7-сынып Мазмұны Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3



бет1/5
Дата23.12.2019
өлшемі206.03 Kb.
  1   2   3   4   5
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде) пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

7-сынып

Мазмұны

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

  6. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 16

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 26

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 37



  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

«Қазақ тілі (бірінші тіл)» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)



  1. Күтілетін нәтижелер Тыңдалым және айтылым:

білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу- кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым- қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Оқылым:

білім алушы әр түрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.



Жазылым:

білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық- композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.



  1. Ойлау дағдыларының деңгейі

Дағдылар тобы

Ойлау дағдылары ның деңгейі

Сипаттама

Сұрақтар түрі

Тыңдалым мен айтылым

Білу және түсіну

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары

  • тақырыптық мәтіндерді түсінеді;

  • сөйлесу ерекшеліктерін таниды;

  • ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады;

  • тілдік құралдарды пайдаланады;

  • әңгімеге, диалогке қатысады;

  • ақпаратты жинақтайды;

  • монолог құрастырады, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді;

  • сөйлеушінің көзқарасын бағалайды;

  • мәтін мазмұнына болжау жасайды;

  • грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары

  • мәтіннің типін, жанры мен стилін түсінеді;

  • мәтіндерден ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) анықтайды;

  • мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді;

  • зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп, арнайы ақпарат алу үшін оқуды біледі;

  • оқу стратегияларын пайдаланады;

  • әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды;

  • әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени және оқу-танымдық мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады;

  • дәлелдер мен фактілерді ажыратады;

  • ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жазылым және әдеби тіл нормалары

Білу және түсіну Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



  • ақпараттарды жинақтайды;

-әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады;

  • ақпаратты пайдалана отырып, мәтін құрастырады;

  • ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсетеді;

  • проблемалық сипаттағы мәтінді (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады;

  • әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады;

  • анықтамалық материалды пайдаланады;

  • мәтіндерді түзетеді және редакциялайды;

  • белгілі бір тақырып бойынша қарапайым,

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар







күрделі және жан-жақты жоспар жасайды;

- орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.









  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.




  1. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

Жиынтық бағалауға шолу 1-тоқсандағы жиынтық бағалаудың матрицасы

*Тапсырма_түрлері'>Бөлім

Тақырыптар

Оқу мақсаттары

*Тапсырма түрлері

Балл

Тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормалары



Ауа райы және климаттық өзгерістер

Көшпенділер мәдениеті

Денсаулық– зор байлық


7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

7. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды- экспрессивті сөздерді және мақал- мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

7.ӘТН 4.1; Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану 7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Оқылым және әдеби тіл нормалары



7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Жазылым және әдеби тіл нормалары

7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

10

Ұзақтығы: 40 минут Оқылым – 15 минут Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30



Тапсырмалар түрлері

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырмал ар түрлері

*Тапсырмалар сипаттамасы

*Орындау уақыты, мин

Балл

1

7.Т/А5. Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

7.Т/А3 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

7. Т/А6.

Коммуникативтік жағдаятқа сай

көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

7.ӘТН 4.1; Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану


Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады).

Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында көркем бейнелеуіш сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздерді және тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолдануы қажет. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға

жеке-жеке қойылады. Тапсырма оқушының тыңдаған мәтінін көркемдегіш құралдар арқылы жеткізуін бағалайды.



Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі)

10

2-4

7.О1.Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау

7.О2 Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу


Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын 4-5 сөйлеммен жазады.

Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды.

Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады.


15

10




5

7.Ж3.Мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу

7.ӘТН1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын орындайды.

Жазылым жұмысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ескеруі, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы, орфографиялық нормаға сай жазуы бағаланады.



25

10

Барлығы

40 минут

30

9

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі



«Қазақ тілі Т1» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым мен айтылым Тапсырма

    1. Мәтінді оқып шығыңыз. Мәтіндегі көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді тұрақты тіркестерді түртіп алып, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

    2. Өз жұбыңды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

1-мәтін

Қазіргі кезеңде Күннің активтілігі күшейіп, Жер ғаламшарын қыздырып, жылынуын күшейтті. Егер аспанда бұлт жоқ болса, ауа тез қызып, аптап ыстық болады, бұл күннің активтілігінің күшеюінен болады. Ресей ғалымдары қазіргі кезеңдегі климаттың ғаламдық жылынуы табиғи процесс деп есептейді. Жер ғаламшарының солтүстік бөлігінде климаттың ылғалды-салқын фазасы 1978-1979 жылдары басталып, 2010-2011 жылдары аяқталды. Енді 2012-2013 жылдардан бастап климаттың жылы-құрғақ кезеңі басталып, ұзақ жылдарға созылады. Алатау етегінде орналасқан Алматы маңында 2013 жылы жаз ыстық, күз жылы, құрғақ болып, жауын-шашын қарашаның ортасына дейін аз мөлшерде жауды. Ең қатал, жауын-шашыны аз, жазы аптап ыстық, қуаңшылық жағдай 2018-2021 жылдары байқалуы мүмкін. Бұл жағдай 2026-2035 жылдарға дейін созылады, сосын кезең аяқталуы ықтимал. Аталған қуаңшылық жағдайлардың зиянды әсері Қазақстанда, әсіресе, шөл және шөлейт аймақтарында өте күшті болады деп күтілуде. Климаттың куаңшылыққа ұшырауы тұщы су тапшылығын туындатып, жазда өте күшті аптап ыстық болады, шөлейттену процесі күшейе түседі, орман өрті көбейеді.

(140 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/
2-мәтін

Елбасының бастамасымен жасалған «Жасыл белдеу» Астана қаласы үшін қолайлы климат қалыптастырушы басты фактор саналады. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары елорданың маңында бұрынғыдай боран мен дауыл байқалмайды. Бүгінде Астананы жағалай егілген орманда 38 түрлі ағаш өседі. Жыл өткен сайын жасыл белдеу түрленіп, құлпырып келеді. Біздің де мақсатымыз – маңында ну орманды орнатып, жасыл желек еткен Елбасы өнегесі мен идеясын жастар арқылы жүзеге асыру.

Бірақ мұны жүзеге асыру оңай емес, оған бүкіл халық, әсіресе, жастар жұмылуы керек. 2012-2013 жылы Қазақстандағы барлық мектепте 2,5 млн оқушы оқыды. Осы оқушылардың 45-50 пайызының әрқайсысы он-оннан ағашты өсімдіктер ексе, бір жылдың өзінде 20 млн түп арша, сондай мөлшерде емен, акация, үйеңкі ағаштары өсіріледі екен. Бұл процесс 40-45 жыл бойы үздіксіз жүргізілсе, елімізде ұзақ жыл өмір сүретін ағашты өсімдіктер орасан көлемде көбейеді. Демек, жастар осы игі шара арқылы өздері өмір сүретін экологиялық ортаны жақсартады.


1-мәтін

(135 сөз) http://baq.kz/kk/news/suhbat/



Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың

мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке қарағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтылғанның өзінде көшпелі қауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатқа негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Бұл қасиеттердің қалыптасуына, көрініс тауып, іске асуына көшпелі өмір объективті түрде көбірек жағдай туғызды.

(144 сөз) http://referattar.kazaksha.info


2-мәтін

Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу болған. Ол оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқылған.

Түркі дәуірінен қалған атақты «Күлтегін», «Білге қаған» сияқты тасқа жазылған дастандар қазақ тіліне аударылып, біздің қолымызға тиіп отыр. Қазақ халқы ол дастандарды өздерінің төл дүниесіндей қарсы алды. Оған басты себеп, ондағы жазылған әдет-ғұрып, салт- сана, діни-наным, сенім, мақал-мәтел, батырлық жырлардың үлгілері бәрі-бәрі халқымыздың тірлік-тіршілігінен алынғандай ұқсас. Бұл мұралар қазақ халқының ертеден келе жатқан бастауы.

Түркі дәуіріндегі ескерткіштердегі жазулардан және бір байқалатыны — өздері мекен еткен географиялық аймақтың бағыттарын барлай білген. Шамасы, көшпелі өмірге байланысты мал шаруашылығының және табиғаттың ерекшеліктері ескеріліп отырған. Түркілер өздері өмір сүрген кеңістіктің төрт бұрышын тек жаз жайлауы, қыс қыстауы, мал жағдайы үшін ғана біліп қоймай, өздерімен көрші жатқан мемлекеттермен байланыс, қарым- қатынас жасауда да, соғыс іс-әрекетінде де географиялық бағдарлау жасай білген.

(150 сөз) http://referattar.kazaksha.info



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет