10 Дєріс: Гликогенніњ ±лпаларда синтезделуі мен ыдырауы



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі455,5 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 Дәріс гликогеннің қорытылуы және сіңуі
сессия физио
Глицеральдегид-3-фосфат және дигидроксиацетонфосфаттан фруктозо-1,6-дифосфат синтезделеді, ол С-1 қатысында фосфаттық эфирдің гидролизденуі жолымен фруктозо-6-фосфатқа айналады.
Фруктозо-6-фосфат изомерленіп, глюкозо-6-фосфатқа айналады, бұл қосылыс өзінен фосфат қалдығын бөліп шығарады да глюкоза береді. Осылай пайда болған глюкоза не гликоген синтезіне жұмсалады немесе кәдімгі жолмен тотығуға пайдаланылады.
Глюконеогенез жолын схема түрінде былай көрсетуге болады:


Пируват→оксалоацетат→фосфоенолпируват→2-фосфоглицерат3-фосфоглицерат1,3-дифосфоглицерат→(глицеральдегид-3-фосфат дигидроксиацетонфосфат)фруктозо-1,6-дифосфатфруктозо-6-фосфат глюкозо-6-фосфатглюкоза.


Глюконеогенез күйіс қайыратын мал организмінде өте активті жүреді. Жоғарыда баяндалғандай, жем-шөп құрамындағы целлюлоза бактериялық ферменттердің көмегімен ыдырап, глюкозаға айналады. Ол глюкоза ашу нәтижесінде сірке қышқылы, пропион қышқылы, сүт қышқылы, май қышқылы сияқты ұшқыш қышқылдарға айналады. Сүт қышқылы мен пропион қышқылы бауырда глюконеогенез процесі нәтижесінде қайтадан глюкозаға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет