1. Пән туралы ақпарат


Тақырып 7. Сүйекті балықтар класы



бет4/13
Дата09.06.2023
өлшемі3,65 Mb.
#178531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
432275828738 силлабус Омырткалылар зоологиясы
лек 8, Жануарлар туралы
Тақырып 7. Сүйекті балықтар класы.
Сүйекті балықтар класына сипаттама, олардың систематикасы. Сәуле-қанатты балықтар класс тармағына жататын отрядтарға сипаттама. Балықтардың экологиясы.
Қазіргі кездегі балықтарды 90% - ке жуығы сүйекті балықтар класына жатады. Денелерінің сырты циклоидты н/е ктеноидты қабыршықтармен қапталады. Құйрық жүзбе қанаттары тең қалақшалы, яғни гомоцеркальді. Қаңқасы сүйектен тұрады, жүзу торсылдақтары бар.
Сәулеқанатты балықтар класс тармағына келесідей отрядтар біріктіріледі: бекіретәрізділер, майшабақтәрізділер, албырттәрізділер, шортантәрізділер, жыланбалықтәрізділер, тұқытәрізділер, нәлімтәрізділер, алабұғатәрізділер, камбалатәрізділер.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 8. Төртаяқтылар класс тобы. қосмекенділер класы
Қосмекенділер класы. Қосмекенділе клас құрылысына салыстырмалы-анатомиялық шолу. Кластың систематикасы. Құйрықсыздар, құйрықтылар отрядтары. Қосмекенділер экологиясы, шығу тегі.
Қосмекенділер жер беті омыртқалы жануарларының қарапайым құрылдысты аздаған тобы. Басым көпшілігінің көбеюі мен дамуы суда жүреді, яғни сумен байланысын толық үзбеген омыртқалы жануарлар. Бұлардың дернәсілдері суда ғана тіршілік етіп, желбезек арқылы тыныс алады. Қосмекенділер класы үш отрядты біріктіреді: құйрықтылар, құйрықсыздар, аяқсыздар.
Құйрықсыз қосмекенділердің омыртқа денелері процельді, жоғары сатылы құйрықтыларда опистоцельді.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 9. Ұрық қабы бар омыртқалылар. Бауырыменжорғалаушылар класы
Ұрық қабы бар омыртқалылар. Бауырымен жорғалаушылар класы. Олардың құрылыстық ерекшеліктері. Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы
Бауырымен жорғалаушылар – кейбір өкілдері суда тіршілік еткенмен де негізінен құрлықты мекендейтін омыртқалы жануарлар. Құрлықта тіршілік ететіндіктен, аяқтары мен иық және жамбас белдеулері өте күшті және мығым орналасқан. Дене температурасы тұрақсыз, салқынқанды жануарлар. Ұрықтанулары іштей.Бауырымен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер – омыртқалы жануарлардың жоғары сатылы тобына жатады.
Бұл класс шамамен 6500 түрді біріктіріп 4 отрядқа жіктеледі; тұмсықбастылар, тасбақалар, қабыршақтылар, крокодилдер.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет