10 Дєріс: Гликогенніњ ±лпаларда синтезделуі мен ыдырауы


Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глю



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі455,5 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 Дәріс гликогеннің қорытылуы және сіңуі
сессия физио
1.Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бұл реакцияны гексокиназа ферменті (М 104000) катализдейді, бұл фермент барлық клеткада кездеседі. Осы реакцияны катализдейтін екінші фермент глюкокиназа, бұл фермент организм туғаннан кейін екі жеті өтісімен пайда болады. Глюкозаның фосфорлану реакциясы магний ионы қатысында глюкозо-6-фосфат түзілу арқылы жүреді. Глюкозо-6-фосфат- гликогеннің метаболизмі кезіндегі негізгі заттың біреуі.





2. Фосфоглюкомутаза ферментінің (М 62000) әсерімен глюкозо-6-фосфат қайтымды изомерленіп глюкозо-1-фосфатқа айналады.


Глюкозо-6-фосфат Глюкозо-1-фосфат





3. Гликоген синтезіндегі аса маңызды кезең уридинтри-фосфаттың (УТФ) қатысуымен глюкозаның активтенуі және глюкозаның активті формасы- уридиндифосфатглюкозаның (УДФ-глюкоза) түзілуі:
Глюкозо-1-фосфат+УТФ→УДФ-глюкоза + пирофосфат. Бұл реак-цияны глюкозо-І-фосфат-уридил-трансфераза ферменті катализ-дейді.

4. Гликоген синтезінің қорытынды кезеңінде гликоген-синтаза деп аталатын фермент реакцияға кіріседі, ол фермент глюкозаны УДФ-глюкозадан шығарып, полисахаридтердің өсіп бара жатқан тізбегіне қосады. Гликогенездің бұл сатысы өте күрделі және оның механизмі негізінен анықталған. Біз оны схема түрінде ғана береміз.
УДФ-глюкоза гликоген соңындағы көміртегінің төртінші атомының гидроксилдік тобына ауысады да, гликозидтік байланыс α(1→4) түзеді.





Егер олигосахаридтік тізбекте глюкоза қалдығы төртеуден көп болса ғана мұндай алмасу іске асады.
Гликоген молекуласының тармақталған екені белгілі, ондай тармақтар негізінен гликозидтік байланыс - α(1→6) арқылы жалғасқан. Гликоген-синтаза тек α(1→4) байланысының пайда болуын ғана катализдейді. Гликоген молекуласының тармақталу нүктесінде α(1→6)-байланыс қалыптасу үшін гликозил - (4-6) - трансфераза ферменті қажет. Ол фермент глюкозаның 6-7 қалдығын гликогеннің С6 гидроксильдік тобына ауысуын катализдейді. Осыдан кейін гликоген-синтаза ферменті полисахарид тізбегін гликогеннің толық молекуласы түзілгенге дейін соза алады.




Гликоген синтезделуінің соңғы кезеңін қарапайым түрде былай көрсетуге болады.


nУДФ-глюкоза→(С6Н10О5) n+ n (УДФ)

Гликоген молекуласы тармақталуының бағалы биологиялық маңызы бар. Ол полисахаридтердің ерігіштігін арттырады және оған катаболизм ферменттерінің әсерін күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет