1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»



бет16/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ, РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ
Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл
























Білім алушы










Негізгі, қосымша ақпаратты,

1

негізгі ақпаратты табады;

1




көтерілген мәселені анықтайды,



















қосымша ақпаратты

1




сұрақтар құрастырады










табады;































мәселені анықтайды;

1

























2

негізгі

ақпаратты

1










анықтауға

қатысты













сұрақтар құрастырады;













қосымша

ақпаратты

1










анықтауға

қатысты













сұрақтар құрастырады;













мәселелерді

анықтауға

1










қатысты

сұрақтар













құрастырады;










Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді

3

қажетті

сөйлемдерді

1




іріктейді




табады;

























Материалдар негізінде жинақы мәтін




ақпараттарды іріктейді;

1




жазады



















жинақы мәтін жазады.

1































Барлығы










9






«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология


Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация


Тыңдалым мен айтылым


Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені өз сөзіңізбен талдап түсіндіріңіз және дәлелді жеке көзқарасыңызды білдіріңіз. Көзқарасыңызды білдіруде төменде берілген дайын тіркестерді қолданыңыз.


Қажетті сөздер: менің ойымша, демек, қалай болғанда да, өкінішке орай, меніңше, біріншіден, қорытындылай келе... т.с.с.
[10]

1-мәтін
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы – 2004 жылдың 23 сәуіріндегі ҚР Үкіметінің № 461 Қаулысымен құрылды.


Мұнда тұтынушыларға бар жағдай жасалынған. Қазақстан Үкімтенің жаңа жобасы кітапхана процесстерін автоматтандырудың кешенді жүйесімен қатар, кітапхана ісіндегі жаңа технологияларды дамыту және ақпараттардың ұлттық электронды сақтау қоймасын құру үшін жаңа компьютерлік жабдықтармен жасақталған зияткерлік орталық құруға бағытталған. Бүгінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында электронды ресурстарды 50 терабайттан петабайтқа дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін электронды сақтау қоймасы мен серверлер кешеніне арналған база құрылды. «РАБИС» ақпараттық–библиографиялық жүйесі оқырмандарға қызмет көрсету процесіндегі бірегей логикалық тізбек бойынша жұмыс жасайды

  • оқырмандарды тіркеуден бастап, оларды әдебиеттер іздестіру мен тапсырыс беру, кітап беріліміне дейін бақылау.

Бүгінде кітапхана қызметін 15 мыңнан аса оқырман пайдалануда. Кітап қоры 380 000 жуық. Кітаптан бөлек, кітапханаға қазақ, орыс және басқа да шет тілдерінде 1500 аса атаумен отандық, шетелдік мерзімді басылымдар келіп түседі. Кітапхана өз пайдаланушыларына 15 толық мәтінді ғылыми мәліметтер базасын және әлемдік алпауыт ақпарат орталықтарының он– лайн каталогтарын ұсынады.

2-мәтін
Еліміздегі тарихы тереңнен бастау алатын, абырой-беделі жоғары, кітап қоры бай кітапханалардың бірі – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасы. Бүгінде кітап қоры 2 млн данадан асып, Алматы облысындағы 12 жоғары, 13 орта арнаулы оқу орындары кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығына айналып отырған бұл мекеменің тарихы сонау 1928 жылдан, Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы ҚазПИ-дің ашылуынан бастау алады. Қазақтың алғашқы жоғары оқу орны өмірге келген соң, оған оқулықтар мен оқу құралдарының, әдістемеліктердің көпшілігі Мәскеу мен Ленинградтан әкелінгені белгілі. А.Байтұрсынұлы, О.Жандосов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллин сияқты ұлт зиялылары да университет кітапханасын кітап қорымен толықтыруға өл­шеусіз үлес қосқанын бүгінгілер біле бермейді. Олар өздерінің әдеби көркем шығармаларымен бірге оқу құралдарын да жазып, студенттерді білім нәрімен сусындатуға аянбай еңбек сіңірген еді. Университет ғалымдары да өз еңбектерін кітап­ханаға тегін өткізген. Сөйтіп, алғашқы оншақты жылдың ішінде-ақ кітап қоры 20 мың данаға жеткен екен. Ұлт зиялылары өткен ғасырларда жарық көрген кітаптарды іздеп тауып, тарих пен ғылым үшін үлкен құндылықтар келгенін бүгінде кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында тұрған көне басылымдардан көруге болады.


Оқылым


Тапсырма
  1. Мәтінді оқып, стилін анықтаңыз және ерекше сөз қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз.


[10]

Міне, барлық қорқыныш- артта. Кеме экипажы жайласып өз жұмыстарын жүргізе берді.


«Байқоңыр» космос картасындағы өзінің жолына түсті. Оразов Турановқа қарап ойланып отыр.

    • Ахмет, осы біздің жаңағы көргеніміз не пәле? Сіз биологсыз ғой, қандай тұжырымға келдіңіз?

Туранов аз-кем үнсіз отырды да, сөз алды.

    • Мен білсем, біздің көргеніміз космос әлеміндегі еңбір сирек ұшырасатын ғажайып құбылыс. Жаңағы бізді тұтқындаған планетаның жаны бар болып шықты.

    • Жаны бар?

Барлық экипаж мүшелері айран-асыр болып үрпиісіп қалды.

    • Бүтіндей бір планетаның алып жануар болуы мүмкін бе? Бұл ақылға симайтын жағдай екен,— деді Мәриям. Айтып отырғаныңыз тіпті космоста тіршіліктің пайда болу заңына да қайшы ғой.

    • Тіршіліктің пайда болу заңына дейсіз бе? — деді Туранов.— Сіз өзіңіз қалай пайда болдыңыз? Қосмостық табиғаттың адам сияқты тірі организмді дүниеге тудыруы тіпті де ғажайып емес пе! Бұл да сондай бір құбылыс. Жер бетіндегі тіршілік ауа райына байланысты мың құбылған формада өсіп-өнді. Ал бұл планетаға ондай форманың қажеті жоқ. Олар ортақ биогравитациялық заңға бағынған.

    • Бізді сіз асықтырғанда нендей хауіпке сүйендіңіз? Және біз осындай алып планетаның тартылыс күшін қалайша жеңдік?— деп сұрады Оразов.




Мәтін не туралы?




Мәтін қандай стильде жазылған?




Оған дәлел ретінде сөз қолданыстарынан мысалдар келтіріңіз.






  1. Мәтіннің негізгі ойына қатысты және негізгі, қосымша ақпараттарға байланысты 1 сұрақтан құрастырыңыз.





Мәтінде айтылған негізгі ойға қатысты 1 сұрақ




Негізгі ақпаратқа қатысты 1 сұрақ




Қосымша ақпаратқа қатысты 1 сұрақ






Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, тыныс белгілердің орынды қойылуына назар аударыңыз.
[10]

  1. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Қазіргі уақытта осы асыл қазынаға деген қызыығушылық төмендеп отыр. Көтерілген мәселе бойынша келісу, келіспеу пікіріңізді білдіріп, нақты мысалдармен дәлелдеп жазыңыз.




  1. «Ғылым мен технология дами келе адамзаттың орнын басады» деген пікірге келісу- келіспеу себептерін көрсетіп, ойыңызды жазыңыз.

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелерін көзқарасын дәлелдеуде орынды қолданады.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде
қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттарымен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз
пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді
орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, ойын көбінесе жалпылама жеткізеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы
жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталайды. Себебін түсіндіре алмайды.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі



Балл

Мәтінді талдау

Сұрақ құрастыру

5

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілдік ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі, қосымша ақпараттарға қатысты жоғары ойлау деңгейіндегі ашық сұрақтарды өте жақсы құрастырады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілдік
ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен негізгі, қосымша ақпараттарға қатысты ашық сұрақтарды жақсы құрастырады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілдік ерекшеліктерін қанағаттанарлық
деңгейде түсініп талдайды.

Мәтіннің мамзұны мен кейбір негізгі, қосымша ақпараттарға қатысты жабық сұрақтар құрастырады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілдік ерекшеліктерін шектеулі түсінеді,
талдауға талпыныс жасайды.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатысты, қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

1

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін, стилі мен тілдік ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде
түсінеді.

Мәтіннің жалпы мазмұнына қатыссыз жабық сұрақтар құрастырады.

0


Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық
ерекшеліктерін, стилі мен тілдік ерекшеліктерін түсінбейді.

Сұрақтары жоқ.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ойын жеткізуде бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Келісу-келіспеу пікірлерін өте жақсы дәлелдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ойын жеткізуде бірізділікті сақтайды. Келісу-келіспеу пікірлерін жақсы дәлелдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал- мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ ойын жеткізуде бірізділіктен ауытқу бар. Келісу-келіспеу пікірлерін қанағаттанарлық деңгейде
дәлелдейді.







Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды, бірақ ойын жеткізуде бірізділік жоқ. Келісу-келіспеу пікірлерін төмен деңгейде дәлелдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін сақтамайды. Келісу-келіспеу пікірлерін дәлелдей алмайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қате кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет