А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет6/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция
2-тарау. КӨРКЕМ ШЫҒАРМА

2.1. Мазмұн мен пішін
Мазмұн мен пішін терең мәні бар ұғымдар. Әрбір өнер үшін де бұлар негізгі ұғымдардың бірі. Жаратылыс дүниеге қарасақ, үлкен бір даналық сырын байқайтындаймыз. Ол әр нәрсенің мазмұн және пішін деген екі бөліктен тұратындығы. Әр нәрсе жұп түрінде жаратылғаны сияқты, әрбір заттың мазмұн мен пішін деген екі қыры барын байқауға болады. Байқау деген сөзді босқа айтып жатқан жоқпыз, өйткені әрбір заттың яки құбылыстың осы екі қырын, құндылығын дұрыс ажыратып байқау не орнын ауыстырып шатастыру, өмірде жиі болып жататын құбылыс. Мысалы, адамды алайық. Адамның мазмұны (яки мағынасы) не және оның пішіні не? Бұл сұраққа жауап беру үшін сол адамның екі бөліктен тұратындығын байқап, ажыратып алу керек. Яғни, адам жан (рух) және дене деген заттардан тұрады. Осы жерде не де болса адам мазмұны жан ішінде болмақ та, пішін оның денесіне қатысты нәрселер болмақ. Яғни, жанға қатысты ар-намыс, ождан, махаббат, иман, ұят деген нәрселер адамның мазмұны болса (Малым –жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы, Өлімнен ұят күшті), дененің өзі және денеге қатысты яки керекті болған киім-кешек, ас-ауқат, үй, көлік, байлық деген нәрселер адамның пішініне жататыны ақиқат (Ас – адамның арқауы, Үйі жоқтың күйі жоқ, Денсаулық терең байлық). Яғни, осы жерден адам үшін осы игіліктердің қайсысының маңызы жоғары екендігі көрініп тұр. Әрине, сөз жоқ адам баласы үшін астан ар қымбат («Намысыңды нанға сатпа» Б. Момышұлы), демек пішіннен мазмұн қымбат, қадірлі. Өкінішке орай ақиқат өмірде ардан асты жоғары қойып, мазмұнды пішін немесе пішінді мазмұн деп түсінетіндер жоқ емес. Дәл осы тұжырымды, мазмұн мен пішін ұғымдарын жаратылыс дүниедегі барлық құбылыстар мен заттарға қатысты етіп саралап, тауып, тануға болады. Мысалы, құлпырып өсіп тұрған жеміс ағашының пішіні – ол оның тамыры, діңгегі, бұтағы, жапырағы болса мазмұны – адамдарға шырын жеміс беріп, саялы көлеңке болуы. Үйдің пішіні – іргетасы, қабырғасы, есік-терезе, шатыры, іштегі жиһазы болса, мазмұны – адамға тіршілік арпалысынан тынығып демалатын, ыстық-суықтан, қар, жаңбыр, желден қорғанып, паналайтын жылы ұя болуы. Дәл осы сияқты мазмұн, пішін ұғымдары өнер атаулыға да қатысты болады, тек өзіндік ерекшелігімен әрине. Мысалы, өзімізге қатысты әдебиет өнерін алсақ, оның да пішін, мазмұны бар. Ол туралы З. Қабдолов: «Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы затты деректерге көшірсек, былай болар еді: ш ы ғ а р м а н ы ң м а з м ұ н ы – о н ы ң а қ и қ а т ш ы н д ы қ қ а н е г і з д е л г е н т а қ ы р ы б ы м е н и д е я с ы д а, п і ш і н і – ә д е б и қ а һ а р м а н д а р д ы ң ө з а р а қ а р ы м-қ а т ы н а с ы н а, т а ғ д ы р т а р т ы с ы н а н е г і з д е л г е н с ю ж е т і, к о м п о з и ц и я с ы ж ә н е ж а з у ш ы н ы ң ө м і р д і ө н е р г е а й н а л д ы р ғ а н е ң н е г і з г і қ ұ р а л ы – с у р е т т і с ө з і, я к и к ө р к е м ш ы ғ а р м а н ы ң т і л і», – дейді. Осы ойды ғалым Л. Тимофеев те қолдайды. Бірақ академик И. Виноградов мазмұнға тек көркем шығарманың идеясын ғана жатқызады, тақырыпты пішінге қатысты элемент деп санайды. Шындығында тақырып мазмұннан гөрі пішінге орайласатын сияқты боп көрінеді. Өйткені мазмұн деген нәрсе – шығарманың ең негізгі құндылығы, бар айтар ой, мағынасының сөлі. Бұған әдеби шығарма элементтерінен тек идея ғана келіңкірейтін сияқты. Бұл ойды анық, ашып айтпаса да академик З. Ахметов те қолдайтын секілді. Ол «Әдебиеттану. Терминдер сөздігі» кітабында «Мазмұн» терминіне анықтама бергенде мынадай пікір айтады: «Шығарманың көркемдік тұлға пішініне, өрнек-кестесіне, өн бойына қан жүгіртіп, жан бітіретін, өң-нұр беретін идеялық мазмұн, мағына – жазушының биік қоғамдық мақсаттары, идеалдары». Соған қарағанда, әрине, тақырып бұл жерде идеямен теңесе алмайды. Әдебиетші ғалым А.Б. Есин тақырыпты идеядан анық бөліп, идея ауқымына: авторлық баға, авторлық идеал, көркемдік идея, пафос ұғымдарын жатқызады. Бұл жерде тақырып жоқ. Бірақ тақырып идеяға қатты жақын ұғымдардың бірі. Сондықтан Е. Ысмайлов тақырып, идея туралы: «Тақырып – әдебиеттің мазмұнды формасы. Тақырып – жазушының алған бағытын, идеясын көрсететін мөлшер» деген.

Мазмұн мен пішіннің көркем әдебиетте өзіндік орны, атқарар қызметі бар. Керегі жағынан екеуі де бір, олардың артық-кемі тек маңыздылығында ғана. Керек жағынан бір-бірінен кем болмайтыны мазмұнсыз пішін болмайтын болса, пішінсіз мазмұн да болмақ емес. Яғни, адам рухының да денесіз өмір сүре алмайтыны сияқты. Көркем шығармадағы негізгі айтар ой идея түрінде берілсе, сол идея жалаң түрде өмір сүре алмайды. Ол өмір сүру үшін міндетті түрде пішіндік қалып керек. Пішіндік қалып – жоғарыда айтылған: образ, сюжет, фабула, композиция, тақырып, тіл (троптар мен фигуралар), әдеби ағымдар, әдістер. Осының бәрі өз орнымен беріліп, бір мақсатқа жұмылғанда барып, нағыз идеялық мазмұн шығады. Шеберлік дегеннің өзі де – сол. Яғни, пішін мен мазмұн өз орнымен жұмсалуы керек. Мысалы, 20-ғасырда әдебиет тарихында пайда болған түрлі ағымдардың көбісі пішінді мазмұннан жоғары қойып шатасқаны мәлім. Әлемдік модернизм құбылысы мазмұннан пішінге көп ден қоюшылықпен белгілі болды. Модернизмнің шығуына да себепші болған өзіне лайықты идеялық алғы- шарттар бар. Ол – 20-ғасырдағы материализмге малшынған еуропалық-американдық философиялық таным өрісі. Осылай идея көркем пішінді туғызуы мүмкін, керісінше пішін идеяны туғызудың түп қазығы бола алмайды. Қазақ әдебиетіне тән нәрсе – мазмұнның қашанда пішінге тұғыр бола алатындығы. Оған мысал қара өлең шумағы:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет