1. Резолюция-Қарар: Бұл палата «Педагог мәртебесі туралы»


Қорытынды: 1.Резолюция-Қарар



бет2/7
Дата22.09.2023
өлшемі31,03 Kb.
#182010
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дебат

Қорытынды:


1.Резолюция-Қарар: Бұл палата «Педагог мәртебесі туралы» заң шын мәнінде пеагогтардың мәртебесін арттырады деп есептейді (оппозиция, даттайды)


2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)
Педагог әртүрлі білім мекемелерінде баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысымен айналысатын маман
Мәртебе – құрмет, сый, дәреже, қадір.
Заң – мемлекет белгілеген нормативтік құқықтық акт.
3.Status quo-Қалыптасқан жағдай
«Педагог мәртебесі туралы» заң 2019 жылы 27 желтоқсанда қабылданған. 21-баптан тұрады.
4.Философия «Заң үмітті ақтамады, мұғалімдердің мәртебесін сақтамады»
5. Аргумент
1. Заңда қарама-қайшылықтар, кемшіліктер, жалпылық бар.
– Заң жобасында бір-біріне қарама-қайшы баптары бар екені анықталды. Мысалы, 6-баптың 2-тармағының 1, 2-тармақшасында кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға педагогтерді тартуға жол бермеу туралы айтылады. Алайда бұған 15-баптағы 7-тармақтың 1-тармақшасы қарсы келеді. Мұнда педагогтің жауапкершілігі туралы сөз қозғалып, "Педагогтер қоғамның әлеуметтік, мәдени және экономикалық тұрғыдан дамуына атсалысуы керек" деп жазылған.
Заң жобасы қабылданатын болса, педагогтердің мәртебесін арттыруға қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын тиімді ұсыныстар ескерілуге тиіс. Сонымен қатар педагогтерді әлеуметтік тұрғыдан қорғауға басымдық берілуі керек.
2. Заң педагог мәртебесін жан-жақты көтеруге жеткіліксіз. Мысалы заң дайындаларда 8600-ден астам ұсыныс түссе, кейін ол қысқарып, небәрі 21 бап қана болды. Және мұнда педагогтың қаржылай, әлеуметтік жағдайын көтеруге байланысты көптеген ұсыныстар қосылмаған.
3. Заң машақаты көп істерге негіз болады.
Халықаралық олимпиада, конкурс, спорттық жарыста озған жеңімпаз, жүлдегер оқушыны дайындаған педагогке 3 лауазымдық айлықақы (оклад) мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу туралы норма қосылды. Бір кілтипаны сол, оған қажетті қаржыны әр мектеп «өз қызметі бойынша үнемделген қаржы есебінен табуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет