6 дәрістің тақырыбы: Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғаудың негізгі әдістері мен қағидалары


Жеке қорғану құралдарын пайдалану



бет6/6
Дата02.11.2023
өлшемі1,34 Mb.
#189085
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс № 6 ТЖ кезінде халықты қорғау
Тәжірибелік тапсырма 2, Тәжірибелік тапсырма 6, реферат, методические PD83, жэо, МИ СМК 4.01.6-20 Учебные работы, казахский, DOC-20221103-WA0152PDF 221105 182333, Тарих конспект, Intervaly, Тәжірибелік тапсырма 7, win11p, философия рк 1 правка, Севообороты 1. 2011
кіріктірілген баспана (встроенное убежище)

4. Жеке қорғану құралдарын пайдалану

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.

Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпыәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу жолдарын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.

Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемділген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскерлік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім (защитно-фильтрующая одежда ЗФО-52) және т.б.) болып бөлінеді.

Теріні қорғaу құрaлдaры əдетте aуa өткізбейтін, aрнaйы элaстикaлық резинaдaн жaсaлғaн мaтериaлдaрдaн дaйындaлaды. Олaр герметикaлық жəне герметикaлық емес болуы мүмкін. Қорғaныс комбинезоны ол бірге тігілген курткa мен шaлбaр, кaпюшоннaн тұрaды.

Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.


ГП-7
ГП - 5
Детские фильтрующие противогазы
Жеке қорғану құралдары

Жеке қорғану құралдары


Жеке қорғану құралдары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет