2 Дәрiс. Тақырып: Ашыту өндiрiсінің негiзгi шикiзаты. Құрамында крахмалы бар шикізат


Iрiлiк – үлкендігі бойынша арпаның бiркелкілiгi - суландыру және өсiру процесстерiнiң бiр уақытта өтуіне ықпал етедi. Өсуі



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі111,15 Kb.
#97039
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ba0f43ba-3250-11e3-9d7d-f6d299da70eeлекции брод 3 курс каз
Home work, Home work, 11 сынып 2 токсан.1 СОР, 11 класс Олимпиада, 10 кл 1 урок Подготовка к проекту
Iрiлiк – үлкендігі бойынша арпаның бiркелкілiгi - суландыру және өсiру процесстерiнiң бiр уақытта өтуіне ықпал етедi.
Өсуі екі көрсеткіштермен сипатталады: энергиямен және өсу қабілеттілігімен.
Өсу энергиясы – үш тәулік ішінде өскен дәнді-дақылдардың проценттік құрамы, ал өсу қабілеттілігі – бес тәулік ішінде өскен дәнді-дақылдардың проценттік құрамы.
Табиғилық – грамм бойынша берілген 1 дм3 дәннің массасы. Дәннің формасына, крахмал, минералды және органикалық қоспалар құрамына байланысты болады. Органикалық қоспалар табиғилығын төмендетедi. Крахмал үлкен тығыздыққа ие болғандықтан, құрамында крахмалы жоғары арпа дәнінің табиғилығы жоғарлайды. Сапасы жақсы арпаның табиғилығы 660-750 г/дм3.
Абсолюттi масса - грамм бойынша берілген 1000 дәннің массасы. Ең бірінші арпаның сортына және экстрактивтiлігіне байланысты: абсолюттi массасы жоғары болған сайын 1-шi сортты дәннің және экстрактивтi заттардың мөлшері көп болады. 37-48г арасында болады. Егер массасы 30-40г болса - арпа жеңіл, 40 - 45г - орташа және 45г-нан артық болса – (құрамында крахмал және экстрактивті заттары көп) ауыр деп есептеледi. Абсолюттi массасы 37г-нан кем ұсақ дәнді арпалар төмен сапалы болып есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет