5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған


Француз романтизмінің ақындары



бет8/13
Дата17.06.2018
өлшемі0,85 Mb.
#42566
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Француз романтизмінің ақындары
Альфонс де Ламартин (1790-1869). Романтикалық лирикаға Ламартин алғашқы қадам жасаушылардың бірі болып табылады. Оның қалдырған аса бай мұрасын баспа бетін көрген бірқатар өлең кітаптары, соның ішінде лирикалық және өзі шығарған “христиандық эпопеяларының” – «Періштенің құлдырауы» («Падение ангела») т.б. іштей аяқталған үзінділері құрайды.


ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 60 беті

Дегенмен кейінгі ұрпақ санасында оның ең алғашқы шыққан туындыларының кейбіреуі ғана толық сақталған. Соның ішінде «Поэтикалық ойлар» («Поэтические раздумий») /1820,1823/ жинағының екі басылымындағы «Көл» («Озеро») және «Жалғыздық» («Одиночество») атты элегиялары. Олар Ламартиннің сүйіктісінің дүниеден ерте өтуіне байланысты туған толғамдар.

Автордың бұл меланхолиялық элегиясы адам баласының қысқа ғана ғұмыры, күйбең-тіршілігі, сол өмірдегі қас-қағым сәттей болған нәзік те, баянсыз махаббаты туралы әдеби-философиялық ойлармен өрнектелген. Ол қоршаған ортаның барлығын жанды зат ретінде елестетіп, өзімен бірге мұңға батырғандай болады. Нәтижесінде, Ламартин туындыларында кез-келген қатты заттың өзі, бар қасиетінен өзгеше рухтағы солқылдақтыққа салынады.

Ақынның осы бір қыры кезінде В.Г.Белинскийдің: Ламартин лирикасы – өңкей ухлеу, охлеу, бұлттар, тұмандар, булар, көлеңкелер мен елестерден жасалған, – деп сынауына негіз болады. Мистикаға бағытталған «ламартиндік елес» – қоршаған ортадан өз әлемінің рухымен қосылап тыныштық табуды көздейді.

Альфред де Виньи (1797-1863). Ламартинге қарағанда Виньи көзі тірісінде тек бір ғана – “Көне және қазіргі поэмалар” («Древние и современные поэмы») /1826/ атты өлеңдер жинағын баспадан шығарды. Оның соңғы 30 жыл бойы жазған басқа туындылары автор қазасынан кейін, 1864 жылы ғана “Тағдырлар” («Судьбы») деген атпен жарық көрді.

Ақын да ойшыл Виньи өзінің бар асыл ойлары мен басынан өткергендерін көбінесе библиялық мифтен не өмірден алынған оқиғалармен астастырып отырған. Хрестоматиялық мақамдағы “Қасқыр өлімі” («Смерть волка») туындысында бір түндік аңшылық жайында айтылады.

Онда ізге түскен аңшылардан құтыла алмасын білген көкжал бөрі, үйірін аман қалдыру үшін бір топ итпен тайсалмай шайқасқа түсіп, өлермендікпен жолдарын бөгейді. Сөйтіп өз өмірін қия отырып, үйірі мен бөлтіріктерінің алысқа ұзап кетуіне жағдай тудырады. Ол бұл жерде қасқыр өлімінен адам баласының да үлгі аларлық жақтары бар екендігін аңғартқандай. Шығарма соңында оқиға желісі авторлық баяндаудан философиялық үлгі-өсиет сарынына ауысады. Виньи өзіндік өнегелі-адамгершілік көзқарасын осы туындысында анық көрсеткен.

Виньи шеберлігі – оның ойының мөлдір де тазалығында. Автор қандай жайды жазса да, оны ең алдымен әбден салмақтап, кесіп-пішіп алып, жинақы да қарапайым күйінде ғана оқырманына ұсынуды мақсат тұтқан. Бұл әсіресе оның белгілі кіші лирикалық эпопеяларынан айқын



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 61 беті

көрініс табады. Соның ішінде “Бақташының лашығы” («Пастушье хижина») туындысы нағыз романтикалық сарындағы нәзік лириканың көркем айшықтарымен көмкерілген.



Огюст Барбье (1805-1882). Әлемдік әдебиеттану ғылымы тарихында Француз романтизміндегі азаматтық лириканың пайда болуын О.Барбье есімімен байланыстырады. Оның «Олжаны бөлісу»(«Раздел дабычи») атты 1830 жылдың шілде айында болған париждік көтерлеске үн қатуы, қоғамдық ортаға жай оғындай әсер етті. Ақын қоғамдағы бұл өзгерісті құптай отырса да, көтерілген қара халықтың жеткен жетістігін өз мақсаттарына пайдаланған монархиялық тоғышар топтың жымысқы қылықтарын келемеждейді. Соңында бұралқы аш иттердің бейшара қабанды жабыла ұстап, таласа жеген «иттер тойының» жиіркенішті көрінісін береді. Бұл туынды Барбьенің алғашқы “Ямбы” атты 1831 жарық көрген кітабына енді.

Англияға жасаған сапарынан соң, 1837 жылы жарық көрген оның екінші “Лазарь” жинағында француз лирикасын алғаш рет заводтар мен көмір шахталарындағы өндірістік қайшылықтардың қыр-сырымен қанықтырды. Ондағы жұмысшылар өміріндегі ауыртпашылықтар мен өндіріс орындарындағы өрескел жағдайлар ақынды бей-жай қалдырмайды. Жалпы О.Барбье өз шығармалары арқылы ХIX ғасырдың француз поэтикалық сатирасына күлкілі жайыттар арқылы қоғамдағы шынайы таргедиялық хал-ахуалды көрсетуді әкелді.



Альфред де Мюссе (1810-1857). Романтизмдегі барлық лириктерде кездесетін жүрек азабы мен қиналысы Мюсседе өзгеше рең алған. Ол өзі атап көрсеткендей «көздің жасын інжу-маржанға» айналдыра білді. Жас ақының 1829 жылы жазылған «Испан және итальян ертегілері» («Испанские и итальянсике сказки») туынды-сында жаралы жүректің шағымын трагедия түрінде емес, керісінше Гюгоға мақамындағы назды да жалынды, өзгеше экзотикадай алып көрсеткен. Пушкин кезінде оның бұл шығармасындағы «ерекше шынайлықты» атап айтқан.

Мюссе кейінен де өзінің шеберлігін көрсететін эпиграмалалық тапқырлыққа толы, жеңіл де қарапайым түрдегі орта ғасырлық романстардай сәл көңілсіздік лебі есетін өлеңдерімен ерекшеленді. Алайда уақыт өте Мюссе лирикасы да «ғасыр дерті» атанған жан жабырқаушылығына, көңіл күйсіздігі мен жегідей жеген күдікке толы болды.

Оның осындай жан тебіріністерін нақты көрсеткен өлеңдері «Түндер»(«Ночи») /1835-1837/ атты төрт бөлімдік жинағына енді Оның үшеуі – нәзік жанды ақынның музамен шын жүректен сыр шертісе отырып, мұңын шағуына арналған. Ал «Желтоқсанның түнінде» автор

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 62 беті

тумасынан өлгенге дейін жанында ерген –«жалғыздық» жайындағы жан айғайы айтылады.

Дегенмен ақын француз лирикасындағы жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің сезім иірімдерін дөп басып тауып, көрсете білген романтиктердің бірі болмақ.

Жерар де Нерваль (1808-1857). Жерардың нақты есімі – Лабрюни. Бала кезінен жетім қалған ақын, кедейшілік пен ауыр тұрмыстың тауқыметін ғұмыр бойы тартып өтті. Бақытсыз махаббат, ғашығының ерте дүниеден өтуі Нерваль тағдырын одан әрі ауырлата түсті. Мұның үстіне жүйке ауырының асқынуы, ақырында оның өз-өзіне қол жұмсауына әкеліп соқты. Ақынның осындай ауыр тағдырына байланысты Францияда оны «қарғыс тиген ақын» атады. Өз өмірі туралы ақын «Үлессіз қалған» («Обездоленный») атты еңбегінде нақты жазып кетеді.

Бізге жеткен Нерваль мұрасы тек екі жинақ қана. Олар ертеректе жазылса да 1852 жылы жарық көрген «Кіші одалар» («Маленькие оды») және 1854 жылы басылған «Химерлер» атты лирикалық сонеттер жиынтығы.

Өз шығармашылығында Нерваль көбінесе шығыстық, көнегіректік мифтерді, ортағасыр фольклорлық аңыздар мен християндық түсініктерді өзіндік қиял әлемімен шебер ұштастырып отырған. Осы аңыздардан өріс алған ақынның жасырын ойынан, адам ғұмырындағы өлім мен қайта өмірге келудің кезектесуі жаңа үміттің кепілі ретінде көрінеді. Нерваль «түс – басқа өмір» деп айта отырып, онда шынайы өмірдің ақиқаты бейнеленгенін дәлелдемекші болды. Кейіннен оның бұл тұжырымын ХХ ғасырдың символистері мен сюралистері өз бағыттарында қолданды.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Француз романтизмінің қалыптасуына тікелей әсері бар тарихи оқиғаларды ата.

  2. Француз романтизмі неше кезеңге бөлінеді.

  3. Француз романтизмінің көрнекті өкілдері кімдер?

  4. Шатобрианның романтикалық туындылары.

  5. «Атала», «Рене» повестерінің көтерген тақырыбы.

  6. Альфонс де Ламартин, Альфред де Виньи, Огюст Барбье, Альфред де Мюссе, Жерар де Нервальдардың романтикалық шығармалары жайында не білесің?


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.

ДӘРІС 10. Александр Дюма, Жорж Санд ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РОМАНТИКАЛЫҚ ЭСТЕТИКА


ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 63 беті


Дәрістің мақсаты: А.Дюма мен Ж.Санд туындыларының романтикалық жүйесімен таныстыру.

Тірек сөздер: «Граф Монте-Кристо», роман-фельетон, Фигаро, Консуэло, реформа, Орас.

Дәрістің жоспары:

  1. А.Дюманың тарихи-шытырман оқиғалы романдары.

  2. Жазушының суреткерлік шеберлігі.

  3. Дюманың 40-шы жылдарда жазған туындылары.

  4. Дюманың гуманистік идеялары.

  5. Ж.Санд туындыларындағы басты тақырып.

  6. «Орас», «Консуэло» романдарының тәрбиелік мәні.

  7. А.Дюма, Ж.Санд шығармаларының әлем әдебиетіндегі орны.


Александр Дюма(1802-1870). Француз романтизмі тарихындағы ең кесек тұлғалардың бірі. Алғашында Дюманың жазушылық дарыны мойындалмай келді. Алайда, уақыт өте келе оның шығармалары өз замандастарының арасында орасан зор табысқа ие болды. Француз, тіпті барша әлем оқырмандарының өзі Франция тарихымен алғаш осы Дюманың романдары арқылы танысты. Жазушы туындыларын әр кезеңдегі әлем әдебиетінің ірі классиктерінің барлығы сүйіп оқыған. Қазір де жер жүзіндегі оқырман қауымның аса бір қадір тұтып, құмарта оқитын кітаптарының санатынан шыққан емес.

Александар Дюма – республика генералының ұлы. Жас кезінен әр түрлі қызметтер атқарып, Парижге келгенде классицизмге қарсы романтикалық күрестің қайнаған ортасына түседі. Әдебиет әлеміне құрдасы Виктор Гюгоның әдеби үйірмесінің мүшесі ретінде араласады.

Жас талантқа оның алғашқы «Геннрих ІІІ және оның ауласы» («Генрих ІІІ и его двор») атты тарихи драмасы бірден атақ әкеледі. Бұл туынды өз ортасында алғашқы романтикалық драма тұрғысында қабылданып, жаңа бағыттың басы ретінде бағаланды.

Бұл туындының әр минуты шым-шытырық оқиғаларға толы. Көрермендерге король мен герцогиня, астролог Руджери, герцог Гизолардың арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынастар сахна төрінен өзгеше әсер тудырды.

Одан соң «Антони» /1931/, «Нельдік мұнара» («Нельская башня») /1832/, тағы басқа көптеген шығармаларын жазды. Отызыншы жылдардың ортасынан бастап, бірінен соң бірі жарық көрген тарихи романдарының талайы әлем оқырмандарына танылып, оның есімін елге танытты. Ал, ең атақты туындылары қырқыншы жылдармен сәйкес келеді: «Үш ноян» (Три мушкатера») /1844/, «Жиырма жылдан соң» («Двадцать лет спустя»)

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 64 беті

/1845/, «Марго ханшайым» («Королева Марго») /1845/, «Граф Монте-Кристо» /1845-1846/ т.б.

Дюма шығарамашылығы алғашында демократиялық тынысты қосымша жанрлар – жеңіл мелодрамалар мен әлеуметтік-шытырман оқиғалы роман-фельетондармен байланысты болды. Көптеген туындылары, соның ішінде «Граф Монте-Кристо» ең алдымен газет беттерінде жеке-жеке фельетон түрінде басылып, көпшілікке танылды. Оның романдарының көркемдік-эстетикалық табиғатына көбінесе қарапайымдылық, тіпті жеңіл мінезділік, қызу да асқан құмарлылық, мелодраматикалық әсерлілік, тартымды фабула, авторлық көзқарастар мен көркемдік қолданыстардың жалпыға бірдей жетімділігі тән болып келеді.

Жазушының тарихи романдары романтизмінің бәсеңсіп бара жатқан кезеңінде жазылды. Соған қарамастан Дюма романтикалық көркемдік ойларға басқа қырынан келіп, оған оқырман жеңіл де жылы қабылдайтын, көңіл жадыратарлық рең мен өзгеше леп бере білді. Сөйтіп, тарихи жанрды романтизмнің барша әлем жұртшылығы ең бір сүйіп оқитын саласына айналдырды.

Дюма да Вальтер Скоттай, тарихи оқиғалардың тереңіне бойлай бермейді. Оның романдары – авантюрияға құрылып, көбіне тарихтың жарқан беттерінен алынған драматизм мен шым-шытырық, қызық оқиғаларға толы. Кейіпкерлерінің ара қатынасы мен шынай жайыттарға өз қиялы да астаса келе, өзгеше бір әсер тудырады. Шығарма материалы ретінде автор мемуарлар мен құжаттардағы тіпті ақпарат құралдарындағы хроникалық материалдарды алып зерттеп, зерделей отырып көркем туындыға айналдырған. Бұл да жазушы шеберлігінің бір қыры болса керек. Бір жағынан автор тарихи фон мен қоғамдағы жергілікті колоритті әдемі де әсерлі етіп суреттегенімен, алдына сол жайыттардың қыр-сырын толықтай ашып көрсетудің мақсатын қоймаған.

Басты тарихи оқиғалар: соғыс, саяси төңкерістер – Дюмада өзінің жеке көзқарасы тұрғысында беріледі. Олар: қоғамдағы ұсақ-түйек кемшіліктер, билеушілердің машақаты мен мінез-құлықтары, өзімшілдік пен жеке бастың қамы, сарай маңындағы абыр-сабыр оқиғалар төңірегінде өрбіп отырады.

Бұл әсіресе атақты «Үш ноян»(«Три мушкатера») туындысынан анық аңғарылады. Ришелье мен герцог Бекингемнің арасындағы келіспеушілік кардинал мен король Людовиктің теке-тіресіне ұласады. Тарихи оқыс оқиға Англиямен соғыстың туындау-туындамауы түкке тұрмайтын болымсыз дүниеге байланысты өрбиді. Ол кезейсоқ уақиға ноян Дартаньянның жақұт алқаны ханымға уақытында жеткізуіне қатысты еді. Дюма өзінің осындай ойдан алынған кейіпкерлерін тарихи жайыттарға белсенді түрде араластырып қана қоймай, оны қалауы бойынша бұрмалап

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 65 беті

та отырған. Мысалы, Дартаньян мен Атос Карл ІІ-нің Англияның королі болуына ықпал жасаса; король Людовик ХІV-ші Арамиспен арасындағы шиеленіске байланысты Бастилия қамауындағы ағасымен ауысып кете жаздайды. Қысқасы, Дюманың тарихи романдарының сюжеті көбінесе мелодрамалық дәстүрге сай келеді.

Дегенмен, автор тарихи шындықтан мүлдем алшақ кетпей, осындай шегіністер мен қызықты оқиғалар, тосын кейіпкерлердің іс-әрекетері арқылы өз шығармаларына айрықша рең беріп, оқырмандарына ерекше әсер силауды мақсат тұтқан. Оның бұл көркемдік әдісі романтизм әлеміне жаңа бір леп әкелді. Дюма қашанда прогрессивтік күштер мен халық жағында болып, зұлымдық әлемімен күресте көрінеді. Оған жазушының демократиялық ойлары мен республикандың түсініктерінің әсері мол болды.

Дюманың тарихи романдарының басты жетістігі, оның өткенді қазіргі өмірге мейілінше жақындатуында. Оқырман назарына тарихты жай ғана хроникалық түрде емес, өзгеше бояудағы, әдемі де әсерлі, тартымды да қызықты оқиғалар мен тарихи персонаждардың іс-әрекеттері арқылы өз заманынымен сәйкестендіре алып келеді. Суреткер-жазушы туындыларының сюжеті көбінесе шым-шытырық оқиғаларға құрылған. Аяқ асты туындайтын шиеленістер мен оның шешімін шебер тауып, әдемі суреттер арқылы, тапқыр ойлармен өрнектейді.

Суреткер романдарындағы басты кейіпкерлердің бейнесі тарихи персонаждардан кем сомдалмаған, керісінше, кей жерлерде өмірдегі болмысынан өзгеше, асыра суреттелген. Гаскондық Дартаньян мен оның достарының бойындағы күш-қуат пен батылдық, тапқырлық пен өмірге деген құштарлықтары, әлсіздер мен қорлық көргендерге әр уақ көмек беру үшін, жамандық пен зұлымдыққа қарсы бағытталған.

Нақты айтқанда, Дюма шығармашылығы гумманистік тамаша ойлармен сусындай келе, халық өмірімен тығыз байланыста болды. Сондықтан, жазушы мұрасы әлем мәдениетіндегі мәңгілік тұғырын сақтай бермек.



Жорж Санд. Аврора Дюдеван(1804-1876), әлем жұртшылы-ғына Жорж Санд деген есімімен танымал. Француз әйелдерінің ішінен шыққан жазушы Люсиль Аврора Дюпен (күйеуінің тегі бойынша Дюдеван) ХІХ ғасырдағы психологиялық және тұрмыстық романтикалық романдарға қалам тартқан белгілі тұлғалардың бірі. «Адамзаттың жаңғырығы болмай, ақын немесе суреткер атану мүмкін емес» деген өз ұстанымындай, Аврора өз ғасырының тыныс-тіршілігінің «сыңғырлы жаңғырығындай» бола білді. Ол сол кездің атақты әдебиетші-романтиктері – Жермен де Сталь, Гюго, Мюссе, реалист-суреткерлері – Стендаль, Бальзак, Флоберлермен шығармашылық қарым-қатынасын үзбеді. Сондай-ақ композиторлар – Лист пен Шопен, ақын Мицкеевич, қыл қалам шебері Делакурлар жазушы

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 66 беті

талантына бас ие, дос болады. Ресейге де аты танылып, Белинский Аврораны «Біздің заманымыздың Жанна Д’Аркы» деп бағалаған.

Аврора Дюпен 1804 жылы Париж қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі дворяндар династиясынан шыққан әскери шенді адам еді. Әкесінің өлімінен кейін Аврора Берри провинциясының Ноанд атты елді мекендегі аристократ әжесінің қолында тәрбиеленеді. Болашақ жазушы алғаш білімін католиктер пансионатында оқып алады. Әдебиетке жақын әкесінің кітапханасында жас Аврора Руссо, Байрон, Шатобариандардың шығармаларымен танысады.

Он сегіз жасында ол көңіл қызығушылығы болмаса да, барон Дюдеванға күйеуге шығады. 1831 жылы ол күйеуін қалдырып, ешкімге тәуелсіз еңбек жолын қуу үшін Парижге келеді. Сол уақытта мұндай батыл қадам жасау екінің біріне жазбаған болатын. Астанада ол жас журналистер мен жазушылар қоғамына бірден сіңісіп кетеді. Шығармашылық және бас бостандығына қуанған Аврора, Париждің интеллектуалды, қайнап жатқан мәдени ортасына аса бір ынтамен араласады. Ең алдымен париждік озық ойлы әдеби-демократиялық интеллигенция жиналатын барлық жерлерге – кітапхана, клуб, театр, дәрістерге үзбей барып жүреді.

Алғашында жас жазушы саяси күрестен алшақ болады. 1831 жылы ол аты елге белгісіз жазушы Жюль Сандпен бірігіп «Роза мен Бланш» атты романды «Жюль Санд» деген лақап атпен бастырады. Бірі – актриса, бірі – монохиния, әпкелі-сіңілі екі қыз туралы бұл роман өте табысты болады. Кейінірек ол өзін әлемге әйгілі еткен ер есімі Жорж Санд деген атты иеленіп, жеке жаза бастайды.

Отызыншы жылдардың екінші жартысынан бастап Жорж Санд утопиялық социалистермен жақынырақ араласқаннан соң, сол кездегі солшыл республикалық оппозицияның жақтаушысы болады.

Оның әдеби, қоғамдық-саяси мүмкіндігінің жоғарылау жылдары келесі онжылдықпен сәйкес. 1841 жылы ол социалист-утопистер қоғамының құрылуына, «Тәуелсіз көзқарас» («Независимое обозрение») журналының және «Эндрлік ағартушы» («Эндрский просветитель») газетінің шығуына қатысады. Ал, 1844 жылдан бастап солшыл-республикалық газет «Реформада» жұмыс істейді. Жорж Санд өмірінің маңызды қырларының бірі – оның күрескер ақындарға жасаған әдеби ықпалы. 1848 жылғы «Ақпан төңкерісін» жазушы жалынды мемлекет қайраткерлерінше қарсы алады. «Халық ісі»(«Дело народа») газетін шығарып, төңкерілісші-лердің нұсқауы бойынша «Революция бюллетеньдерінің» редакторы болады. Бұл бюллетеньдер көшелерге жапсырылып, халықтың революциялық рухын оятты. Ол қоғамдық өрлеу мен ұлы өзгерістер тек халықпен бірге ғана болатындығына сеніммен қарап, өз ғұмырын әйел бостандығы үшін күреске арнады. Бұл жолға тек халықтық революция ғана бастай алады деп тұжырымдады.

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 67 беті

Алайда, революциядан кейінгі «қанды маусым» күндерінен соң қуғындалған Жорж Санд саясаттан мүлден алыстап, өмірінің соңғы жылдарын өскен жері Наондта өткізеді.

Жорж Санд әдебиет әлеміне келгенінен бастап, көп еңбектеніп, барлық ғұмырын осы жолға арнады. Мысалы, отызыншы жылдары «Фигаро» газетінің қызметкері бола жүріп, күнделікті жазуға тиісті жиырма бет сөзді ойдан құрастыра салу, оған түк те емес болатын. Сондықтан оның соңына қалдырған әдеби мұрасы өте қомақты. Жазушының бізге белгілі 100-ден астам романдары мен повестері, 18 драмасы, көптеген публицистикалық мақалалары, бірнеше автобиографиялық көптомдығы, 18 мың хаты мен басқа жазбалары бар. Дегенмен, ол ешбір әдеби мектепке арнай араласқан емес, бірақ оның басты шығармашылық концепсиясы романтизм идеялары болды.

Алғашқы «Индиана»(1832) атты романынан бастап Жорж Санд әйелдердің бас бостандығына баса назар аударып, осы тақырыпты басқа да «Жак», «Лилия», «Валентина» т.б. туындыларында одан әрі өрбітті. Өйткені бұл келеңсіздікті өз басынан да өткерген автор, деспотизм, қанушылық пен бас пайдаға құрылған буржуазиялық некеге ашық қарсы шыға отырып, отбасындағы әйел тәуелсіздігін қалады. Сондықтан жазушының аталмыш туындыларында әйел бақыты үшін күрестің қайнаған ортасында әр уақ тәкаппар, жалғызбасты қыздар көрінеді. Оның басты кейіпкерлері – Индиана, Валентина, Лелия т.б. нәзік жандардың адамгершілік құқықтары үшін күресіп, сезім бостандығын талап етеді. Жорж Сандтың өзіндік стилін көрсететін бұл шығармалардағы көркемдік ойлардың жиынтығы, романтикалық тебіреніс пен лиризмге құрылған.

Қырқыншы жылдары жазушы өзінің саяси көзқарасының кеңейуіне байланысты өз кейіпкерлерін енді жеке бастың, отбасы ортасынан қоғам өмірінің үлкен әлеміне әкеледі. Енді өзінің жеке басының жағдайлары мен қасиеттері арқылы ғана көрінетін романтикалық кейіпкерлерінің орнына, Санд шығармашылығына жаңа образ келді. Ол – жазушы болашағын байланыстырған халықтан шыққан адамдар образы. Суреткердің сол кезеңдегі тамаша романдары ......

1848 жылдары Жорж Санд бірнеше әлеуметтік романдар жазды.

«Осыған дейінгі шығармаларының кейіпкері» корольдер мен ханзадалардың орнын қазір өмірі мен тағдыры, қуанышы мен қайғысы романның мазмұнын құрайтын кедей қауымы алды... Жорж Санд, Эжен Сю және Боз (Диккенс) жататын бұл бағыт сол заманның бір белгісі»,-деп жазды Энгельс 1844 жылы жазды.

Осы кезеңнің ең бір ірі әлеуметтік романдарында, «Грех господина Антуана», «Странствуюленші подмастеры», «Мельник из Анжибо» романдарында, Жорж Санд буржуаздық қоғамды қатты сынға алды. «Мельник из Анжибо» ауыл байы, кулак Бриколен өзінің үлкен қызының



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 68 беті

бақытты өмір сүруіне кедергі жасады, қызын сүйгенінен айырады. Кіші қызына да тура осындай жағдай туады. Романдағы басты кейіпкер Бриколен образының шыншылдығын ерекше атай отырып, Белинский былай деп жазды: «Бұл романда бір типтік образ бар – ол Бриколен образы, сол кезгі Франциядағы жағдайды көрсететін сараңдық, ақылдың қысқалығы, ойдың шолақтығы, сезімнің төмендігі т.б.»

«Грех господина Антуана» романында Жорж Санд ірі өндіріс өнімдерін шығарушы Карданнені ерекше көрсетеді. Ол өз фабрикасының ұсақ мекемелерді құртады, барлық аймағындағы тұрғындарға аштық пен өлім әкеледі.

Бұл екі романда да Жорж Санд екі қарама-қайшылықтан байлық пен кедейлікпен, еңбек пен капиталдан шығуды ұсынады. «Мельник из Анжибода» бай дворян қызы Марсель де Бланшеман ғашығы қарапайым жұмысшы Анри Лемормен бірдей болу үшін бар байлығынан айрылуға бар. «Грех госпадина Антуана» романында фабриканттың ұлы әлеуметтік көзқарасы бар жас Эмиль Нардонне өз қалыңдығының қалың малының орнына еңбектің барлық нәрсесі ортақ болатын еркін коммунистік колония салуды армандайды.

«Орас». Жорж Сандтың әлеуметтік романдарға да жатқызуға болатын романының бірі – Орас.

Провинциалды чиновник семьясынан шыққан жас судент Орас Париж қаласына оқуға келді. Өзін ғана сүйетін ерке не ең таза сезімге бейім емес. Жұмысшы Әрсен Орасқа қарама-қарсы қойылған, кішіпейіл, қарапайым адам, бірақ нағыз игі, батыл, ер жүрек. Жорж Санд халықтың бақыты мен бостандығына бейбітшілікпен қол жеткізуге шақырады.

«Консуэло». Бұл көп жоспарлы романда оқиға ХҮІІІ ғасырда болған. Бұнда Жорж Санд өнердің есебі туралы, суретшінің дәрежесі мен міндеті туралы өз ойларын белдіреді.

Консуэло – көше әншісі қарапайым сыған қызы, халық арасынан шыққан талантты қыз, табиғатынан ғажап артист. Қызықты оқиғаларға толы өмір кейіпкерді шындықты тануға әкеледі. «Графиня Рудолнитадская» романында («Консуэлоның» жалғасы болып табылады, бірақ одан да гөрі әлсіз) Консуэло мен оның күйеуі Альберт Рудолнитадский ел аралап, музыканы халыққа таратып және одан үйренеді. Крестьяндарға скрипкада ойнай отырып, граф Рудолнитадский ұлттар туыстығын уағыздайды.

1848 жылы революциядан кейін Жорж Санд саяси өмірден алыстап кетеді. Оның шығармаларындағы әлеуметтік тақырып та жоғалып кетті. Тіпті революцияға дейін жазушы ауыл өмірін жазған. Крестьян өмірінен алынған повесіне «Чертова мужа», «Маленькая Фадетте», «Франсуа» т.б.

Жорж Санд 40-50 жылдары Ресейде әйгілі болды. Оның романдары туралы Блинский, Чернышевский, Герцен жазған.




ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 69 беті



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет