдырмаққа ниет етіпті. 1925 жылы жарияланған «Исатай-Махамбет» аты кітаптағы/Халел Досмұхамедұлы жариялаған/ пікірлер бойынша, «Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерлерінің қатарында болыпты, Исатай ханға қарсы бола бастағандаақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы, өте қызулы адам екен...». Тарихшы А.Ф.Рязанов тапқан деректер бойынша, Махамбет орысша, мұсылманша сауатты адам болған. Бұл – Махамбеттің елде қалған жолдастарына 1839 жылы жазған хаты мен 1845 жылы өз қолымен баласы Нұрсұлтанды Орынбор шекара комиссиясына оқуға алуларын сұрап жазған хаты. Н.Шаяхметов тауып жариялаған ақын қолжазбасы мен мөрі ол туралы құнды мәліметтердің бірі болып саналады /1967 жылдары/. Оның көтеріліс кезінде Исатайдың хатшысы болып, ұрандар таратқаны жайлы да ел аузында сөздер бар. Оны Хиуа ханына хат жазды әрі сонда кҿмек сұрап барды деген деректерді көркем әдебиет шеберлері өз шығармаларында айтып жүр. Аудиторияға сұрақ.--- Махамбет бейнесін көркем әдебиетте кімдер қандай шығармаларында сомдады? /Ө.Әлімжанов. Махамбеттің жебесі» , Мұрат ақынның жырлары, І.Жансүгіровтың «Исатай-Махамбет» драмасы, Фариза Оңғарсынова жырлары, М.Шахановтың «Нарынқұмтрагедиясы» т.б./
Хан сарайына жақын жүрген ол жас кезінен сауаттанады, оның бір адамға жетерлік орысшасы да болғандығын оны көрген адамдар растайды. 1839 жылы орыстың саяхатшысы жазушысы Е:П:Ковалевский Махамбетпен кездескенін, онымен тілдескенін жазады/1811-1869/..
Ескі өмірді,хан билеген еріксіз заман бейнесі шындығын Махамбет өз өлеңдерінде тереңдеп ашты. Өз дәуірінің кескілескен күресінің ол жанды суретін берді. Оның өлеңдеріндегі шынайылық та осы мҽселе тұрғысынан танылады, мысалы, «Соғыс» деген өлеңінде Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің жауға қарсы аттанар сҽттегі көрінісі, жау жасақтарының тегеуіріні, ереуіл батырларының өжеттігі, Исатай батырдың қайсарлығы ерекшке ерлік ретінде зор шабытпен жырланған. Зеңберек оғынан ығысқан жай, Ерсары, Қалдыбай батырлардың оққа ұшуы т.б. тарихи шындықпен үндес. Қиямола деген жерде Қарауылқожа басқарған 800 жендетке Исатайдың 200 сарбазы қарсы тұрады. Үбі,Таңатар, Иманбай, Сарт сияқты ерлер бастаған сарбаздарға қарулы ҽскер қарсы тұра
алмай жеңіліпті.
Ақынның «Баймағамбет сұлтанға» деген толғауы да реалистік туынды, Махамбет хан-сұлтандарға алғашқы болын халық қарғысын жеткізген өр ақын. Ол Исатайдың ерлік тұлғасын баяндап, сол арқылы күреске шыққан халықтың күрескер бейнесін береді. «Мінкен ер», «Тарланым», «Еңселігі екі елі», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Туған ұлдан не пайда», «Арғымақтың баласы», «Исатай деген ағам бар». Ақын өлеңдерінің сыры терең. Ол көтеріліс басылғаннан кейінгі жағдайды да шыншылдықпен бейнелейді. Исатай қаза тауып, басшысынан айырылған ел күйін былай жеткізеді:
«Бұландай ерді кескен күн, Буулы теңді шешкен күн. Біздің ер Исатай ҿлген күн. Он сан байтақ бүлген күн. Орта белінен сырлаған, Оқ жаңбырдай жауған күн. Оң қанатын ткріс жайып, Лашын қуға төнген күн. Желпілдеген ала ту, Жиырылып ойға түскен күн. Қос бәйтерек жығылып, Жығылғаны естіліп, Алыстағы дұшпанның, Қуанып көңілі тынған күн.» Ақынның «Күн болған» өлеңінде литотаның тамаша үлгісі бар. Бұл – көтерілісшілердің қайғылы күйін сипаттайтын шерлі шумақтар.Оның «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» не «Аспандағы боз торғай» өлеңдерінде де ел қайғысы берілген, ер өлімін айта отырып, ол жауға деген өшпенділікті өршітеді, жігерді қайратқа жаниды.
Өзіне ерген жорықшылардың кҿңілдерін кҿтеріп, қажу мен мұңнан серпілтіп отырған. «Әрайна», «Мұңайма», «Нарын» деген өлеңдерінде және «Ұлы арманда» халықтың ар-намысын қайрап, оларды көтеріліске үндеп, жауға қарсы қайрат көрсетер күнді армандайды. Махамбетің мұраты – халықты түгелдей хандық билікке қарсы үгіттеп, соңына ерту. Мысалы, «... Махамбеттей мұңдыға, енді келер күн қайда, Ханға құрған шатырды, Сүңгімен түртіп ашарға... Он екі ата Байұлы, Жиылып келсе бұл іске, Алты сан алаш ат бҿліп, Тізгінін берсе қолыма, Заулар едім бір көшке». Махамбет өлеңдері қиялға, романтикаға толы. «Жалған дүние», «Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» деген өлеңдерінде мұң-шерге берілгенімен, оның өзінде де оптимизм жатыр. Махамбет поэзиясының реализмі оның халықтығында, ол халық үшін жан беріп, қан төккен ер. Ақынның өжет сөздері оның алмас қылышымен пара-пар еді. Махамбет – ойға өткір, тілге шебер ақын.,тұспалдап сөз айтуға да шешен. Термелеп сөз айтып, өміршең жыр тудырған. Өмір, қоғам, табиғат құбылыстары туралы өз ойын білдіріп,терең ойдың иесі екендігін танытады. «Өзекті жанға бір өлім» деп, ұлт қамы үшін мерт болсаң, армансызсың деп, ана сүтін, әке үмітін ақта деп жастарға өсиет айтып қана қоймай, өзі соның жарқын үлгісін көрсетті. Қиын жолға қайратты ер ғана шыдайды. «Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған кҽтепті, қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір-біріндеп сөксе де, Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске». Махамбет өлеңдерінде кездесетін ақындық «МЕН» айрықша. Онда халықтың ерлігі,өрлігі, қайраты, ақылы тоғысқан. «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Мен тауда ойнаған қарт маралмын», «Томағалы сұңқар мен едім», «Боз ағаштан биік мен едім», «Таудағы тарлан шұбар біз едік», «мен бір шарға түскен қара балта едім», «мен ақсұңқар құстың сойы едім», «Мен кескекті ердің сойымын», «Шамдансам жығар асаумын», «Шамырқансам сынар болатпын» деп келетін ауыстырулар кҿркемдеу құралдарының сан алуан құбылып тұратынын кҿрсетеді. Бір ғана «Тарланым» деген өлеңін алайықшы:
Кермиығым, кербезім,
Келіскендей шандозым.
Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім.
Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым,
Теңіздей терең ақылдым,
Тебіренбес ауыр мінездім.
Адырнасын ала өгідей мөңіреткен.... Ой мен көркемдік күмбезі шеберлікпен тұрғызылған бұл жырдың тыңдаушысын эстетикалық ләззатқа бөлері рас. Бойдағы арман мен ерлік қабаттаса келіп, асқақ жыр шумақтарына айналған. Ақын ойы күрес толқынынан туындап, күрес толқыны ақын ойына айналған үйлесім іздерін оның әр жырынан көреміз. Батырлар жырының тегеурінді сарынын қолданған оның әр сөзі күрес идеясына толы. Қ.Жұмалиев өз зерттеулерінде оның жыр шумағында қайталанып келетін басқы бір дыбыстың өзі ой екпінін арттырып тұрғанына да назар аударған болатын.
Жырда ұйқас тәртібі, буын өлшемі аралас келе беретін боғандықтан, оның өлеңдері 7-8 буынды,11-12 буынды да болып келеді. Махамбеттің көп қолданған ұйқасы- шұбыртпалы ұйқас, «Ереуіл атқа ер салмай», «Мұнар күн» т.б. Кейде кезекті, қаусырмалы, ерікті, ақсақ, егіз ұйқастарды да қолданған. Махамбетке тән бір ұйқас түрі- ішкі ұйқас. «Толарсақтан саз кешіп». Мүнда тұтас шумақтардың соңы ғана ұйқасып,қалғаны айтар ойға бағынып тұрады /а,б,в,г,д,ж,з,г./ мөселен, «Жайықтың басы көк шалғын» деген өлеңінің ұйқасы ерікті, оның кей тармақтары ғана ұйқасады. Өлең негізінде ішкі ұйқасқа құрылған.
Ақында арнау өлеңдердің бірнеше түрі кездеседі. Батырға, ханға, жолдастарына, өзіне арнай, сұрақ қоя сөйлеуі. Мысалы, Лашын құстар жүн төксе, Далада қалған сүйек деп, шеніне қарға жолар ма... Алаштың байлығынан не пайда,тарығып келген ерлерге, Қайыры оның болмаса? Оның «Қайда бар», «Жалған дүние», «Әр айна», «Күн қайда» өлеңдерінде сұрай арнау үлгісі басым. Махамбетте нақыл сөз көп кездеседі. «Аспандағы боз торғай», «Ай артында бір кҿл бар», «Мен тауда ойнаған қарт марал», «Туған ұлдан не пайда», «Бағаналы терек», «Атадан туған ардақты ер» т.б. Оның үш жолдан тұратын «Аймақ кҿл» деген өлеңі де шешендігімен көңіл баурайды. «...Арыстаннан күшті аң болмас, О да өледі жігіттер, мергендер таңдап алған соң. Алалы жылқы , ақтылы қой, Аңдыған бөрі жемей ме, Иесі ұйықтап жатқан соң..».
Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгісіне Шернияз, Базар, Ақтан, Нұрым, Аралбай, Ығылман сияқты ақындар еліктеп, өлеңдерін де жеткізуге себепші болған. Кейінгі деректер бойынша, Махамбеттің күйші болғандығы туралы да деректер ашылуда. Орал облысындағы белгілі күйші Сүйінбекұлы Оразғали оның екі күйін тартып келген. «Баймағамбетке», «Қайран Нарын». Қазірде жеті күйі бар делінуде. «Жұмыр қылыш». Оның күйлері нотаға түсіріліп, 1982 жылы «Өнер» баспасынан «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарияланды.
Махамбет поэзиясы Х/Х ғасырдың әдебиет қорында күрестің жалынындай, шындықтың көзіндей, асылдың өзіндей болып ерек тұр. Сөз бейнелілігі, ой шымырлығы, жігер алауы, халық арыны, шешендік бояуы жағынан да үздік шығармалар тобына жататын ақын жырларының пафосы өзгеше. Ерліктің мәңгі жалауына айналған ақын жырлары жас ұрпақты ел сүюге үндейді.
ІІ Модуль. Айтыс ақындары мен сал-серілер поэзиясы.
6-дәріс. Қазақтың айтыскер ақындары.
1. Шөже Қаржаубайұлының әдеби мұрасы.
2. Орынбай Кертағыұлы мен Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығы.
3. Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұралары.
4. Сара Тастанбекқызының шығармашылығы
5. Айтыс ақындарының өзіндік ерекшеліктері.
1808-1895 жылдар аралығында өмір сүрген Көкшенің атақты ақыны Шөже
Қаржаубайұлының мұрасы туралы ғалымдарымыз аз пікір білдірген жоқ. Ол қазіргі
Көкшетау облысы, Қызылту ауданында кедей отбасыда дүниеге келген. Аталары –
қуандық. Әкесі құл, шешесі күң болғандықтан, олардан ерте жетім қалған бала малайлық
өмірдің ауыртпалығын көріп өседі. Айтысқа қатысқан ақындар оны қаңғырған қырғыз,
кептар соқыр, тегі құл мен күң деп кемітсе де ақын оған мойымаған, өнері арқылы
өзгелерді ықтырып отырған, ―Дүржан үйінде деген бір өлеңінде ақын өз өмірін былай
суреттейді:
Атым – Шөже, баласы Қаржаубайдың,
Үйде жарлы болсам да, түзде баймын.
Асығымнан алтынға бөлесең де,
Дүние жүзін көрмеген сор маңдаймын. Ақын көбіне арнау өлеңдер шығарған,
айтысқа қатысқан, қоғамдық мәні бар мәселелерді орынды көтеріп отырған. Оның Балта,
Кемпірбай, Орынбай, Таз бала, қыз ақындармен айтыстары сақталынған. Әрбір
ақынның мінін ол да беті не басып, қарсыласына өтімді тойтарыс беріп отырған.
Алшынбай туралы: Жылың – қой, келдің Балта Елу төртке, Бойыңа қартайғанда өсек
ертпе, Құсбектің төрт қара атын параға алған, Алшынбай не аймар екен ақиретте?! –, деп.
түйреп, Құнанбайға да сөзін өткізеді: Жалғыз соқыр халқыңа тиышсыз болса,
Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан. Шөженің бізге жеткен біраз толғау, арнаулары
бар. ―Арқадан шығып едім Ноғайға еріп, ―Дәуеке, осынша не қылды бейілің қашып,
―Домбыра шыққан тыңқылдан, ―Жиылған көп жамағат отыр қоршап,
―Ассалаумағалейкум, қара Бәйтік, ―Бәйтікке, ―Кім өлсе, соған түсер заман ақыр,
―Қосқұлаққа, Ерден батырға, 1931 жылы С.Сейфуллиннің ―Қазақтың ескі әдебиет
нұсқалары /1931/ жинағында Шөженің біраз толғаулары бар. 1961 жылы ―18-19
ғасырлардағы қазақ ақын-жазушыларының шығармаларында бір топ өлеңдері беріліп,
Х.Сүйіншҽлиев ―Жұлдыз журналының үшінші санына ―Шөже ақын деген мақала
жариялады.
Орталық Қазақстандағы қарауыл елінен шыққан белгілі ақын Орынбай
Кертағыұлы 1813-1890 жылдар арасында өмір сүрген. Көкшетау облысы, Айыртау ҿңірі,
Ақбас кҿл мен Сары ҿзен бойында дүниеге келген. Ақындық ҿнерімен елге ерте танылып,
10-15 жасынан ел аузына ілінеді, ойын-сауықтың гүліне айналады. Оның Шортанбай,
Арыстан, Сералы, Тоғжан, Ақан сері, Шҿже, Дана сияқты ақындармен айтысқаны туралы
мҽліметтер бар. Ақынның Қожамен айтысы 1883 жылы Я.Лютшьтің ―Киргизская
хрестома-тиясында‖ /124-126-беттер/ жарияланған. Оның Арыстанбай ақынмен айтысы
Сҽкеннің жинағына да енген. 1929 жылғы ―Жаңа ҽдебиет‖ журналының 12-санында
басылды. Оның Серкебаймен айтысы ерекше, мунда ақын шала діндар молда-лардың
құлқынқұмарлығын айтады: Момынның малын жейді зекет алып, Кеңісте кеткен аузы
қалыптанып... Қожа біткен Сыр-Қуаңға барған шығар, Елді алдауға құранын алған шығар.
Алты алаштың баласын қойдай сауып, қоржын салған қожадан қалған шығар. Оның
айтыстан ҿзге мақтау сипатындағы арнау ҿлеңдері де баршылық. ―Базылға‖, ―Ерден
батырға‖ ҿлеңдері осы топқа жатса, екінші топқа сын-сықақ ретіндегі мына ҿлеңдері
жатады: ―Нүркей ақынға‖, ―Бексұлтан байға‖, ―Бари ахунға‖ айтқандары. Ақынның
халықтық салт негізінде шығарған Шоқан қазасына қатысты Шыңғыс пен Зейнепке
естіртуі, ауырып жатқан Жазы бидің кҿңілін сұраулары сақталған. ―Жүз жұлдыз‖, ―Адам
атаның жайы‖ деген кҿлемді толғаулары да бар. ―Адам атаның жайы‖ толғауы діни
аңыздар негізіне құрылған. Айтысқан ақындарына берген мінездемелеріне қарап, ақпа
ақынға тҽн табан аузында сҿз табар шеберлігін байқаймыз.
Ҽрі батыр, ҽрі ақындығымен аты шыққан біртуар талантты ақынымыздың бірі 1816-
1888 жылдары ҿмір сүрген Мәделі Жүсіпқожаұлы. Туған жері қазіргі Шымкент
облысының, Қызылқұм ауданының Қожаторғай совхозы/ Ақбұлақ болысы, Бадам жері/.
Арғы атасы да, ҿз ҽкелері де дҽулетті елге танымал кісілер болған, сондықтан ақын діни
медреселерден оқып, сал-сері болып ҿседі. Құранды да, қолына түскен ҿзге кітаптарды да
тез жатттап алу қабілетімен ерекшеленіп, шығыс хиссаларын, аңыздарын оқып, ел
аралап, ҿнерпаздармен кездесіп, айтыстарда болады. Ақыннан бізге 1500 ҿлең жолдары
ғана жеткен. Жеке ҿлең, толғау, арнау, айтыс болып келетін ол туындылары мыналар:
―Батырбек пен Байзаққа‖, ―Ахмет тҿреге‖, ―Тҿре түйесінің сҿзі‖, ―Майлыны мұқату‖,
―Батыр бір оқ‖, ―Тұрмысың аман-есен Ордабасы-ай‖, ―Айналайын ҽзірет‖, ―Бір Жан жоқ
болыстыққа талас емес‖, ―Қанайға‖, ―Шҽріпке‖, ―Кетпейді бастан бұлт, күн жайланып‖,
―Тегін алған күң еді‖, «Кҿпестер шана шегер арбасына‖, ―Ҽуелі қылсын баян сҿз басына‖
т.б.
Нағашысы – шаншар руының белгілі шешені Қызыл би, ҽйелі атақты Кенесарының
қарындасы–Қалипа, ҿзі батыр, ҿзі балуан Мҽделі мал үшін ешкімнің кҿңіліне қарап
сҿйлемейді, ҿзі би, ҿзі кҿсем, басым сҿйлеп, батыл қимылдайды. Дүниедегі ҿзгерістерге
ҿзіндік санасы айқын, ермесе де ер туге қайраты бар адам. Оның 1878 жылы Түркістан
уҽлаяты‖ газетінің үшінші санында басылған ―Бір жан жоқ болыстыққа талас емес‖
деген 96 жолдық ұзақ ҿлеңінде болыстыққа таластың қазаққа тиімсіз жақтарын кҿрсетеді,
ел ынтымағын бұзушыларды мінейді.
Алғашында ақын қазақтың Ресейге қосылуына қарсы болғанымен, ақын ҿз
пікірлерінен қайтады. Халыққа қан тҿгістің қажетсіз екендігін түсіндіреді.Осыны
пайдаланған генерал-губернатор Кауфман болыс етіп те оны тағайындайды. Бірақ ақын
бұл мансаптан ҿзі бас тартады. Болыстық қызметте тұрып еліне еңбек сіңіре алмасына кҿзі
жеткен ақын сол болыстардың елді қанаушылар екенін жақсы біледі. Замандастарының
бойынан қайтсем де кҿп қармап қалсам деген тілекті кҿбірек байқаған ол замана тҽртібіне
наразы болады.
Мҽделі күрескер ақын болғандықтан, халықты тҽуелді болмау жолында болды, осы
мақсатпен Бұхара хандығынан таяныш іздеген кезі де болды. Қоқандықтармен соғысып
жатқан Бұхаралықтардың бір оңтайлы кезін тауып, еліне қайтады. Аллегория ҿмірде
кездесетін келеңсіздікті тап басып кҿрсетуде. Майлы ақынның айтуынша, Мҽделі кҿзсіз
ер болған, Түркістанды қорғап, сатылымпаздарға қарсы күресіп, ел ішіндегі тартыстарды
реттеуге қатысып отырған. Халық қоқанның зорлық-зомбылығына қарсы ашық күреске
шығады, оларды Мұсабек, Ырысқұлбек, Мҽделі батырлар бастап, Мырзаби бастаған хан
зекетшілерін қырып салады да осыдан екі ел арасында үлкен дау басталады. Қаружарақтарына сүйенген хан зекетшілері керекті алым-салықтарына қанағаттанбай, елдегі
қыз-келіншектерді зорлап, елді ҽбден талан-таражға ұшыратады. Қоқандықтар
Мырзабидің құнын алмақ болып, қазаққа жаулық-тарын бастағанда Мҽделі хан алдына ҿзі
барып, Мырзабиді ҿзі ҿлтіргенін айтып, жазықсыз елді қанды қырғынға ұшыратпауын
сұрайды. Дүрліккен елдің қаһарынан сескенген хан Мҽделіге кешірім жариялап, елді
тыныштандыруды оның ҿзіне тапсырады. Ақынның бұл ҽрекетін халық аса жоғары
бағалап, ол туралы аңыздар пайда болады, соның бірі Ж.Жабаевтың ―Ханым сұлу‖
шығармасы. Аңыздағы жігіт прототипі Мҽделі болса, Ханым сұлу – Айым сұлу– Сапақ
дегеннің қызы, Мұсабек Қалдарбекұлы батырдың қарындасы екен/ ал Рысқұлбек
Шонайұлы – дулаттың ысты елінен шыққан батыр/ . «Шҽріпке айтқаны» мысал ҿлең
үлгісімен жазылған.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) Шымкент қазіргі облысы, Қызылқұм
жерінде туып ҿскен. Ҽкесі шағын шаруалы, қожа деген атына лайықты күн кҿрген жан
екен. Ҽуелі үйде, кейін ҿз бетімен ізденіп, оқу оқыған. 14 жасқа келгенінде ата-ансынан
бірдей жетім қалып, Есехан деген жеті жасар інісін жетелеп жан бағады. Тек ержете келе
ақындығымен елге танылып, 20 жасынан сҿзге араласады. Дҽстүрлі ақындық мектеппен
бірге, ҿзінің сауатын молайтып, шығыс ҽдебиетін оқуға, оның кей үлгілерін таратып
айтуға тҿселеді. Кҿрші елдердегі мҽдениет ошақтарын аралап, Бұқар, Самарқан, Ташкент
сияқты қалаларда болып, шығыс шайырлары еңбектерімен танысады. Қазақ еліндегі
ҿзімен тұстас Дулат, Шортанбай, Мҽделі, Молда мұсалармен пікірлес болып, Айман,
Гүлханым, Жаныс деген ақындармен сҿз қағыстырады. Ол 1860 жылдары Ҽулиеатаға
келіп, Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен сҿз қағысады. Бұл жыр 1929 жылы «Жаңа
ҽдебиет» журналына басылған. Кҿлемі – 68 жолдай, Онда басқа рудан келген қонақтардың
күтімсіз қалғаны сҿз болады. Майлы шығыс ҽдебиетін ҿз бетімен аударуға да күш салған.
Діни қиссалардың сюжетімен дастандар да жазған. «Зарқұм» үлгісімен «Абдолла бала»
дегенді жазған, «Тотынаманы» ҿзінше ықшамдап толғаған. Оның толғаулары баспа бетін
ерте кҿрген. 1883 жылы Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестоматиясы»
жинағында Майлының бірнеше ұзақ толғаулары бар. Олар: «Райымқұлға», «Қасқыр»,
«Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады
Ақын түсінігінше, ҽйелдің ҿмірдегі орны ҿзіне бҿлек. Ҽйелдің жақсылығы тек
кҿркінде ғана емес, ақылында, ҿнерінде, адамгершілігінде. Жақсы ҽйел ер жігіттің
таусылмас қазынасы, шын досы. Ол жаман ҽйелдің де бейнесін жасайды: Жаман болса
қатының, Ұқсайды тілі шешекке, Ызаға толар қос ҿкпе, Ҽр жұмсты қылғанда,
Жолықтырар кесетке.. Арманда ҿтер ҿмірің... Майлы адам ҿмірін жан-жануарлар
ҿмірімен ұштастыра да жырлаған. Оның «Бұлбұл» ҿлеңінде еңбеккер үшін табыс тауып,
қыс қамын жаар шақты бекер ҿткізбе делінген. Бұл Крыловтың «Құмырсқа мен шегіркесі»
іспетес. Кенесары баласы Ахмет тҿрені таяқтап қуса да, жем дорбаға кҿз тігіп, үйден
шықпайтын жемсау мҽстекке теңейді. «Не жүйрік ҿтті дүриеден», «Осындай бұл адамның
ҿмір жасы» толғауында да ол адамның 20 жаста жетіліп, қыранша қалықтарын айтып,
кҽрілікке қарсы қояды.
Майлықожа ҿлеңдерінде басқыншы жауға деген наразылық анық, Қоқандықтарға
қарсы айтылған кей термелерінде Қоқан басқыншыларына қарсы күресте қаза тапқан
батырларды ардақтап, Мұсабек ерді дҽріптейді, ерлік дҽстүрді ҿнеге етеді.
Майлы ҿлеңдерінде еңбек тақырыбы ерекше кҿтерілген. Болашақтың тірегі еңбек
екенін ескертіп, жастарды кҽсіпке, диқаншылыққа баулиды.
Майлы толғаулары ақыл, нақыл, дидактикаға толы. 1972 жылы «Жазушы»
баспасынан шыққан кітабы «Нақыл» деп аталған( құрастырған – Ҽсілхан Оспанов). Ақын
« Тҽтті жырым тҿгілсін» ҿлеңінде негізгі мақсаты ҿнерімен халыққа қызмет ету екендігін
жеткізеді. Ал «Ақынның анық жүйрігі» толғауында ҿнер шеберлеріне талап қойып, ҿлең
терең тебіреніс, еңбек жемісі болуы керектігін ескертеді. Қазақ ақындарының негізгі
қасиеттерін санамалай еліп, «жақсы ақын», «жаман ақын» деп екіге бҿліп, ҽр қайсысының
ҿзіндік образын жасайды.
Майлықожа - табиғат жырларын алғашқы жырлаушылар-дың біріне жатады,
«Жылдың тҿрт мезгілі» атты арнайы жыры бар. Жыр мазмұны адам ҿміріне қатысты.
Ақынның ҿлеңдеріне талдау жасар болсак, оның ой мен сҿзге тең ұста ақын екенін
кҿреміз.
Қазақ қыздарының ішінен суырылып айтысқа шыққан, сҿз ҿнерінің жүйрігі
саналатын Сара Тастанбекқызы /1853-1907/ қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы,
Матай-Қаптағай елінде дүниеге келген. Ҽкесі ҿліп, немере ағасының, Жайсаңбек-тің
қамқорлығында болған. Ауыр тұрмыс, жоқшылықтан шешесі Уазипа, інісі Сахари ерте
ҿледі. Зерттеуші Тҽңірберген Қалилахановтың айтуынша, Жайсаңбек бұзықтар қолына
түсіп, ҿзін де, ҿзгелерді де азапқа қалдырады. Сара Біржан ақынның кҿмегімен
Жиенқұлдан азат болып, Бекболдан бес бала сүйіп,ҿмір кешкен, сүйегі Қапал
ауданындағы Қарашоқы зиратына қойылған.
Сара зерек, алғыр ақындығымен ел ішінде құрметке ерте бҿленеді, оның бір киерін
ағайын-туыстары бүтін етуге тырысқан. Ілияста айтылатын: Қобызшы Молықбай шал
Матайдағы, Матайда Кенже-Тұңғат Сақаудағы. Қазақта қобызшының қалғаны сол, Күйші
еді майпаңдаған бақайшағы,- деген қартттың ҿнерін тамашалаған. Қолына он жасынан
домбыра алған қыз сҿз бен саз сиқырына ерте жетіледі. Он бес жасында сұлулығымен
кҿздің құрты болса, ақындығымен де Ниязбек, Мҽулімбай, Арыслан т.б. айтысып, ҿзін
жаттықтырып, ел аузындағы сҿзге айналады. Он үш жасында оны атастырған кеміс, кексе
Жиенқұлдан құтылу жолын ойлаған Сара шаршы топ алдында ҿз басының мұңын айта
бастайды, «ағайын, аясаңдар, дертімді жаз» деп, ел ішінен жанашырлар іздестіреді. Батыл
сҿздер айтып, ҿз шерін ҽн-жырға қосады. Ел жақсылары - Арнай, Телібай, Мүсҽпірлер
Тұрысбек қажының алдында Сараны қорғауға дҽрменсіз. Сондықтан Сара ҿз арызын
қажының аулына барып айтуды жҿн кҿреді. Тұрысбек пен Есімбектің аулындағы жиынтой, думанға барып ҽн салып, ел ҽкімдерінен Жиенқұлдан құтқаруды сұрайды.
Мұңымды ҽнмен айтам жылай-жырлай,
Қажыға қажы қоскан шыдай алмай.
Ҿшетін кҿрінеді арман оты,
Қоржиған Жиенқұлды құдай алмай.
«Ешкіҿлмес» жайлауындағы Есімбек болыс аулында бай бҽйбішесі Шҽлипа Сараға
отау тіккізіп, ҿз үйінің қасына алып, қадірлі қонақ етеді, ҿнерін тамашалайды. Сараның
ақындық аты мен қалыңмал құрбаны ретіндегі зарын жалпақ қазақ даласы естиді /
Орынбай, Ҽсет,Ҽріп, Жүсіпбек, Біржан, Абай/.
Зерттеуші Х.Сүйіншҽлиев Біржанның Сараны іэдеп келуіне Абай ҽсері болу керек
дейді. Себебі, Ҽбдірахман ҿлгенде, Мағауияларға сый кҿрсетіп, Абайға ҿлеңмен кҿңіл
айтады, хат жазады. Абай есімін кейінгі ҿлеңдерінде құрметпен атайды.
Біржанның келуі, айтысуы Сараның тағдырының шешуші сҽті болады. Дегенмен жас
кезіндегі дерт оның 1907 жылы үзілуіне ҽкелген.
Кҿп уақыт осы айтысты Ҽріп ақын ҿз жанынан шығарған деген сҿз болды. Ақиқатты
ашу үшін кҿп ізденген зерттеуші-лердің бірі Қалилаханов Тҽңірберген Сара ақынның
шығарма-ларын жинақтап, 1980 жылы «Тордағы тоты» деген ҿлеңдер жинағын шығарады.
Сара «Тағдыр тҽлкегі» толғауында ҿзінің жетімдік шағын қыс ызғарымен қатар салыстыра
береді, Жайсаңбектің амалсыздан Сараны Жиенқұлға беруге келіскенін баяндайды т.б.
«Жүрек» атты романтикалық лирикалық дастанында жергілікті халық аңыздарын жырға
қосып, түнде қыз Қапал тауындағы «Баянжүрек», «Сайын бҿлек», «Қоңтҽжішоқы» деген
тҿбелерге шығып, ҿзіндей аяулы ғашықтармен, махаббат үшін шейіт болғандармен
тілдеседі. «Аққу», «Ортақ мұң», «Қарлығаш», «Қош бол, елім», «Ашындым» ҿлеңдерінде
Сара ҿз ҿмірі, мұңдылардың зарын, халық пен билеушілер қарым-қатынасын ҿзек етеді.
«Қарлығаш» ҿлеңінде Ҽріпке арнап жұмбақтап жауап қайырып, ғашықтығына жауап
бермейді. Айтыстың болған жері мен ҿзінің диалогтарын қайта жырлап берген адам
Сараның ҿзі. Айтыс ҿткен соң, бір жылдан кейін Сараның ҿз аузынан Жүсіпбек қожа
жазып алып, баспадан шығарған. Біржан мен Сараның ақындық атын кҿпке жайған бұл
айтыс 1871 жылы ҿткен.Сұлу қыздың сҿзге шешен,мінезге бай, ақылды да дара екенін
байқаған біржан қызды мақтай отырып, осындай жанды қалай қорлыққа қиясыңдар
деп,араша түседі.Ҽлеуметтік теңсіздік мҽселесін кҿтерген бұл айтыс идеялық мазмұны,
кҿркемдік ерекшелігі жағынан ҿзге айтыстардан биік тұрады.

7-дәріс. Сүйінбай Аронұлы мен Базар Оңдасұлының шығармашылығы.


1. Сүйінбай ақынның өмірі мен шығармашылығы.


2. Сүйінбайдың Тезек төремен айтысы.
3. Базар Оңдасұлының өмірі мен шығармашылығы.
4. «Мақпал-Сегіз», «Айна-тарақ», «Ахметжүсіп» дастандары.
5. «Дүние», «Жігіттік», «Халық үшін туған қайратты ер» өлеңдерінің көркемдік
ерекшелігі..
Белгілі қазақ ақыны, айтыс өнерінің жарық жұлдыздарының бірі –Сүйінбай Аронұлы Алматы облысы, Майтөбе жайлауында 1822 жылы шілде айындадүниеге келген. Өз әкесі – Арон Күсепұлы, арғы атасы - Жиенқұл деген кісілер. Кедей отбасынан шыққан, әкесінің шаруасының шағындығы сонша, кейде ішер ас, мінер атқазар болған екен. Бұл туралы ақынның өз өлеңдерінен аңдауға болады. Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі кейінірек, ақын ер жеткен кезде болған. Қалың бұқараға арқа сүйеген ақын тайсалмай сөйлеп, ел алдында оны өшкерелеп, баскөтертпейді. Қырғыз еліндегі Орман хан ұрпақтарының елге қылып отырған зәбірін де ашық айтудан қайтпаған әр жан әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әділ билік айтады. Ақынның ел ісіне араласуы оның қоғамдық бағытын байқатады. Ақын енді әкесінің шағын тұрмысына малданбай, ел кезіп, өмір көру мақсатымен өзге ақындармен кездесіп, ел аралай бастайды. Оңтүстік, шығыс, Орталық Қазақстан жерін түгел аралап, Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай сияқты ақындармен кездескен. Кейіннен табылған бір өлеңінде ақын өзінің жасы 73- те екендігін айтады, бұрында 68 жас жасаған деп келген еді. Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде, «Сүйінбай Алатаудай, атым дардай» өзінің бірде-бір шығармасының жарық көрмегенін айтып өкінеді. Өзі қайтыс болған соң өлеңдері де ізсіз өше ме деп өкініш білдіріп, туысы Жұмыққа өкпе айтады. Өлеңдерін қағазға түсіретін адам тап десе, ол құдай алдында кінәлы болмай, жайыңмен өл
деп көмектеспейді. Сүйінбайдың «Жұмыққа» деген өлеңі сонда шыққан:
Атың емес, Жұмық-ай, ойың Жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім-ау көзім жұмып.
Сүйінбайды апарып көмгеннен соң,
Отырарсың жотада жалғыз ұлып.
Өмірді келген, кеткен аңдамайсың,
Адамның болашағын болжамайсың...».
Сүйінбай – халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Өзі туралы айтқанында:
«Ақылымды қараңғы басып қалған,
Сау күнімде құдайым еске салмай,
Ауру билеп, бойымнан әлім кетті-ау,
Бауырсаққа иленген кескен нандай».
Сүйінбайды қазақ қана емес, Орта Азия ақындары да жақсы білген, әсіресе, қырғызға танымал. Орманбетхан өлген соң оның хан болған баласы Үмбетті де сынап отырған.
Жетісу ақындары оны пір тұтқан. Жамбыл оны ерекше қастерлеген. Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай. ... ақындардың ақыны, айдын көлдей ақылы, жыр тұлпары- Сүйінбай.. Үмбетәлі ақын Сүйінбайға арнауын 1935 жылы шығарған. Ғалым Е.Ысмайылов оның ұстаздық өнегесі жайлы былай дейді: «Сүйінбайдың бүкіл Жетісу ақындарына, әсіресе, ең таланты шәкірті, келешегінен зор үміт күткен Жамбылға берген ақындық, ұстаздық жолында екі үлкен ерекшелік бар. Бірі айтыста болсын, шындықты жеткізіп, өткір, шешен, тапқыр тілмен тыңдаушыны құмарландырып сөйлеуі, екіншісі— тарихта болған батырларды үнемі желілі жырға айландырып айтуы /Ақындар, 103-бет/.
Сүйінбай шығармашылығының баспасөз бетін көруі. 1935 жылы «Сүйінбай ақын» деген тұңғыш жинағы шықты. 1926 жылы С.Сейфуллин оның «Кәрілік» деген өлеңін «Жаңа әдебиет» журналында жариялайды. Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов оның шығармаларын 1940 жылғы жинаққа енгізу әрекетін істеген. Сүйінбайдың өмірбаянынына қатысты деректерді С.Бегалиннің Жамбыл туралы жазған жазбаларынан кездестіреміз. Халық ақыны Әбдіғали Сариевтан 1950 жылдардың ішінде көптеген шығармалары жазылып алынған. 1960 жылы Х.Сүйіншҽлиев « Қазақ ақындарының қалыптасу кезеңдері» жинағында біраз мөлімет берген, кейінгі оқулықтардың бәрінде де Сүйінбай ақын туралы айтылады. 1975 жылы «Жазушы» баспасынан «Ақиық» атты жинағы шықты, бұл 1990 жылы қайыра басылды, Ақынның қолда бар шығармаларын үш топқа жіктеген: толғау, арнау, айтыстар. Бірінші саланың мазмұнына шет жұрттық басқыншылардан елді қорғау, ерлік істер, батырлар тұлғасы, дүние, әлем, бақ, дәулет туралы ұғымдар жатады. Өмір эволюциясын бейнелі түрде суреттеген. Жақсы мен жаманды саралап тұрып көрсетеді..Оның «Датқаларға» өлеңі Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңімен үндес.
«Ханмын деген төреге» арнауы. Сүйінбай халық батырларына арнап дастандар шығарған, бірақ бізге толық жетпеген. Оның «Тотан батыр» жырын Ә.Сариев жырлап келген-ді. «Сұраншысынан» үзінділер ғана бар. Ақын кейбір сапарларын өзі қайыра да жырлап беріп отырған. Кейбір адамдармен тіл қағыстырып еске алады. «Сүйінбай мен Қарға», «Сүйінбай мен Тезек», «Сүйінбай мен сары ат, кәрі қой», т.б. Ал өнер адамдарымен сөз жарыстырулары өз алдына бір төбе: Қаңтарбай, Кескен кекіл, Күнбала, Уәзипа, Қатаған..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет