1. Пән туралы ақпарат



бет5/13
Дата09.06.2023
өлшемі3,65 Mb.
#178531
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
432275828738 силлабус Омырткалылар зоологиясы
лек 8, Жануарлар туралы
Тақырып 10 Құстар класы
Құстар класы. Ұшуға бейімделген прогрессивті омыртқалы жануарлар ретінде сипаттама. Олардың морфологиялық және физиологиялық адаптациялары.
Құстар денесі қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылы қанды омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген тобы.
Тұмсығын қаптаған мүйізді түзілістер, артқы аяқтарындағы саусақтарды жауып жатқан мүйізді қабыршақтар, тері бездерінің болмауы олардың бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығын көрсетеді. Құстарды мезозой эрасының триас периодында псевдозухий деп аталатын ертедегі бауырымен жорғалаушылардан шықты деп есептейді. Қазіргі уақытта құстардың 40 отрядқа топтасқан 8590 – нан аса түрі бар.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 11. Құстардың систематикасы.
Нағыз құстар класс тармағы. Отряд тобтары: жүзушілер және жаңа таңдайлылар, олардың отрядтарына сипаттама. Құстардың шығу тегі
Құстар класын 2 класс тармағына бөледі: ертедегі құстар және нағыз құстар.
Нағыз құстар класс тармағы екі отряд тобына жіктеледі: жүзушілер және жаңа таңдайлылар деп. Жаңа таңдайлылар отряд тобына жататын африкалық страустар, нанду тәрізділер, казуар тәрізділер, киви тәрізділер отрядтарының өкілдерінің төс сүйектерінде қырлы өсінді жоқ, сондықтан оларды қырсыз төсті құстар деп атайды. Ал гагара тәрізділер, сұқсыр тәрізділер, түтік мұрын тәрізділер, сұңқар тәрізділер, қаз тәрізділер, тауық тәрізділер, жапалақ тәрізділер, тоқылдақ тәрізділер, торғай тәрізділер отрядтарының өкілдерінің төс сүйектерінде қсырлы өсінді бар, сондықтан оларды қырлы төсті құстар деп атайды.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]
Тақырып 12: Сүтқоректілер немесе аңдар класы
Сүткоректілер класына омыртқалы жануарлардың ең жоғарғы сатысы ретінде сипаттама. Сыртқы және ішкі құрылымдарының ерекшеліктері, тіршілік әрекеттері.
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың жылықанды, дене температурасы тұрақты, орталық жүйке жүйесі күшті дамыған, ең жоғары сатылы тобы.
Тері бездерінің түрлері: тер, май, иіс шығаратын, сүт бездері. Сүт бездерін түрі өзгерген түтік тәрізді тер бездері жасайды. Сүтқоректілерде кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын көкет немесе диафрагма болады. Көкет кеуде қуысына күмбездене еніп, өкпеге жанасып тыныс алған кезде кеуде қуысының көлемін өзгертуге қатысады.
Әдебиеттер: [н.ә. 1-3; қ.ә. 1-6]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет