2. ядролық физика негіздері


Радиоактивтің негізгі түрлері



бет7/33
Дата11.03.2020
өлшемі1,3 Mb.
#59988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
ядерка часть2новый2018

Радиоактивтің негізгі түрлері.

Радиоактивтің негізгі түрлеріне α-, β- ыдырау және γ-сәуле шығару жатады.

Альфа-ыдырау – атомдық ядролардың өздігінен α-бөлшекті шығарып ыдырауы. α-бөлшектің заряды +2е-ге тең, массасы гелий изотопы ядросының массасымен дәл келеді, яғни α-сәуле – гелий ядроларының ағыны болады.

α-ыдырау мына сызба бойынша іске асады:
, (2.2.8)
Мұндағы,Х– аналық ядроның, Y-туынды ядроның символы, -гелий ядросы (α-бөлшек).

Сонымен, α-ыдырауда аналық ядро массалық саны 4-ке, зарядтың саны 2-ге кем басқа ядроға (туынды ядроға) айналады.

α-ыдырау болуы үшін қажетті шарт: аналық ядро массасы туынды ядро мен α-бөлшектің массаларының қосындысынан үлкен болуы тиіс.

α-бөлшектерді тек ауыр ядролардың (A>200, Z>82) шыға­ра­тындығы белгілі. Ыдыраған ядродан ұшып шығатын α-бөлшек­тердің кинетикалық энергиясы бірнеше МэВ шамасында болады. α-бөлшектің кинетикалық энергиясы аналық ядроның тыныштық энергиясының туынды ядро мен α-бөлшектің тыныштық энергия­ларының қосындысынан үлкен болуы себепті пайда болады. [(2.2.2)–өрнекті қараңыз]. Осы артық энергия α-бөлшек пен туын­ды ядроға бұлардың массаларына кері пропорционал қатынаспен үлестіріледі (импульстің сақталу заңына сәйкес):Eα/ET=mT/mα , осыданEα>>ET болатындығы шығады.

Радиоактивті зат көбінесе, энергиялары бойынша бір-бірінен өзгеше α-бөлшектердің бірнеше дискреттік моноэнергиялық тобын шығарады (2.1 сурет).

Бұл туынды Y ядро негізгі күйде ғана емес, қозған күйлерде де пайда бола алатындығымен түсіндіріледі. (2.2-сурет, мұнда, Х аналық және Y туынды ядролардың энергетикалық деңгейлерінің шартты сызбасы берілген, оңайлық үшін тек бір қозған деңгей көрсетілген).




2.1-сурет 2.2-сурет
Туынды ядроның негізгі және бірінші қозған күйлерінде түзі­луі­мен байланысты α-бөлшектердің топтары α0 және α1 (2.2-сурет) ең интенсивті болады. Туынды ядроның қозған деңгейлері арқылы өтетін ыдыраулар γ–кванттардың шығарылуымен қабаттаса өтеді.

Атом қойнауында фотонның дайын күйде болмайтындығына және ол сәуле шығарылу мезетінде ғана пайда болатындығына ұқсас, α-бөлшек те ядроның радиоактивті ыдырау мезетінде ғана пайда болады. Ядродан ұшып шығарда α-бөлшекке биіктігі оның энергиясынан артық потенциалдық тосқауылды еңсеруіне тура келеді (2.3-сурет). Тосқауылдың ішкі жағын ядролық күштер, ал сыртқы жағын– α-бөлшек пен туынды ядроның кулондық тебіліс күштері қамтамасыз етеді.


2.3-сурет

Берілген жағдайда α-бөлшектің потенциалдық тосқауылды еңсеруі туннельдік эффект арқасында іске асады. Кванттық теорияда α-бөлшектің толқындық қасиеттері ескеріледі. Сонда егер энергиясы Е α- бөлшек қайсыбір U(r)потенциалдық тосқауылға ұшып келіп соғылса, онда ол белгілі ықтималдықпен тосқауылда бар туннель арқылы өткендей болып сіңіп өте алады, яғни Е болатын аймақтан өте алады. Туннельдік эффект жайындағы көрі­ніске негізделген α-ыдырау теориясы тәжірибе деректерімен жақсы үйлесетін нәтиже береді.

Бета–ыдырау – радиоактивті ядроның электрон (позитрон) және антинейтрино (нейтрино) шығарып, массалық саны өзгермей, ал зарядтық саныΔZ=±1 -ге өзгеріп, басқа ядроға айналуы. Осы үдерісте ядродағы нейтрондардың біреуі протонға түрленеді немесе протондардың біреуі нейтронға түрленеді.

β-ыдыраудың үш түрі болады: β- – ыдырау, β+ – ыдырау, элек­трондық қармау.

  • β- – ыдырау


(2.2.9)
сызба бойынша өтеді.

Мұндағы, -электрондық символдық белгіленуі; –элек­трондық антинейтрино (антинейтрино электронның шығарылуы­мен ілесе шығарылады).

β- – ыдырауда туынды ядроның массалық саны өзгермейді, ал зарядтық саны 1-ге өседі. β- – ыдырау мысалы:.

Электрондық β--ыдырау негізіне, жоғарыда аталып өткендей, ядродағы нейтронның протонға айналуы жатады:
. (2.2.9а)
Сондықтан β- – ыдырауды атом ядросы ішінде нейтронның протонға өздігінен айналу процесі ретінде анықтауға болады.

β- – ыдырауда түзілетін туынды ядро қозған күйде бола алады. Ядро негізгі күйге ауысқанда γ–сәуле шығарылады. Сондықтан β- – ыдырау болғанда, α – ыдырау сияқты, γ–кванттар қабаттаса шы­ғарылады.

2.4 сурет



Эксперименттік зерттеулер β--ыдырау кезінде пайда болатын электрондардың нөлден бастап ең үлкен Еmax мәніне дейінгі кең энергетикалық спектрі болатындығын көрсетті (2.4-сурет). dN ша­масы энергиясы Е-ден Е+dE-ге дейінгі аралықта жататын элек­трон санын анықтайды.

Қисық қамтитын аудан бірлік уақытта радиоактивті заттан шы­ғарылатын электрондардың жалпы саны. Еmax энергия аналық ядро массасы мен ыдырау өнімдері (электрон және туынды ядро) массасы мәндерінің айырымын анықтайды:
Emax=[Ma-(MT+me)]c2. (2.2.10)
Алғашында, нейтрино ашылғанға дейін, β- – ыдырау энер­гия­ның сақталу заңының бұзылуымен өтетін сияқты болған. Шынын­да да, егер аналық ядро туынды ядро мен электронға ыдыраған болса, онда электронның Ек энергиясы

теңдеуіне сәйкес Еmax-ден кем бола алмас еді. Энергияның ΔE=Emax-E «жоғалуын»түсіндіру үшін, энергияның сақталу заңы бұзылмас үшін, В. Паули 1923 жылыβ-- ыдырау кезінде тағы бір бөлшек (электрлік бейтарап, массасы өте кіші) шығарылады деген жорамал ұсынды. Осы бөлшек нейтрино деп аталды (Э.Ферми), 1956 жылы экспериментте табылды (Ф. Райнес, К. Коуэн).


  • β+ -ыдырау (позитрондық β – ыдырау)


(2.2.11)
сызба бойынша өтеді.

Мұндағы, – позитронның символдық белгіленуі (позитрон – электронға қатысты антибөлшек); – нейтрино (позитронның шығарылуымен ілесе шығарылады).

β+ – ыдырауда туынды ядроның массалық саны өзгермейді, ал зарядтық саны саны 1-ге кемиді.

β+ – ыдырау мысалы: .

β+ – ыдырау негізіне ядродағы протонның нейтронға айналуы жатады:

p→n+e++νe (2.2.12)
Нейтрино – электрлік бейтарап элементар бөлшек, спині ½ (ћ бірлігінде) және тыныштық массасы жоқ.

Нейтрино тек өзара әрекетке қатысады, сондықтан оны тікелей бақылау өте қиын.

Антинейтрино – нейтриноға қатысты антибөлшек.

Протонның массасы нейтронның массасынан кіші болған­дықтан, еркін протон үшін мұндай процес энергетикалық тұрғыдан мүмкін емес. Бірақ та ядрода тұрған протон қажетті энергияны ядродағы басқа протондардан ала алады.

  • Электрондық қармау β – ыдыраудың үшінші түрі – элек­трондық қармау да ядро өз атомының электрондық қабығындағы электрондардың біреуін жұтады. Көбінесе, электрон К қабаттан жұтылады, сондықтан электрондық кармау К қармау деп те аталады. L – немесе M – қабаттан электрондардың жұтылуы сирек байқалады.

Электрондық қармау немесе К – қармау

(2.2.13а)
сызба бойынша өтеді.

Ядро атомның ішкі қабатынан (әдетте, К – қабаттағы екі электронның біреуін) бір электронды тосын қармап алады және электрондық нейтрино шығарады. Электрондық қармауды
p+e-→n+νe (2.2.13б)
түрінде көрсетуге де болады.

Мұның мысалы:.

Электрондық қармау нәтижесінде атомның электрондық қабатында босаған орынға жоғарғы қабаттардан электрондар ауыса алады, осының нәтижесінде рентген сәулесі шығарылады.

β – ыдырау кезінде бөлінетін энергия 0,0186МэВ-тен 16 МэВ-ке дейінгі аралықта жатады. β – активті ядролардың жартылай ыдырау периоды 10-2 с-тан4·1012 жылға дейін өзгереді.

Ядролардың гамма –сәуле шығаруы. Бұл сәуле ядролардың қозған күйден энергиясы кішірек күйге ауысқан кезде шығаратын қысқа толқынды электромагниттік сәулесі. Ядро дискретті энер­гетикалық деңгейлер жиыны бар кванттық жүйе болатындықтан γ – сәуленің спектрі де дискретті болады.

Әртүрлі ядролардың шығаратын γ –кванттар энергиясы Еγ мына аралықта жатады: 10кэВ ≤ Еу5МэВ.

γ – сәуленің бұған сәйкес толқын ұзындығы 2∙10-13 ≤ λ ≤10-10 м болады.

γ – кванттардың энергиялар бойынша үлестірілуі γ – спектр болады. Бұл сызықтық спектр атомдық ядролар күйлерінің дискреттігінің дәлелі болып табылады. Еркін нуклон γ – квант шығара алмайды, өйткені энергия мен импульстің сақталу заңдары бірдей бұзылған болар еді. Ядро ішінде бұл мүмкін болады, өйткені шығарылған γ – квант ядро нуклондарымен импульспен алмаса алады. Сондықтан β- ыдырау нуклон ішкі процес болса, ал γ – сәуле шығару ядро ішкі процес болады.

γ – сәулені туынды ядро шығарады. Туынды ядро өзінің түзілуі мезетінде қозған күйде болса, онда 10-13-10-14 с ішінде γ – сәуле шығарып, негізгі күйге ауысады. Негізгі күйге ауысқанда қозған ядро бірқатар аралық күйлер арқылы өте алады. Сондықтан да бір радиоактивті изотоптың γ –сәулесі энергиялары бойынша өзгеше γ –кванттардың бірнеше тобынан тұратын болады.

γ – сәуле шығарылғанда А мен Z өзгермейді, сондықтан ол ешқандай ығысу ережелерімен сипатталмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет