10 Дєріс: Гликогенніњ ±лпаларда синтезделуі мен ыдырауы



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі455,5 Kb.
#117187
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
10 Дәріс гликогеннің қорытылуы және сіңуі
сессия физио
Альдолаза ферменті глицеральдегид-3-фосфат пен дигидрокси-ацетонфосфат екеуін катализдеп, фруктозо-1,6-дифосфатқа айналдырады.

Глицеральдегид-3-фосфат+дигидроксиацетонфосфат→фруктозо-1,6-дифосфат.




Фруктозо-1,6-дифосфат гликоген синтезі үшін жұмсалады.
Галактозаның караболизмі. Қорекпен бірге организмге барған галактоза бауырда, галактокиназа ферментінің әсер етуімен АТФ есебінен фосфорланады да, галактозо-1-фосфат түзіледі.

Галактоза + АТФ → галактозо-1-фосфат + АДФ




Галактоза метаболизмі әсіресе сүтқоректі жануарлардың емшек сүтін еметін төлдері үшін маңызды. Өйткені лактоза сүттің негізгі бөлігі. Сүтқоректі жануарлардың жас төлі организмдегі галактокиназа ферментінің активтілігі ересек организмдегі осы фермент активтілігінен 5 есе жоғары болады. Клеткаларда галактозо-1-фосфат пен УДФ-глюкоза өзара әрекеттеседі. Мұндай әрекеттесуге галактозо-1-фосфат-уридилтрансфераза ферменті әсер етеді. Осы реакция барысында УДФ-галактоза және глюкозо-1-фосфат түзіледі.

Галактозо-1-фосфат + УДФ-глюкоза→УДФ-галактоза + глюкозо-1-фосфат.




2. Глюкозо-1-фосфат гликолизге немесе гликоген түзілу үшін жұмсалады. Ал лактоза, цереброзидтер, мукополисахаридтер синтезі үшін УДФ-галактоза пайдаланылады.
Емшектегі балаларда тұқым қуалайтын ауру галактоземия кездеседі. Ондай ауруға ұшыраған балалар сүт лактозасындағы галактозаны сіңіре алмайды. Осындай дерт салдарынан баланың психикалық жетілуіне зиян келеді, көздің қарашығы тұманданады, денесінің өсуі бәсеңдейді. Аурудың себебі - организмде галактозо-1-фосфат-уридилтрансфераза ферментінің болмауынан. Мұндай дертке ұшыраған балаларға сүт бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет