1. Пән туралы ақпарат


Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары)



бет3/13
Дата09.06.2023
өлшемі3,65 Mb.
#178531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
432275828738 силлабус Омырткалылар зоологиясы
лек 8, Жануарлар туралы
Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары)

1

Омыртқасыздар зоологиясы (жалпақ құрттар, буылтық құрттар, бунақденелілер )

2

Жасушалар биологиясы (жануарлар жасушасының құрылысы мен қызметі, пластидтер).

Постреквизиттер тізімі



Пәндердің атауы, олардың бөлімдері (тақырыптары) / Название дисциплины, разделы (темы)

1

Генетика (Өсімдіктердің өсу және даму физиологиясы )

2

Эволюциялық ілім (Тіршілік үшін күрес, микроэволюция, макроэволюция)

3

Биотехнология селекция негіздерімен (Жануарлар селекциясы)



5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Пән тақырыптарының атауы

Апта недели

Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағат саны

Сабақ түрі бой ынша аудитория лық емес сағат саны

Барлығы (с.) / Всего (ч.)

Дәріс (с.)

Зертх-қ./
студ (с.) /)

БОӨЖ (с) /

БӨЖ (с) /

1

Хордалылар типі. Жалпы сипаттамасы.

1

2

1

2

6

11

2

Типтармағы Қабықтылар н/е Личинкахордалылар. Типтармағының сипаттамасы

2

2

2

2

6

12

3

Бассүйексіздер типтармағы. Бассүйексіздердің құрылыс ерекшеліктері. Омыртқалылар типтармағы. Жалпы сипаттамасы

3

2

2

2

6

12

4

Жақсыздар бөлімі. Дөңгелекауыздылар класы

4

2

2

2

6

12

5

Жақтылар бөлімі. Балықтар классүсті

5

2

2

2

6

12

6

Шеміршекті балықтар класы

6

2

2

2

4,5

10,5

7

Сүйекті балықтар класы

7

2

1

2

6

11

8

Төртаяқтылар класүсті. Қосмекенділер класы

8

2

1

1,5

4,5

9

9

Ұрық қабы бар омыртқалылар. бауырыменжорғалаушылар класы

9

2

1

1,5

6

10,5

10

Құстар класы

10

2

1

2

6

11

11

Құстардың систематикасы.

11-12

4

2

2

6

14

12

Сүтқоректілер немесе аңдар класы

13

2

1

2

6

11

13

Сүткоректілердің классының систематикасы

14-15

4

2

2

6

14




Барлығы / Всего




30

20

25

75

150

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1. Хордалылар типі. Жалпы сипаттамасы.
Хордалылар типінің жалпы сипаттамасы. Хордалылар типтің классификациясы. Табиғат зат айналымындағы және адам өміріндегі хордылардың маңызы. Зоология жануарлардың сыртқы және ішкі құрылыстарын, жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтерін, көбеюі мен дамуын, шығу тегін, эволюциялық дамуын, жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейді.
Қазіргі кезде жер жүзінде 1,5 млн-дай жануарлар түрлері кездессе, солардың 43 мыңдай түрі хордалылар типіне бірігеді. Осындай алуан түрлілігіне қарамастан хордалылардың құрылымында басқа типтердің өкілдерінде кездеспейтін ерекше белгілері болады.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-4]
Тақырып 2. Типтармағы Қабықтылар немесе Личинкахордалылар. Типтармағының сипаттамасы
Қабықтылар Tunicata – хордалы жануарлардан ертеде бөлініп шыққан қарапайым құрылысты топ. Дене формасы қап немесе бөшкетәрізді. Хордалыларға тән белгілер дернәсілдік кезеңде анық білінеді, бұларды кейде личинкахордалылар деп атау осыған байланысты. Барлығына ортақ белгі хордасы тек құйрық бөлімінде болады. Сондықтан да оларды құйрықхордалылар деп те атайды. Гермофродиттер немесе қосжыныстылар. Көпшілігі жыныссыз жолмен бүршіктену арқылы көбейеді.
Типтармағы 1400-дей түрді біріктіретін 3 класқа жіктеледі.
1 класс – Асцидиялар - Ascidia
2 класс – Сальпалар - Salpae
3 класс – аппендикуляриялар - Appendiculariae.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-4]
Тақырып 3. Бассүйексіздер типтармағы. Бассүйексіздердің құрылыс ерекшеліктері. Омыртқалылар типтармағы. Жалпы сипаттамасы
Басқаңқасыздар тип тармағы. Өкілінің тіршілік ету ортасына бейімделу ерекшеліктері. Систематикасы, таралуы. Типтармағына 30-35 түрді біріктіретін 1 класс Басхордалылар – Gerhalochordata жатады. Бұл класта бір ғана отряд Ланцеттәрізділер – Amphioxiformes бар. Отрядқа 3 тұқымдастың өкілдері бірігеді. Олар: 1-Эпигонихттер – Epigonichtidae; ұзындығы 5 см-дей болатын бірнеше түрі бар. 2-Амфиоксидтер – Amphioxididaе; ұзындығы 1,5см –дей бірнеше түрі кездеседі. Ең көп тараған тұқымдас Ланцетниктер – Branchiostomidaе. Өкілі кәдімгі ланцетник – Branchiostoma lanceolatum.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 4. Жақсыздар бөлімі. Дөңгелекауыздылар класы
Жақсыздар бөлімі. Дөңгелекауыздылар класы өкілдерінің құрылысындағы негізгі белгілер (жабыны, тірек қимыл аппараты, ішкі мүшелер жүйелерінің құрылысы).
Дөңгелекауыздылардың жұп жүзбе қанаттары болмайды. Құйрық қанаты алғашқы тең қалақты, яғни протоцеркальды типті. Жақтары жоқ. Бассүйектің висцеральды бөлімі – шеміршекті. Тірек қаңқасы – өмір бойы сақталатын хорда. Көпшілік түрлері – паразиттер және жыртқыштар.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 5. Жақтылар бөлімі. Балықтар классүсті
Балықтар класс тобының жүйесі. Балықтар класс тобының морфологиясы
Аузында қозғалмалы жақтары бар, желбезектері арқылы тыныс алып өзен, көл, теңіз, мұхит суларын мекендейтін омыртқалы жануарлар. Шеміршектен немесе сүйектен құралған омыртқа жотасы денесіне тірек қызметін атқарады. Денесінің сырты қабыршықтармен қапталған. Балықтарда екі жұп жүзбеқанаттар және үш дара жүзбеқанаттар болады. Балықтар класс тобы екі класқа жіктеледі: шеміршекті және сүйекті балықтар.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 6. Шеміршекті балықтар класы.
Шеміршекті балықтар класы өкілдерінің морфологиялық ерекшеліктері. Шеміршекті балықтар класы өкілдерінің физиологиялық ерекшеліктері. Шеміршекті балықтардың қаңқасы шеміршектен құралған, жүзу торсылдағы болмайтын, желбезек қақпағы болмағандықтан, желбезек саңылаулары сыртқа тікелей ашылатын, жұптасқан жүзбеқанаттары денеде көлденең орналасқан омыртқалы жануарлар. Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді: тақтажелбезектілер және тұтасбастылар. Тақтажелбезектілер 2 отрядты біріктіреді: акулалар және скаттар. Қоректері былқылдақденелілер мен шаянтәрізділер.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет