1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»



бет8/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары
1 сынып ҚОРҚЫНЫШ СЕЗІМІНЕН АРЫЛУ, РОДИТЕЛЬСКОЕ СОБРАНИЕ

Жазылым


Бір сәт уақытты алға жылжытып көрелік. Сіз мектепті үздік аяқтап, қалаған мамандығыңыз бойынша маман атандыңыз (Өзіңізді қандай мамандық иесі ретінде елестетесіз?) Қолыңызда дипломыңыз бар. Сізді Астана қаласына қызметке шақырды деп ойлаңыз.(Сізге ұсынылған лауазым қандай лауазым болуы мүмкін? Ойланып көріңіз.). Жаңа қызмет орнына тұруыңызға байланысты өз өмірбаяныңызды жазыңыз.
[10]

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. Талқылау кезінде жоғары ойлау деңгейін көрсететін ашық сұрақтар
қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.
Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері аз, көбінесе ойын жалпылама айтады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер
мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені аса түсінбеген. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталайды. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары толық қалыптаспағандықтан, логикалық бірізділік жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

7-8

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

5-6

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

3-4

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

1-2

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін түсінбейді.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, логикалық бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұны толық ашылмаған. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ ойды жеткізуде бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұны шектеулі деңгейді қамтыған. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары стиль (ауызекі, көркем сөйлеу) талаптарына сәйкес келе бермейді. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қате кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұны ашылмаған. Стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қате кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет