2. Жаңа оқу жылындағы қызметтік міндеттерді бөлу


ІІ топ. «Мақсат пен жетістік критерийлерін бағалау» 2 мысал (ролдік ойын)



бет9/15
Дата06.02.2022
өлшемі284,18 Kb.
#80163
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
коуч дөңгеле
ДОГОВОР, ТҮЙІНДЕМЕ
ІІ топ. «Мақсат пен жетістік критерийлерін бағалау» 2 мысал (ролдік ойын)
Оқушыларға әңгіменің мазмұнына қарай суреттерді қиып, ретімен ақ қағазға жапсыру тапсырылады.
Тапсырмаға төмендегідей мақсат пен критерийлер қойылады.
-Әңгімені сатылап баяндап беруді үйрену,
-Суреттер әңгіменің мазмұнына сәйкес сатылап орналасқанын қалай білеміз ?
1. Мұғалім оқушыларға суреттерді қиып, әңгіменің мазмұнына сай орналастыруға тапсырма береді. Жұмыс басталғанда мұғалім бір оқушының шалбарына желім төгіліп қалғанын байқады. Мұғалім оқушыдан дауыстап киімін ретке келтіруді сұрайды. Оқушылар желімді төгіп алғандығы жөнінде айта бастайды. Бір оқушы шүберекті алып партаға төгілген желімді сүрте бастайды. Барлық сынып желім туралы, жерге түскен қағаз қиындылары туралы әңгімелесіп кетеді.
Әрі қарай мұғалім бір оқушының қайшымен жұмыс жасағанда дұрыс ұстамай отырғанын байқап, қайшымен қайшымен қалай жұмыс жасау керек екенін ұғындыра бастайды. Бір оқушы қайшымен бір жылдан бері дұрыс жұмыс жасап білетіндігін айтты. Суретті дұрыс қимай отырған кейбір оқушылар қайшыны дұрыс ұстап жұмыстануға, ескерту алмауға тырысыты. Жұмыстың мақсаты суреттерді дұрыс орналастыру деп ойлаған оқушылар алғашқыда бұған көңіл аудармаған болатын.
Мұғалім бір оқушының өз есімін әйтеуір үлкен әріппен бастап жазғанын бүкіл сыныпқа естіртіп мақтай бастады. Сонда қалған өз есімін кіші әріппен жазып қойғандар түзетті.
Мұғалім жұмысты бар ынтасынмен жақсы орындаған оқушыны мақтады, қалғандары соған тырысып бақты, олардада мұғалімнің мақтағанын күтті.
Сұрақ. Сын жұмсалған күш-жігерге бағытталған ба, әлде орындалу сапасына ма?
Бұл маңызды !
Оқушылардың жұмысын бағалауда, мұғалім оқытудағы мақсат пен жетістік критерийлерін әруақытта ескере бермейтінін оқушылар біледі. Мұғалім өзінің ескертпелері немесе нұсқаулары арқылы оқушылардың қиған суреттерді дұрыс орналастыруына емес, сыртқы көрінісіне яғни қиылуына, қайшыны дұрыс ұстауына көңіл бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет