1-тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1 Тыңдалым мен айтылым


Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз



бет14/17
Дата21.09.2022
өлшемі83,41 Kb.
#150236
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
БЖБ 6-сынып барлыгы
07.04 5ә
2. Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Көтерілген мәселе


















3. Мәтіннен анықтаған негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселе бойынша 4 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтардың ақпараттар мен мәселелерді анықтауға бағытталуын ескеріңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Негізгі, қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайды, сұрақтар құрастырады

1

мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді:
1-ақпарат; 2-ақпарат;

2


қосымша ақпараттарды ажыратады:
1-ақпарат; 2-ақпарат;

2


көтерілген мәселені анықтайды;

1

анықталған ақпараттар негізінде сұрақтар құрастырады::
1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ; 4-сұрақ;

4


сұрақтарды стильдік жағынан дұрыс құрайды.

1

Барлығы




10

6-сынып; “Қазақ әдебиеті” пәні
2019-2020 оқу жылы
4-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1
Бөлім: «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»



Тақырып

Ерлан Жүніс «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңі;
Асқар Алтай «Прописка» әңгімесі

Оқу мақсаты



6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру
6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

  • Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут



Тапсырмалар
1. Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесінде көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені түсіндіріңіз. Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз.



Идеясы

Көтерілген мәселе









2. Автордың:
…Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн! -
деп ой толғауының мәні неде деп ойлайсыз? Ойыңызды 6-7 сөйлеммен жеткізіңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды.

1

шығарманың идеясын анықтайды;

1

өлеңде көтерілген мәселені анықтайды;

1

нақты дәлелдер келтіреді;

1

Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады.

2

берілген өлең жолдарының мәнін ашады;

1

өлең идеясын анықтайды;

1

эпизодтың маңыздылығын көрсетеді;

1

көлемін сақтайды;

1

сөйлемдерді стильдік жағынан дұрыс құрайды.

1

Барлығы




8

6-сынып; “Қазақ тілі” пәні
2019-2020 оқу жылы
4-тоқсан
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №2
Тыңдалым мен айтылым
Бөлім: «Ғылым мен техника жетістіктері»



Оқу мақсаты



6.1.2.1-әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырыпқа қатысты көтерілген мәселеге талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут



Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Көтерілген мәселені анықтап, жұпта талқылаңыз.


Денсаулық сақтау саласындағы жобалар
Денсаулық сақтау саласында да технологияның дамуы өз жемісін беріп келе жатыр. Сәуір айында Ұлыбританияның ғалымдары сүт безі тініне (ткань) жүргізілген генетикалық зерттеу қорытындысын жариялады. Олар аурудың 10 типі болатынын анықтаған. Бұл жаңалық ауруды емдеу мен науқастың өмірін ұзартуға зор көмек болуы ықтимал.
Сонымен қатар ғалымдар жасанды ағза жасау саласында да ілгері жылжыды. Бұл салаға қатысты осы жазда жарияланған зерттеуге сәйкес, америкалық ғалымдар қант арқылы жасанды орган өсіріп, жасанды бауыр жасау жолында біршама жетістіктерге жеткен. Жасанды орган 3D таңбасы арқылы құрастырылған. Жақ сүйегін ауыстыру да жақында 3D тәсілімен жасалмақ. Көптің назарын аудартқан 3D технологиясы тек медицинада ғана қолданылмайды. Қазір 3D принтері де танымал болып келеді.
«Қағаздағы типографиялық бояудың орнына шағын пластикалық катушка қолданылады. Нұсқауына қарап, оны қалаған формаға келтіре аласың. Интернетке кіріп, дизайнын тауып, жүктеп, 3D принтеріңізге жібере аласыз. Тапсырысыңыздың оңай-күрделілігіне қарай белгілі бір уақыт аралығында құрастырып шығарады», - дейді АҚШ-тағы Gizmodo порталы бас редакторы Брайан Барет.
Техинсайдерлер 3D принтерінің келесі жылы кеңінен қолданыла бастайтынын айтады. Оның екі мың таңбаға дейін қысқартуға мүмкіндігі бар.


Балл қою кестесі
Тыңдалым мен айтылым





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет