1-Модуль. ХІХ ғасырдың басындағы ақындар мен зар заман ақындары


Енді осы топқа жататын жыр жүйріктерінің бірі – Базар Оңдасұлының шығармашылығына



бет3/10
Дата06.02.2022
өлшемі169,98 Kb.
#80132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция
прак ККА, адеби урдис, Емтихан, Өздік
Енді осы топқа жататын жыр жүйріктерінің бірі – Базар Оңдасұлының шығармашылығына тоқталмастан бұрын, өмірбаяны туралы біраз мәлімет беріп өтейік. Себебі, адамға өскен ортасы мен қоғамдық жағдай үлкен әсер етеді. Ол Қызылорда облысының Қазалыға қарасты Көшербай болысы, 6-шы ауылда туып-өскен. Шыққан тегі - кедей. 16 жасынан бастап өнер жолына бет бұрады. Ақынның ұрпақтары қазірде Өзбекстанның Бұхара облысы, Тамды ауылы, Қосбармақ деген жерде тұрады. Діни кітаптар мен шығыс қиссаларынан сусындаған ақын өздігінен ізденіп, өнерін ұштау үстінде болады. Суырып салма ақынның өлеңдері кеңестік үкімет кезінде жинақтала бастады. Ә.Диваев, С.Сейфуллин, Ә.Марғұландар алғашқы жазып алушылар тобы, 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Терме» деген жинақтың бір тарауы жырау жырларына арналған. С.Сейфуллин 1931 жылы оның заман жайлы толғауларын 200 жолға жуық «Қазақ әдкбиетінің ескі нұсқаларына» енгізді. Базар өлеңдері «18-19 ғасырлар ақындар шығармалары»,/1962/, «Үш ғасыр жырлайды»/1965/, «Бес ғасыр жырлайды»/1989/ жинақтарына енген. Ақынның қолжазба қорында жатқан шығармалары баршылық. «Мақпал-Сегіз», «Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Ахметжүсіп» атты лирикалық толғаулары. Ғашық жүректер сыры мен әрекеттерін шертетін бұл туындылардың назиралық та сипаты бар. Ақынның алғашқы жинағы 1986 жылы шығарылды. Оның жырларын бертінге дейін Жұмақымет, Сүйкімбай сияқты жыраулар жырлап келді. Өзі туралы айтқан: Дабылымды есітіп, құмар дейді көрмекке. Сонау төмендегі Астарханның бойында, Он екі ата Байұлы, Мұндағы Әлім мен Шәменнің, Мен едім даңқты шайыры. Екі ананы тел емген, - Күпшек санды күреңі- деген әсіреелеуі нақты-ақ. Оның «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» өлеңдерінің мәні ерекше. Базар адамның қуатты шақтарын қартайған күндеріне қарама-қарсы қойып, жастарға ақыл айтады, ақыл мен қуатты ұштастырып, өркенді іс қылуға үндейді. «Жиырма бес» деген өлеңі жастық қызуын өзінше жеткізе білген туынды. «Өзімдей-ақ ұл туар», «Өлеңнің аққан көзі едім» өлеңінде:
Қайыңның қатты безі едім,
Есіткендерді емірентіп,
­леңнің аққан кҿзі едім.
Өртедім талай өзегін.
Сөйлер сөзге келгенде
Талай жерді таңдантып,
Шебердің құрған тезі едім.
Қызыл тілді безедім.
Оның жырларынан екпінді бір сел тасқынын көргендей боласыз . Поэтикалық тілді жырау ұтымды қолданып отырған. Қазақ даласындағы айтыс өнерінің мәні. Айтыс өнерінің ерте түркі дәуіріндегі көріністері. Айтыс түрлері. Қыз бен жігіт айтысы. Өлі мен тірі айтысы (Ақбала мен Боздақ). Орыс зерттеушілерінің қазақтардан жазып алған нұсқалары. В.В.Радловтың «Ескі сөз – ел қазынасы» атымен берілген жинағындағы айтыс үлгілері. Айтысқа түсетін ақындардың шыңдалу мектептері. Ҽлеуметтік өткір мҽселелердің сөз болуы. Сөз барымтасын бағалау. Қазақстанның түрлі өлкесіндегі атақты ақындар. Шөже Қаржаубайұлының өзіндік ерекшелігі. Сүйінбай қалыптастырған дәстүр. Сыр сүлейлері. Құлыншақ өлеңдерінің ерекшелігі. Құлан ақын. Ноғайбай ақынды Абайдың жоғары бағалауы. Орынбайдың Шоқанды жоқтауы. Айтысқа түскен қыз-келіншектер. Ұлбике ақын туралы аңыздар. Сара ақын мен Біржанның өнер қағыстыруы. Бұрынғы айтыстар мен қазіргі айтыстардың айырма, ұқсастықтары. Базар мен Мәделі, Майлықожалар өнері.

8-дәріс. ХІХ ғасырдағы сал-серілер поэзиясы. Әншілер мұрасы.


1. Сал-серілер туралы түсінік.
2. Жаяу Мұса шығармалары.
3. Мұхит Мералыұлының әдеби мұрасы.
4. Балуан Шолақтың әдеби мұрасы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың реалистік жаңа әдебиетінің негізі
салынды. (Шоқан, Ыбырай, Абай), аударма өнері дами бастады, қазақ халқының дарынды
ұл-қыздары жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары жаза бастады. Сегіз қырлы, бір сырлы
өнер иелері туралы осы уақытқа дейін аз айтылған жоқ. Бұлардың бір өзгешелігі
шығармалары Қазақстанның бар қиырына тегіс жайылған, қазірде де өміршең
туындылары халықтық әнге деген құмарын сусындатуда. Сал-серілердің оқшау бір
шоғыры қазақтың ән әлемін жаңа ырғақ, соны сөзбен байытты. Әнді де, Өлеңді де Өздері
шығаратын Өнерпаздар әрі сол шығармаларының орындаушысы да болды. Қазіргі тілмен
айтқанда, ақын, композитор ,әнші деп айтсақ, бұрын сал-сері деп ардақталды. Олар кейде
өнерлі жастардан топ құрап, жүйрік, жорға мінісіп, қызылды-жасылды киініп, ауылауылды аралап ән мерекесін өткізген, кейде осындай топ бірдей киініп, бірдей жорғаларды
мінісіп, көрген елдің көкейінде өшпес әсер қалдырады екен.
Қазақ ән тарихына өз атын өшпестей қып жазған өнер тарландарының бірі – Жаяу
Мұса Байжанұлы. Ол 1835 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жасыбай кҿлі
жағасында дүниеге келген. Руы - Сүйіндік, оның ішінде- Айдабол. Ҽкесі күйлі жан
болғандықтан оны 5-6 жасында мұсылманша оқуға береді, тоқал алған соң, анасы Нақыш
екеуін бір қойып, бұларға қараспайды. 15- ке келерінде еті тірі бала оқу іздеп,
Қызылжарға бара жатқан қалашыларға ілесіп, саудагер ноғайға жалданады. Үш жылда
орысша жақсы сҿйлеп, тілі арқасында хат үйренеді, сауатының арқасында газет-журнал,
кітап оқып, ҿзін жетілдіреді. Омбыға оқу іздеп келіп, бірнеше жыл оқиды.Сұлтанғазы
Абылайхановтың үйінде тұрды деген дерек бар, Шоқанмен де жүздескен делінеді. Татар,
орыс музыкасымен, биімен танысып, ҿзгелерге орындайды. Домбыра, скрипка, сырнайға
бірдей ол отырған жерін ойын-тойға айналдырып, Қызылжар, Омбы жаңалықтарын елге
таратып отырады. Қолдаушы халықпен бірге күндеушілері де кҿбейеді. Шорманның
Мұстафасы атын аударып алғанда шығарған «Ақ сиса» ҽні елден елге тарап, ақын даңқын
жая түседі. Күшке, озбырлыққа ҿнерді қарсы қойған оған «Мырза кедей» аты қоса
таңылады. «Ақ сиса» ҽнінің мҽтіні айтылады. Мұса кҿзі ашық болғандықтан, жергілікті
озбырлар үстінен арыз береді, алайда мұның арты оның ҿзінің 12 жылға Тобылға жер
аууына себеп болады, Мұса Петрбор, Литва, Украйнада болады, арбакеш бола жүріп,
ҽскер қатарында біраз ел кҿреді. Чернияев отрядында болғанында, қашып, елге келеді.
Бұрынғы қудалашы-ларының бірі ауысып, бірі ҿлген екен, дүние біраз ҿзгеріпті,
сондықтан оны қудалаушы болмайды. Мұса ауылнайлыққа ҿтеді. Салт жүрмей, Сапар
деген қызға үйленеді. Құс салып, кҿңілі оңалып, тұрмысы түзеледі. 1874 жылы айдабол
болысына старшын болған кезінде уезд начальнигі Ферефонтов Мұсаға екі қашқынды
ұстатып, 100 сом шығынды тҿлемейді. Ояз оны сұраған Жаяуды ұнатпайды. Мұса жазған
шағым Батыс Сібір ген.-губ.-нан да бірнеше кері оралып, билер соты бірігіп, Мұсаға бір
ай абақты кесіледі. Бес арыз да аяқсыз қалады. Архив деректері Мұсаның ҽділет үшін
күрескен қайратты жан екендігін айқындайды. Мұсаның «Қазан қыздары» деген ҽні
Қазанға барған кезінде шығарылған, 1880 жылы ол сонда болған екен. Мұса ителгі,
тұрымтай, қаршыға, лашын, бүркіт, қырғи деген құстарды тобымен ұстаған саятшы
болыпты. Бұл сал-серілерге тҽн қасиеттердің бірі ме? /Садуақас Шормановтың «Аушы»
деген кітабы бар, 1907 жыл, Қазан/
«Құлбай» ҽні мысқылға толы. Мұсаның ҽйелі 37-ге кел-генде 4 баласын қалдырып,
қайтыс болады. сондағы «Сапар» ҽні: Келдім сапар басыңа, Жалғыз Садақ қасымда,
Кеттің Сапар дүниеден , Отыз жеті жасыңда... бұл Затаевич жинағында «Қатын ҿлгенде»
деген атпен берілген. Зейтін Ақышевтің «Жаяу Мұса» атты романында ақын туралы кҿп
мҽлімет берілген. 1928 жылғы конфискені кҿзімен кҿріп, Жаяу Мұса 1929 жылы 94
жасында дүниеден озған. Мұсаның «Жақсы мылтық», «Жұлдыз», «Жан серігі», «Қақпан»»
«Күз», «Қаршыға», «Тұрымтай» деген ҿлең-дері бар, Ахмет Жұбановтың сҿзімен
айтқанда, «Мұсаның жалпы кҿз шеңбері басқа халық композиторларымен салыстырғанда,
анағұрлым кең жатыр». Оның Пушкинге, Гогольге, Глинкаға арнау ҿлеңдері бар. Сондайақ «Олжабай батыр», «Данышпан қыз» деген поэмалары бар. «Бҿдене мен қасқыр», «Шал
мен торғай» мысалдары да тҽлімдік мҽні бар дүниелер. Заман сипатын ақын былайша
ҿрнектеген:
Бесікте алдаймын деп бала жатыр,
Қор болып ін түбінде дана жатыр.
Осы заман не болар деп ойлаймын,
Адам түрі бұзылып бара жатыр.
Мұса ҽйел теңдігі тақырыбына гуманизммен қараған. Ол Күлҽнда деген қызға
қарсылық ҿлең жазып айтқызады. 70-тегі шалға берілмек болған Күлҽнданың сҿзін
бҽйбіше, балалары естіп, қыздың басы босаған екен.
Ҽндері: «Кҿкаршын», «Сұрша қыз», «Гауһар тас», «Толқыма», «Сарын», «Арап батыр»,
«Толғау», «Жуан аяқ» т.б. Күйі – «Құмжылан». Мұсаның «Шолпан», «Түрымтай»,
«Құлбай» деген ҽндерінде қалалық сарын бар, себебі Мұса біраз уақыт ҽскер қатарында
болған, қазақтың ҽн-күйіне «марш», «вальс», «мазурка» ырғағын ҽкелген/ Затаевич
кітабын басшылыққа алыңыз/. С.Бегалин мен Қапан Мусин бірігіп, «Жаяу Мұса» атты
опера жазған. Оның музыкалық шығармашылғы жҿнінде З.Қосбақов кандидаттық дисс.
жазды. Мұса үлкен қызының атын Л.Толстойдың «Анна Каренинасының» құрметіне Анна
деп қойыпты . Ҿзгелері- Зекен, Кҽсіп, Садық.
Ҿзге қандай сал-серілер туралы білесіздер? «Жаяу Мұса» романымен кімдер таныс?
Жаяу ҽндерінен ҿздеріңіз қандай ерекшелік байқайсыздар? Абақты тақырыбы кімдердің
шығарма-шылықтарында кҿтерілген?
Мҽди Бапиұлы /1880-1921/, Сары Батақұлы/1863-1895/, Иманжүсіп Құтпанов/1863-
1931/....
Мұхит Мералыұлы 1841 жылы осы күнгі Батыс Қазақстан ҿлкесі, Орал облысы,
Қаратҿбе ауданы, Ақбақай деген жерде шағын шаруалы Мералының 8 баласының бірі
ретінде дүниеге келген/ шын аты- Мұхамбеткерей/. Ҽнші, күйші, скрипкашы отбасы
мүшелері ҿз ҿнерлерін қосымша табиғат сыйы деп қараса, Мұхит қана ҿнер жолына
түседі. Домбыраға жетік оның ою-ҿрнекті ҽсем қиятын да ҿнері болады. Ҽкесі старшын
болғандықтан, ауылға келген ҿнерпаздардың арасына балаларын еркін жіберіп отырған.
Мұхиттың арғы тегі ақсүйек Қаратайдан тарайтындықтан, ҽкесі одан ҽкімшілік адамын
шығармақ болады, ал Мұхит ел аралап, ҿнерге деген ҽуестігі арта түседі. Ҽкесінің
қолқасымен ауылнай болуға келісіп, 1-2 айдан соң іс пен мҿрді ҿз қолына қайта ҿткізіп,
«басына бостандық алады». Ҽкесі аяғын шырмамақ болып, келіншек ҽперіп, енші бҿледі.
Бас-кҿзсіз істетіп, дос-жаранға соя берген соң, ҽдемі киім үшін ұдайы базарға
сатқандықтан, мал кетіп, жалғыз сиыр ғана қалады. « Мұхитта мал дегенде жалғыз сиыр,
Болады баспағымен екеу биыл. Мұхиттың шаруаменен жұмысы жоқ, елдегі ойын менен
жиынға үйір»,-деп, ҽндеткен ақын шаруаға қырсыз болады. Орынбор, Қостанай,
Орск/Жаманқала/, Аралға танылады, тҿре тұқымынан шыққан сал бұқараға сіңіп кетеді.
Оның алғашқы ҿлеңдері арнау сияқты болып келеді. Шыққан жылдары белгісіз.
«Айнамкҿз» ҽнін шай құйып беріп отырған сұлу Құралайға шығарыпты, «Алуаш» ҽні де
осылай. Сейіт байдың Алуаш деген сұлу қызы бар деп, қолынан шай ішкісі келеді, үй
жабдығы сайлы бай ҽншінің атағын сыйлап, жақсы күтеді. Тамаша ҽндерді салған Мұхит
қызға арнап осы ҽнін шығарыпты. «Қилым» деген ҽні де ҽнші «Қилым» дегеннің даусына
риза болғандықтан жасаған тартуы екен. «Жалпақ қоян» деген жұт жылы/мешін-тауық/
Мұхит Жымпитыдағы Мұхтар деген мырзадан кҿмек алып тұрады, кҿктем шыға оның
бейілі тарылған соң, ел аралап, бір үйге тоқтайды. Кҿже ішіп, ҽлденген соң, домбыраға
қол артып, ҽн шырқайды, ҿзінің Мұхит ҽнші екенін жеткізеді, ертесі бҽйбіше оған балашағасына біраз азық салып беріпті, ақын осы сапарын ҿзі ең табысты кез деп айта жүріпті.
Ақын Бала Ораздың шығармаларынан Мұхитқа «Жылқышы хикаясы» қатты ұнайды. Ел
ішіне ҿзінің «Кіші айдай», «Бала Ораз», «Айдай», «Жылқышы» ҽндерін таратады. Бұлдаладағы Джулетта мен Ромео оқиғасы іспеттес.
Саламын сал Ораздың «Айдайына»,
Бақ бергей ер жігіттің маңдайына.
Талабың тай жегендей бір бала едің
Заманның тап болып ең қандайына.
Не байқалады? Ҿзіне дейінгі авторға сілтеме беріп тұр. Мұхит есейген кезінде ел
аузынан Медет деген кісі туралы сҿз естиді. Үш ҽйелінен отыз ұл, жалғыз қызы болған
байдың елге келген аурудан отыз ұлы түгел ҿліп, Зҽуреш деген қызы ғана қалады. Медет
Орынборға жолаушы шығып келсе, Зҽуреш де ҿлген екен. Медет моланы құшып зарлап
қала беріпті. « Қарағым, сенің үшін елден келдім, Баяғы ҿзің кҿрген жерден келдім, Сен
неге мен келгенде тебіренбейсің, Иіскеп бір сүйейін деген едім. Құланның түзде кҿрдім
шоқырағын, Қайыңның жаста кҿрдім жапырағын, Сен қалған отыз ұлдан жалғыз Зҽуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың... Кҿңілімді тұра алмадым елде тыйып, Бір құлаш қалқам
жатыр жерге сыйып. Кҿзің бар жанарындай құралайдың, Кім кҿмді бұл орынға кҿзі қиып.
Отырмын аят оқып, аттан түсіп, Шыдамай мезгіл-мезгіл қабір құшып. Кҿрмесем бір сағат
та тҿзбеуші едім, Ғайып боп кеткенің бе қолдан ұшып.. Ақ бетің айдын кҿлдің алабындай,
Қасың бар молдалардың қаламындай. Алдыңнан тағдыр құдірет жарылқасын, Кешікпей
мен де артыңнан барамын-ай»,- деген ҽн сҿздері зарлы ҽуенмен ұласып, естіген адамның
сай сүйегін сырқыратады. Бұл ҽнді А.Жұбанов Реквием сатысына кҿтеруге жарайтын
қаралы маршқа санайды. «Иіс» деген ҽнінің шығу жолы да бҿлекше. Қазақта кісісі ҿлген
үйге кҿңіл айта келгенде жанына қара жетелеп келеді екен не басқа бұйым берген. Осы
ҽнді асқа келгенінде шығарыпты. Мұхит ҽндерін кҿбінесе Шынтас Қаратаев пен
Ғарифолла Құрманғалиевтар орындаған. «Паңкҿйлек», «Дҿң асқан», «Майда қоңыр»
деген ҽндері ҽлі де ел аузында айтылуда. Мұхит қазақ ҽндеріне қоса орыс ҽндерін де
айтып, би музыкасын домбырада да салған. «Невозвратное время» вальсін Жүсіп, Ақжан,
Сақып, Шайқы жҽне ҿзі бесеу болып қосылып тартады екен. Степан деген досымен
араласып тұрыпты. Мұхит естігенін ұмытпайтын ҿте зерек болған. Бірде Кҿкжар
жҽрмеңкесін аралап жүріп, «Мұхамедияны» айтып отырған шалды кҿріп, біраз тыңдап,
ҽлгіні ҽдемілеп айта жҿнеліпті, бҿрікке толған ақшаны шалға беріп жҿніне кетіпті-мыс.
Мұхит ҿнері жалғасын тапқан .Оның ұрпақтары, туыстары ҽнші, скрипкашы, домбырашы
болып Қазақстанның ҽр жерінде ҿнер кҿрсетуде. Бах ҽулеті сияқты Мұхит ұрпақтары
ҿнерді жалғастырып, консерватория, мектептерде дҽріс беруде.
Ұлы жүз, дулат елінің адамы Баймырза деген кісіден тараған Нұрмағамбет
/Балуан Шолақ/ 1864 жылы туылады. Кейін саусақсыз қалған соң/ біреу күйген, біреу
үсіген деп айтады/ шолақ деп аталыныпты. Ҿзі : Баласы Баймырзаның атым Шолақ, Оң
қолым отқа күйіп болдым молақ,- деген. Баймырза Шолақтың жас кезінде
Кҿкшетауға кҿшіп барып, кҽсіпшілік етеді,, ағаштан түйін түйген шебер баласын
керек-жарақтан тарықтырмайды. Шолақ тҿбелесқор ҽрі атқұмар болып ҿседі, қайда
жиын-той болса, соның гүліне айналады. Денесіне зор үні сҽйкес келіп, ҿз ортасынан
теңдесі жоқтай ҿнерпаз болады. Біржан, Ақан ҽндерін бабына келтіре айтады. Ҽке-шеше
ҿлген соң, қалған малды біраз талғажау етіп, Ғайныкей деген қызға үйленеді. Ел аралап,
ҿнерлі жастарды жинайды, кейбір ҽндерді хормен орыдайды. Отыз бесінде аты жайылады
балуан ретінде. Бұл жҿнінде ҿзінің «Сентябрь» ҽнінде айтқан. Омбыға патшаның
мұрагері келгенінде Севр деген палуанды жығады, 49 жасында Қоянды базарында Коран
деген балуан мен күресіп, оның қабырғасын сындырып жеңеді. Аңыз бойынша, ол
Қажымұқанмен кездескен, бірақ күш сынаспаған.
Қазақ жеріне орыс, украин шаруалары келіп орналасуына наразы болған ол
арандатушылардың тіліне еріп, сол келуші-лердің поселкасының 40 ҿгізін айдап, базарға
сатады. Сонымен бір түрмеге түседі, басқа бір ұрылар қуып кеткен поселка малдарының
жаласы қоса жабылып, 80 ҿгізден ҽрең құтылады, осы күйді ҿз ҿлеңдерінде беріп отырған.
Ҿмірдің бар мҽселесін күшпен шешуге болмайтынын түсінген ол келе-келе қол күшінен
бас тартып, ҿнер жолына ауысады. Орыс чиновнигінің бірінің қызымен танысуы оның
орыс шаруаларын мазалауын қоюға себеп болыпты, қараңыз, С.Мұқанов « Балуан Шолақ»
повесі. Балуан Шолақтың аты аталғанда, қатар аталатын бір қыз есімі бар. Кім? Ол
жайында не білесіздер? Ғалия- Ақмоладағы Тілеу дегеннің қызы, сұрлау, ат жақты
келген, бетінде аздаған шешек дағы бар, оң қолынан ҿнері тҿгілген шебер екен. Жастай
атастырылған күйеуі Біржан дегеннен ажырап, Қараҿткелге қайта келіп, қымызшы болып
істепті, содан Балуан мен танысып, ұнатысып, қосылуға сҿз байласады. Балуан оған
келісілген 47 –ні қайтару үшін Кҿкшетауға кеткенінде, билер соты болып, Ғалия ҿз басын
қорғап шығады, ал Балуанның басына баяғы 80 ҿгіз жаласы қайта ауып,Семейде ұрланған
бір топ жылқы дауы бұған жабылып, түрмеге түсіп, кешігеді. Мұны ҿзгелер Ғалияға
басқаша жеткізеді, қауесетке толқыған Ғалия Есенжол дегеннің Қанапиясына тұрмысқа
шығады, Қанапияның да ҽйелі бар екен, тоқалдыққа ұрынған Ғалия одан да кетіп,
Қояндыда қымыз сатады. Онда бір семейлік бай баласы қызығып, ҽйелге еріп, семьясын
тастап, Қараҿткелге келеді. Бұндай жағдай қазақ арасында кездесе ме? Ерді ҽйелдің ертіп
кетуі. 5-6 жылдан соң Қалиды қайта Семейге ертіп келіп, сонда тұрақтапты. 35 жасында
туберкулез ауруынан қайтыс болған. Осы Ғалияға арналған Балуанның ғашықтық
ҿлеңдері жұрт аузында аңыз болып айтылады. Балуан: Баласы Баймырзаның Балуан
шолақ, Бойымда толып жатыр күш пенен бақ. Сұлу қыз, келіншекке тынышсызбын,
жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ,- деп, ҿзінің сұлу қыз-келіншектің пірі болғанын
айтып ҿтырған. Балуан Шолақ қазан тҿңкерісінен кейін Кҿкшетау Совдепінде жұмыс
істейді, 1918 жылдың аласапыранында қызыл ҽскерлерге кҿмектеседі, ҿзі 1919 жылы 4-5
күн ауырып, қайтыс болған. Ҽндері: «Талды кҿл», «Құлан кісінес», «Ашылы айырық»,
«Қос перне», «Кенже қоңыр», «Дікілдек», «Ыңғайтҿк», «Желдірме», «Қосалқа», «Қос
барабан», «Кҿкшетау».. Оның 8 ұлынан бір тҿбе болып ҿскен жалғыз қызы Бҽти туралы
ел ішінде қызық ҽңгіме бар. Балуан Шолақ ҽндерін Жетісуда Кенен Ҽзірбаев орындаған.
Балуан шолақ цирк палуандары кҿрсететін ҿнер түрлерін ел ішінде жиі кҿрсетіп отырған.
Мысалы, жерге жатып, бір үлкен тасты кеудесіне қойдырып, балғамен ұрдыру, иығына
үлкен бҿренені салдырып, он-он кісіден екі жағына асу т.б. Бұл жайында Сафуан
Шаймерденовтың «Құс жолы» деген кітабында айтылады, балуанның Битабарға еткен
ҽсері.
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең.
Менің кҿңілім Ғалия дауалансын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.
Ғалияның қолында бұйда пышақ,
Ғалияны кҿрдім де жайдым құшақ,
Ғалия жатыр ма екен, отыр ма екен,
Шомылған айдын кҿлде аққуға ұқсап,
Ойпырмай, жан сҽулем, Ғалия, кҿзіңнен.
Қосылып ем ҿзіңмен. Бір кҿрінсең ҿзіме, айрылмас ем ҿзіңнен. Ойпырмай, жан
сҽулем, Ғалия басыңнан, Кеткім келмес қасыңнан, Жұпар иісі шығады, қолаң қара
шашыңнан. Ҽннің қайырмасының ҽлденеше құбылуы ғашықтық сезімнің шынайылығын,
қызулығын кҿрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет