4. 6- ресурсы. Таланты және дарынды оқушыларды қолдау Кэролин Уильямс Inside


Неліктен бірлескен жұмыс маңызды?



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі198,23 Kb.
#189697
1   2   3   4
Байланысты:
Ресурс 4.6 Таланты және дарынды оқушыларды қолдау
алгебра омж Тулекова А, 8-Учебный-план Алгебра 9-класс, ТЖБ-8 қаз 1тоқсан updated (1), 00075f91-3362a987, Среднесрочный план по Кембриджской программе.7 класс казахской школы Ічетверть Русский язык, 00002581-68db69c3, kntzbelk-zhospar, Тізбектелген саба тар топтамасыны ЫС а мерзімді жоспары, Ресурс 1.5 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәсілдері, Ресурс 2.2 Мектептегі және сыныптағы атмосфера, Курманай Аянбек
 
Неліктен бірлескен жұмыс маңызды? 
Барлық тапсырмалардың ішінен оқушылар бірлесе жұмыс істеуді (мүмкіндігінше 
қабілеттілік деңгейі бірдей қатарластарымен) талап
ететін тапсырмаларды ең күрделі деп 
санады. Оларға жай ғана «дұрыс жауап» бергеннен гөрі, ойын дауыстап айтуға және 
идеяларға эксперимент жүргізуге тура келгенде қиын тиді. Жоғарыда аталған ағылшын тілі 
сабағында оқушылар
неліктен Макбет кісі өлтіргіш болғанын дәлелдейтін аргументті табу 
үшін топтарда жұмыс істеді. Тапсырманы орындау барысында мұғалім әр топқа барып
мынадай сұрақтар қойды: «Егер ….., қалай болар еді?» және «Иә, бірақ сіз … туралы 
ойладыңыз ба?». Оқушылар бұл тапсырманы аса күрделі әрі тиімді деп санады, себебі 
топтық жұмыс әртүрлі идеялармен алмасуға негіз болды.
Мұғалімдер оқушылармен қалайша жақсы қарым
-
қатынас орнатты?
Оқушылар күрделі тапсырмаларды орындаған кезде олардың мұғалімдері: 
• 
оқушыларға
құрмет көрсетіп, олармен әңгімелесуден рақат алған жағдайда;
• 
өз пәнін жақсы көрген жағдайда;
• 
тәртіпті және пән бойынша жақсы білімі болған 
жағдайда;
• 
жақсы жоспарланған және мақсатқа бағытталған сабақтар өткізген 
жағдайда;
• 
өзін еркін және ашық ұстаған жағдайда;
• 
шекараларды нақты белгілеп, анықтаған жағдайда өздерін сенімді сезінді.
Күрделі тапсырмаларды әр сабақта қолдану қажет пе?
Оқушылар өз мүмкіндіктерін әр сабақта көбірек қолданғысы келмейтінін айтты. 
Күрделі тапсырмаларды орындау олардың білімдерін және сабаққа қанағаттану деңгейін 
арттырғанына қарамастан, егер әр сабақ күрделі жүктемелерге бағытталған болса, олар
өздерін қатты шаршағандай және оларды толығымен орындай алмайтындай сезінер еді.
Бұл зерттеу қалайша әзірленді? 
Кэролин
мұғалімдер оқушылардың толық әлеуетін
анықтау үшін қандай стратегияны 
қолданатынын білу үшін бұл жылы 
MIDYIS 
және
SAT тестілеу нәтижесі бойынша топтың 
аса қабілетті оқушылары деп анықталған 9
-
сыныптың тоғыз оқушысынан сұхбат алды және 
төрт сабақта (математика, шет тілі, ағылшын және АКТ) бақылау жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет