5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі


Атаны сыйлау Алланы сыйлау. Атаның алдында күнә іс істеу, Алла алдында күнәкәр болумен бірдей



бет4/30
Дата13.12.2016
өлшемі4,28 Mb.
#3746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Атаны сыйлау Алланы сыйлау. Атаның алдында күнә іс істеу, Алла алдында күнәкәр болумен бірдей.» (529-өсиет) Енді қазіргі таңдағы Ата-жолы, дегенді халыққа жиренішті етіп, бүкіл әулиелер өткен сара жолымызды, тарихымыздан өскелең ұрпақтарымызды түңілдірумен және осындай пайғамбарымыз өсиетеріне, Құранның 31-ші сүресіне қарсы шығарған, шерік қатып, яғни сөзде шектен шығып ортақ қосу амалына жатпай ма екен? Аталар өткен рухани жолымыз, Шежіре-Аманат тағдыр сөзі болып, рухпен Адам атадан келіп, адам тіршілігінде иманға айналып, кісі-кітап болып қалыптасады да, әрбір пенде сол аманат кітабын оқып, тазартып өмір сүру барысында кейін амантын, өз орнына ақиретке қайтып беру керек. Ал бұндай әулиелеріміз меңгерген жан ғылымы да болашақта дәлелденетін тарихаттық, мағрипаттық масхаб білімнен жоғары тұрған иман келтіруге байланысты діннің де бір құпиясы екені сөзсіз. Бұл құпия сырды Абай атамыз; «Сөз сатып алып не керек, Тәңір сені екі сөзбен атқан.» деп, өзге елден сөзді, хажын іздемей, әуелі ұлтыңа тән, ділдік рухани амантты қайтаруды, дін саудасын ескертіп кетіпті. Бұл құпияны да пайғамбарымыз: «Аманатты уақытында қайтару пенденің несібесін арттырады, ал оған қиянат ету жамандыққа, мұқтаждыққа алып келеді.» (323) өсиетпен имандылықтың сопылық, яғни қазіргі таңдағы білімге айналған таихаттық, мағрипаттық негізгі дін, діл амалын да көрсетіп кетіпті. Ал, ділдің яғни жандағы құпия білімнің, ана тілін жетік меңгермей, және ата аманаты уәдесін, сөзін, намаздармен амалдарға айналдырмай, заманға қарай өлшенетін тақуалықтың да қалыптасуы мүмкін емес. Масхаб білімі ұсынған мыңдаған жыл өтіп, тозған, діл білімі, бұл тұрғыда, қазіргі заман тақуалық, білім, ілімділікті қалыптастыруға да жеткіліксіз екенін білген жөн. Ал, негізнен ділдің тазарып, серіктік бейнесінің, алтаудың қалыптасуы да адамның басы мүшелерінің тазалығымен, және шашының түр-түсімен айқын көрнісін береді. Әйелдің басы еркектен, қабырғасынан, яғни ұрық суынан жаралып, ерге қайта өткізу негізгі аманаты болса, ал еркек басы құдайдан аманат. Сондықтан әйелдің сәждесі ерекпен ара қатынасымен нәтижеленсе, еркек сәзждесі құдай патшалығынан алған үлесімен елшілігімен нәтижелену шарт. Олай болса, намаздарымыз амалдармен, яғни салт-дәстүрімізбен, ұлттық ерекшелігімізбен орындалып, тән және сөз амалдарын қалыптастырып, рухани сүнетелу болып табылады. Халқымыздың рухани санасын қалыптастыру дегеніміз де, осыдай жағдайлардың құлшылық тұтастығынан ғана пайда болады. Және дін құлшылығы да, ұлтық негізде, мешіт дін рәсімдерін орындау орындары мен, мәдениет құзырлы орындарының бір мәмілеге келіп, ата-салт дініміздің рәсімдік сипатын толық мойындау арқылы орындалу керек. Ал, енді рухын тазартып, жанды өсіруге бағытталған құлшылық істері де, әрбір пендеге жеке-жеке шамасы, қабілеті, діни, рухани сауаттылығы арқылы орындалатын жаратқанмен екі арадағы құпия болған, мысалға ораза ұстау сияқты дәрежеде құпия байланыспен орындалатын амалға, яғни көктегі жеті жолдың бірін көріп, жалғанып, жекелей алған жобаға жатады. Бұл намаздарды Абай атамыз; «Руза намаз, зекет, хаж-талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс. Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті Қылғанмен татымды бермес жеміс.» Ал бастапқы үшеуі дегенімізде, Құранға дейінгі түскен, үш кітаптардың пайғамбарлары меңгерген шариғаттық ұстанымдарымен және соңғы төрттің де өз жеміс беру үшін де, алдыңғы екі кітапты да қамтыған Інжілді толық меңгеріп, Ғиса пайғамбарымыздың әскерлеріне жалғанбайынша және ұлттық ерекшелік әдет-ғұрыппен, негізгі шежіре тарихымызға жалғанумен, яғни тарихатпен тығыз байланысты екені де даусыз. Ислам әлемінің ең басты қателігі және қазақ муфтият, масһаб дін ғалымдарының дінге жасаған ашықтай қастандығы да, осы имандылықтың алғашқы екінші бөлігін, үш сүюдің философиялық, жан сырлық білімдерін меңгермей, ілімін мүлде жоғалтуымен халықты діннің ескі бастауы «кинизм» әдетіне әкелумен көрінеді. Бұл жағдайды пайғамбарымыз ерекше тапсырып, өсиет қалдырған: «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (құранға дейінгі дін ұстанымдарын) әдет-ғұрпына сүйем бе, сүйем, кез бе, кез (қолмен-інжіл, аяқпен байланысты-тәурат ілесіңдер, Ыбырайым жолы) ілесіңдер тіптен олар кесірткенің ініне барып кірсе де оған кіресіңдер,» деді. Біз: «Уа, Алланың елшісі! Яһудилер (Тәураттықтар) мен христяндардың (ғұрыптарын) айтып тұрсыз ба?»,-деп сұраған едік, Ол: «Басқа кімдер болушы еді?»-деп айтты». (1378-3456; Әбу Сағидтан) Тәуратпен Інжіл амалдарын және Зәбур өсиетімен, бақсылық, емшілік істерімен тұтастай толық орындаған қазақтың әулие-әмбилерінен, ата-бабамыздың әдет-ғұрпынан артық дін ұстанымын әлемде кездестіру де қиын шығар. Рухани егінді жетілдіру үшін еңбек етіп; «Атаңа не қылсаң алдыңа сол зейнет болып келер», «Бейнет түбі зейнет» деген аталарымыз. Осындай діннің негізгі жанды сүннетеу қағидасымен, пайғамбар көрсеткен және көзін көрген сахабардың да, өмірден өткенен кейін ұмыт болып, діннің тек араптарға түсірілгенін ғана бөлшегін алып, дінді аздыратынын алдын ала ескерту алған пайғамбарымыз түркінің ұрпағы болған; Арыстан баба арқылы құрма мұғзижасымен, масхаб ұстанымдарын жетілдіріп, бірлеген дінді түркі жеріне алып келіп, түп негізге қосып, зікір амалдарын көрсетіп, сол уақыттарда ислам діннің, тура жолдың қазығы, 40-қақпалы Сайрамда қағылғанын ұмыттыруға, жан-беріп жан алысқан, ақпараттық дәрежедегі дін соғысын өз бауырларымыз, қазағымыздың қолымен де атқарылуда. Бұндай зұлымдықтан шығудың бірден-бір амалы; қазақ халқының намаздар мен амалдар ерекшелігін және ділі де, діні де ойшылдық, философиялық көркем сөздерінің де ақ бастау бұлағы; Ясауи бабамызды зерттеп, зерделеу үшін Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегін жеткілікті түсінуіміз шарт. Ал, мұндай күрделі діл білімінің ақ-қарасын айыру үшін де, Құранды қазақ тілінде аударма арқылы сөз астарларын зертеп және міндетті түрде сандық мәндегі ғылымдық насихатын да меңгеру керек болады. Ендігі замандарда барлық рухани шатақ та, адасуда құраннан пайда болатынын, және Раббымыздың «Құранды теріске, өзіне зиянға алатындар бар» деген ескертуіне мән қойып, діншілер, философтар зертегендеріміз де аз. Дін ғалымдарының құранды арап тілінде оқымаса, ойлау жүйесі, ділің дамып, сана өспейді деген, надандық пәтуалары, парыздық ұғым болып әбден бекігені соншалық, арап тілін меңгермеген дінші емес,- деген ұстанымды үкімет, ел басқару және зиялы қауымда қолдайтыны хақ. Ал шындығында солай ма? Құран, жаратқаннан арап тілінде түсіргендіктен және сүйікті пайғамбарымызда сол ұлттан болып табылғандықтан, арап тілін құрмет тұтып, құранды қастерлемейтін қазақ баласы да аз болар. Бірақ, бәріміз құранды арапша оқығанмен, ана тілі қанымен берілген араптардан артық меңгеріп, және пайғамбармен бірге болған сахабалардан артық білімді болып кете аламыз ба? Және құран араптардың өзінде де тұрмыстық тіл, және құран тілі болып, екіге бөлініп, құран тілін кез келген арап баласы меңгере алмайтынын тағы да ескерген де жөн болар. Құранды араптардың өзі теріске алып, зұлымдыққа түсіп жатқанына арап еліндегі «көктем» оқиғасы да жеткілікті дәлел емесе пе? Егер, діл тек ана қанымен ғана жетіліп, сондықтан әке рухынан келетін сөз бойынша ойшылдығымыз, жаннан бөлек жағдайда, арап тілін бейнелеушіге айналу мүмкін бе? Әрбір ұлттың ана тілі жер ана рухымен тікелей байланыста болып, ол ұлт үшін ана судың тілі ал, өзге тіл, оттың тілі болып саналатынын да ескерген жөн. Аталарымыз «Бір тілің су, бір тілің от, екі тілде сөйледің адам, байқамай діліңді бұзып алма, адам!» деп ескертіпті. Арап тілі, құран тілі, арап ұлты үшін көк суының негізі болып, ал біздер үшін, құран тілі рухтың тілі, оттың тілі болып саналады. Құран тілі жалпы адамзатқа да ортақ көк суы болған, яғни жарыққа айналған, әлемге құлшылық ортақ рухты тазалауға оңай, рухани тіл болып саналады. Сондықтан 30-парамен, яғни негізгі түсірілген кітаптармен де, бүкіл адамзаттың Нух пайғамбарымызға дейінгі өткен нәсілдерге жалғануға болатын құпия сыры тағы да бар. Ал от пен су тілінің арасын жалғауға, жаратушымыз 22-түрлі ағашты және 11-түрлі көке жалғанатын қөркем сөз ағашын да жаратқан құпия сыры да бар. Барлық негізгі көкке жалғанатын ағаштың саны 33 болып, оның 29-шысы қаж, яғни Ыбрайым жолының ағашы болып есептелді. Енді осы 33-санның біліміның 30-ы, Құран аяттарымен беріліп, ал қалған 3-парасын, 10-кітабын қайдан аламыз? Және Мұхаммед пайғамбарымыздың, Құранына 47-санына жалғану үшін ол да жеткіліксіз екені де хақ.

Құран үгіті және ой зейнеті. Зейнет-ақыл,ойдың сапасы.

«Қараңғылыққа түсіп, одан алғашқы оянған жұрттың дінге деген ықыласы қарқынды келеді. Әдет, заң, тіл секілді өзіндегі барды кемге санап, соларды жылдамырақ көңілдегідей өзгертуге салынады.Бұл салада өз ара жарыс басталып, қарқынды жарыста, екпінді жұмыста елдің елдігіне негіз болып тұрған нәрселерін де абайламастан өзгертіп кететін болады.» (Халел ойшылдан)» Егер бір халық өзіне идеялар (ұлтық насихат) мен өзге әдет-ғұрыптардың ықпалына түсіп, оларды өз ұлтының ерекшелігіне райлас өзгертіп, игеріп сіңіруге күші жетпесе, онда ол халықта саяси өмір сүре алмайды...Өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлтық белгісі бет-бейнесі жоқ халық та сондай.» (Белинский) Негізгі қазақтың осал жері де ұлттық даралығымызбен, жаңалықты таңдамай қарқынды меңгеруге тырысатын Абай атамызша: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұр тануы ешбір халыққа ұқсамайды..» «Әр кезде қоғам тіршілігі өнімсіздікке ұшырап, іштей жұтай бастағанда, заман әуеніне қарай не дінге, не саясатқа қамшы басады. Осы екеуінің қайсысы болса да, қамшы басқан елде ішкі жегі құрт бар дей беріңіз. Көбіне сол жұтаудың себепкері-басқарушылар, басшылар болып шығады.» (Ғабит Мүсрепов) Осындай ұлттық ерекшелік мінезімізден және өзіміздегі ғұламалардың, даналардың қалдырған насихат, аманаттарын сіңіруге құлықсыз, кемге санап, ал арап тілін меңгеріп, өзге елдің әдетін насихатағандарға сенгендігіміз соншалықты, не айтса де құдайдың өзі айтып тұрғандай сенеміз ғылымды, білімді адамдардан да жас болса да құранды жатқа білгенді пір тұтамыз, табынамыз. Қазақ елінде рухани да шаруашылықта да жұтаңдықтан шығуға дінге де, әлемнің бар жетілген шаруашылық салттарын меңгеруге де қамшы басқан ел билігіндегілер өз ұлтымыздың негізгі рухани құндылықтарын теріске алған «Жегілер», яғни шайтан жамағатарына айналғаны да хақ. Ал, дін саласында бұрынғы ескі жындылығымызды қайта тауып, кезінде құранды меңгергендермен, араптан келгендердің бәрін түгелдей қожалар атап, төрден орын беріп, жеке қазақтан бөлек ұлт қылып мойындап та қойдық. Кезінде қандай да бір дін болмасын, шіркеулерден, мешіттерден мектеп ашып, халық сауаттанатын, баларын білімге үйренетін мектептер болып, кейіннен білімнің сан салаға бөлініп, күрделенуімен арнаулы ғылым саласына айналып, елдің өркениетін қалыптастыратын мәдениет және шаруашылық, саясат саласындағы ел билеушілері 50-елдің қатарына қалайда қосыламыз деп қамшыны басып, нәтижесінде ұлттық ойшылдық біліміздің, ұстанымыздардың діннің бір бөлшегі екенін ұмытып, тіптен үкімет діннен бөлек деген ұғымды тауып алдық. Оған себеп балардың және адамзатқа ортақ берілген намаз оқудың ірге тасы білім алып, сабақ оқуды да намаздан бөліп, тек құран аяты арқылы намаз оқуды ғана намаз деп атауды әдетке айналдырдық. Ал дін рәсімдерінің де бөлшектеп; Намаз оқу тәубе кешірім сұрау амалының және адамзатқа берілген 12 «балық» –тәубе несібенің әрқайсысына тән намаздардың да 12 түрлі орындау, сыйыну амалдары болатынын жоғалтып, оған мұсылмандық қарыздардың орнына қажылықты ойдан қосып, мұсылманның бес парызы деп дінді тағы шектеп алдық. Олай болса, Інжілде ескерткен рухтың түрлерін ажырата білетін қасиеттерді, дарындылықты да жоғалтып алдық. Осындай кемшіліктерді түзеуге рухтан міндетті берілетін ескертулер мен, хабар келтіретін қазақ аталарымыз меңгерген түс көру, аян, бата алуларды жын шайтаннан деген сенімді қалыптастырып, діншілер өзінің түсін айтпақ түгіл түс көргенге де тиым салады. Ендігі жерде, мешіттерде, болмаса баспасөз беттерінде түс көрдім, хабар алдым, қуаныш немесе қиындықтар келеді деген қарапайым ақын, жазушылар болмаса, ел басшыларының, дін өкілдерінің имам, молда түгіл хазірет, шейхтарың да үгітін кездестірмейсің. Ал сауықтыру дарыны, емшілік істері жаратқаннан сыйға беріліп, және оны меңгеру, жетілдіру ислам құндылықтармен біріктіру жолында қызмет жасап, әрі үйренушілерді «серік қосып» (жалған сөйлеп) Аллаға теңдестер жасауда, Алланың ісіне араласқандар деп қудалаудан жалығар да емес. Оған себеп, өздерінің иманы келіп, зейнетелемек түгіл, толық сенім қуатының ар сауытының жетілмей, Алла жібінен, кітаптарынан айрылғандықтан деп түсінуге болады. Болмаса, құранды жатқа білетіндер, құран аяты жүрегіне зейнеттелген болып, қанында жарық пайда болса, онда жан ғылымын меңгерген болып; шығармашылық, емшілік істермен және дұғасының қабыл болу қасиетілігімен, жамандықтарды алдын-ала болжап, сақтандыра алу қабілетімен, яғни осы белгілердің негізі болған, аян, түс көру жору білімін меңгерумен ерекшелену керек еді. Бірақ, қазіргі таңдағы өздерін, «намзхан» және барлығы тұтастай өздерін тура жолда болушылар атаған мұндай діншілеріміздің, жазылмайтын әртүрлі аурулардың емін ажыратып, құран аяттары арқылы емдемек түгіл, қарапайым арамнан, арақтан, темекіден, көз тию, өзіне-өзі қол жұмсау, қояншық, талма т,б сияқты әулие аталарымыздың меңгерген қарапайым амалдарды құран аяттары арқылы дем сауықтыру қабілетін неге білмейді? Егер ондай құран аятынан ем-шипа түсіретін рахметін алмаса, онда құран аяттарын зиянына, теріске алумен, жалғандыққа түсіп, серік қосып, өздеріне зұлымдық жасаған, Раббымыздың көрсеткен белгілерінен, үкімдерінен шерік қатумен, аятарына ортақ қосушылардың қатарынан болып табылады да сенімдері өлген, жүректері рухани жетіліп әлі тірілмеген! Енді сондай қателіктерін өлі сенімдерін жасыру мақсатында пайдаланатын амалдар мен себептеріне тоқтала кетейік.

Ділге, иман-кітаптарға, кісілерге иман келтіру.

Барлық діншіге тән, кітаптарға иман келтіруді, түсірілген кітаптарға сенім келтірдім деумен шектеледі. Яғни, сонымен масхаб білімінде; иман тілмен айта салғанан жүрекке енді, тура даңғыл жолға түсіп, мүміндік те ислам шарты да бітті. Ал пайғамбарымыздың өсиетерімен ескертілген негізгі сахабалар мен біздердің әулие бабаларымыз орындаған, жетілген тақуалық намаз амалдарын қайда қоямыз? Қандайда болсын, киелі кітаптар, мейлі нұсқау уахи түрінде, мейлі таңбалар түрінде болсын, әуелі алдымен табиғат құбылыстары, оқиғалар яғни мұғжизалар түрінде көрініп, яғни кітап болып түсіп, соған енді адам баласы ақылы білімі жеткенше,сөзбен, таңбалармен, сызықтық бейнелермен, салыстыру арқылы кітапқа, амалға айналдырады. Тағы жекелей адамдарға жаратқанның таңдауы түсіп, кейбір болған, болатын оқиғаларды аян түрінде көрсетіп және осындай пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген елшісі арқылы халыққа жеткізуді тапсырады. Бұндай заманға қарай жаңадан үкімдермен, аятардың оқылуын уахи берілу деп атаған. Сондықтан уахидың көрсетілетін, дауыс түрінде естілетін, санаға білім болып жазылатын, көкейден бата болып айтылатын түрлері болып, оларды меңгеруді елшілік істерге жатқызады. Бірақ ислам дін ғалымдары бұрынғы құпия болған әулиелер меңгерген ілім сырының, енді адамзатқа білім болып оқылатын уахиды мүлде жоққа шығарып, яғни тек пайғамбарларға ғана оқылған деген пәтуамен құраның 100-деген ашық аятарына қарсы және Аллаға орақ қосумен айналатындарын біле бермейді. Мысалға, қасиетілікті меңгергуге байланысты; көкейге салу, санада сөйлесу, бір перденің артынан сөйлесу сияқты ақ бақсылық қасиетерді есептемегенде жалпы барлық пенделерге берілетін уахиды аятта; «Мұхаммед оларға; «Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді» де» (21-45) деген Раббымыздан ашық үкімдерді, діншілерінің масхабты жол деп Аллаға ортақ қосуынан, дін хазіретінен бастап уахи естімейтін саңырауға айналғанын да біле бермейді. Ал, енді тақуалықты жетілдіру арқылы меңгертін пайғамбарлық қасиеттерді, құранда 24-пайғамбар дәлелдері арқылы беріліп, қалған бүкіл пайғамбарға түскен нұсқауларды жалғастырушылар, елшілер аталып және соңғы пайғамбарымыздың сүнетері мен ізгі істерін де жалғастырушы, бірлеушілер әулие-әмбилер болып табылады. Сондықтан әулие-әмбилік белгі болып, барлық елшілік амалдарын жалғастырушы істерге жатқызып, 57-сүре арқылы құранда ортасымен белгіленген. Ал бұл сүренің жұбы 75-ші сүре болып саналады да, сондықтан екі түрлі елшілік істерінің сипаты шығады. Негізінен барлық елшілік істер 75-санымен беріліп, яғни 46-пайғамбарлық қасиетке, 24-пайғамбарлық дәрежені қоссақ 46+24=76 санымен, яғни 75+1, «Бір» Мұхаммед пайғамбарымыздың сүннеттері болып және бұл санға енді бес қуатты меңгеруді қосаңыз; 81-саны, сол қолдағы барлық адамзатқа берілген соңғы нәтиже болып саналады. Олай болса негізінен 81-түрлі елшілік істердің болып, оның енді 76-сын Мұхаммед пайғамбарымыз намаздармен көрсетіп, өсиеттермен көбін астарлап ескертіп кеткені де хақ. Пайғамбарымыз: «Сабырлық, үнемділік және қажетсіз ысрапкершілікке жол бермеушілік, пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиеттерінің бірі. Ысрапкершілікке жол бермеңіз.» (347-өсиет) Және; «Мүмінің түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі» деп те ескерткен. Сондықтан барлық пайғамбарлардың Мұхаммед пайғамбарымызға дейінгі орындаған амалдары, нұсқаулары қасиеттер жиынтығын құрап, енді оларды біріктіріп орындауды, елшілік істерге айналдырумен Мұхаммед пайғамбарымызға пайғамбарлық дәрежемен жүктеліп, сондықтан да барлық дін істерін бірлеуші елші әрі дінде өзгеріс, кітап әкелуші соңғы пайғамбар болуында осы сандармен тікелей қатысты. Пайғамбарлық қасиет, жаңадан кітап оқушы, әкелуші болса, ал елші, бұрынғы пайғамбарлар түсірген кітаптарды қайта оқып, амалдарға айналдырушы, әрекет қасиеттерді меңгеруші болып ерекшеленеді. Осындай елшілік істермен бірге, пайғамбарымыз миғраж хикметінен кейін; «Раббымыз; «Ол- (намаздар, құлшылық) бес, ал (сауап бойынша) елу. Менің алдымда сөз өзгермейді»,-деді...» (221-өсиет) Осындай ғылымы және сандық мәндері анықталмаған өсиеттерді, тек сыртқы үгітін алумен пайда болған, мұсылмандық бес парыз дегеніміз де, осы өсиетті негізге алғанын білдіреді. Бірақ бұл өсиеттің сандық сырына үңілер болсақ, мұсылмандар құлшылығы екі саннан, яғни 5-сүре, 50-ші сүре насихаттарымен түсіндірлгенін ескертеді. Және де осы екі сүренің өз ара дәрежеленумен, парын, яғни негізгі сырын; 55-сүре «Рахман» яғни рахманға құлшылық ұғымы шығады. Ал енді бұл сандардың шындығын қарапайым тәсілмен тексеріп көрсек; 76-елшілік,5-ислам намазы және 50-сауаптар намазы барлығы 81+50 немесе 76+5+50=131 саны, барлық құлшылықтардың негізгі нәтижесін беріп тұрғаны хақ Олай болса құран насихатының барлық жиынтығы, ғылымы болған Бақара сүресі 131 аяттан; «Бір кезде Раббы оған: «Бой ұсын!»,-деді. Ол:»Бүкіл әлемнің Раббына бой ұсындым» деді.» (2-131) Бұл Ыбрайым пайғамбарымыздың меңгерген құлшылығы, яғни Ыбрайым жолы дегеніміз осы! Енді жалпы Құран философиясы да құлшылықтар негізі де, бой ұсынумен ғана нәтижеленіп, мүмін болу, иманды аталу, барлық ұғымдар осы санмен ғана нәтижесін беретінін ескертеді. Және бұл санды аяттардың бәрі; Алладан қорқу деп аталады. Мысалы Ниса адамзаттың негізгі құлшылығы; «... Сендерден бұрынғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!,»-деп өсиет еткенбіз..» (4-131); «Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар» (26-131); «Осы (елші жіберілу) Раббың, халқы хабарсыз бір кенті зұлымдықпен жоқ етуші емес.» (6-131) Бой ұсыну, Алладан қорқу тек тілмен, оймен, намаз оқумен емес, яғни елшілік істерді, Раббымыздан келген хабарларды, аян, бата, уахиларды намаз қылып орындауды ескертіп, әулие аталарымыз меңгерген дәстүрлі дінімізді, ата жолын растап, ақиқатын ашып тұрғаны сөзсіз. Ал, енді бұндай қасиеттердің бастауын орындайтын амалдарын, тәпсіршілеріміздің жоғалтып алған негізгі себебі де; сөздер ұғымдарын сол қалпында аударып, мағынасын көрсетпей пайдалылғандықтан, «тәуәссил жасау», «Ақида жасау» «ижтиһади жасау», «истикрар жасау», «истауа жасау», «ыстықпар етеу»т.б атау сөздерді араптан төте алғандықтан, үндік қуаты өзгерумен және өзге тілде ұғымы өзгерген сөздермен, жастардың санасын улаумен ібіліс қызметіне тұрып алғанын байқамайды да. Қандай да бір пайғамбар, елші болсын, тылсым үндерін яғни құстар, таулар, оттың үндерін ана тіліне, сөзге айналдыру арқылы 7-үнмен ұлттық ділін, мақамын меңгеру арқылы елшілік істерін атқарған. Ал енді қасиет дегеніміз жан киімі, бой сауыты болып құранда: «Алла негізінен сендерді баураған» деп ескертеді. Және нұр сүресі 24-санымен белгіленуінің өзінде, адам баласының 24-пайғамбар арқылы алатын зейнеті, киімі, шапаны-кітабы бар деген ұғымды бересе, ал ішкі бейнесі, ішкі рухани қазынасы, зейнеті 64-аятық қабатардан, мүшеден тұратынын көрсетеді де барлығының сүре мәнімен қосындысы; 88-санын береді де адам баласының есебінің барлық кітаб санының, жаратылыс есебінің себептік белгісін, зейнетін көрсетеді. Сол қолдағы адамның өз бойында тұрған 81-88 ді алсақ, онда 7-кітап, Мұхаммед пайғамбарымыздың «Құраның жеті үнін меңгердім» деген ескертуі шығады. Ал жеті үнді, кітапты қайдан іздейміз? Алдыңғы 3-басылымда ескерткендей; Құран негізінен 7-кітаптың, үндердің жинағы болып шығады. Осы үн кітаптарының ішінен енді; Тәурат, Забур, Інжіл, Құран болып қалған 3-кітапты табу, осы намаздардың, сәзжденің сипатын ескертеді. Сондықтан пайғамбарымыздың; «Мен негізінен 7-сүйекпен сәзжде жасауға бұйырылдым» деп ескерткені де, осы құпия сырды әшкерелеп, және бұл кітаптардың адамзаттың жеті түрлі сезімдік қасиеті, жаратылыс сипаттарын сүйгеніндерінің, амалаға айналып, сүйегіне жазылатыны, зейнетелетінін білдіріп, мұсылмандық бес парызбен иман келтірдім деген ұғымның жалғандығын, тек бес сезімдік қуатқа ғана негізделіп; бұл пәтуамыз «Санды түсінбейтін санасыздарға» яғни жүрегі мөрленіп, құлақтары естімейтіндерге ғана түсініксіз болар. Сондықтан да, осындай әр кітаптың өзінді қуатылық белгісі, зейнеті болып, жанның киімі жеті қабаттан, яғни үннен тұруы тиісте, ал сөзге айналғанда аспандағы жеті жолмен жалғану керек. Адам баласының терісі де жеті қабатқа айналып, жетіліп қалыптасу да шарт. Және терінің де жетілу ретілігі болып, бас терісі 7-қабатпен жетілмей, басқа мүшелердің жеті жолға айналу да мүмкін емес. Сондықтан жалаңбас жүріп қажы, дін ғалымы аталу да Аллаға серік қосу болып саналады. Сонымен адам баласындағы жеті жолдың нәтижелері зейнеті, қуаттары болып, оған енді бас, қол, аяқтағы жетілерді; 3х7-ні дәрежелеп қосатын болсақ, барлығы 21-санмен тағы да Ата-жолының Айша анамызбен белгіленген 21-жұлдызды ақ туының да бір сыры шығады. Олай болса, 21-санының нәтижесі де бойға айналып, адам терісінде тұтастай бой болып, жеті өте нәзік қабаттардың қалыптасуымен ғана жан киімі зейнетеледі. Енді киімсіз, жалаңбас, жалаң аяқ иман келтіру түгіл, алғашқы бастағы жетіні де қалыптастыру мүмкін емес. Раббымыз; «Аллаға тек тақуалық киімен ғана жақындайсыңдар!» деп ескерткен. Және құранда аяқ, қол (бас) терілеріңнен сұраласыңдар-деп ескертеді. Енді інжілде бұл туралы: «Неге киімдеріңді ойлап(зейнет) уайымдап жүрсіңдер? Даладағы қызғалдақтардың қалай өсіп тұрғанына көңіл бөліңдерші. Олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Сендерге былай деймін: тіпті Сүлеймен патша өзінің бар сән-салтанатында сол гүлдердің біріндей әдемі киінбеген еді. Ал енді, бүгін далада өсіп тұрған, ертең отқа тасталатын шөпті Құдай солай киіндірсе, сендерді, әлбетте, одан бетер киіндірмей ме, сенімі аздар-ау!...Қасиеттілерді (аруақтарыңды, кісілерді, жындарды, рухани серіктеріңді) иттерге тастамаңдар, інжу-маржандарыңды (қыз-жандарыңды, нәпсілеріңді) шошқалар алдына лақтырмаңдар! Әйтпесе олар соларды аяқтарымен таптап, бұрылып келіп(періге, жын-шайтанға), өздеріңді жарып тастамақ!» (Матайдан; 6-7 тарау) Ал енді ислам дін ғалымдары және масһабшылардың бұл аяттың құпия сырын білсе, онда аруақ білімінен де хабардар болып, Інжіл күшін жойған деген жалғандыққа түспегенде болар еді. Және адам баласымен жаратқанның сөйлесуін жоққа шығаруды, інжіл жазбаларында хаждың сырын баяндаймен бірге, аруақ арқылы тазарған жындық қуаттардан, зейнет киімін алу арқылы атқарылатынын дәлелдейді. Және бұл жағдайлардың зиярат, киелі ойпатар, таулар арқылы атқарылатынын; «Иса осыдан алты күннен кейін Петір, Жақып пен Жоханды ертіп алып, бір биік таудың басына оңаша көтерілді. Сонды оның сыртқы түрі үш елшінің көз алдында өзгеріске түсті.
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет