А. Қалшабек Әдебиет теориясы



бет3/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция
1.2. Тип
Белинский «Талантты жазушының әр образы – тип» деген. Тип деген негізінде жиынтық бейне дегенді білдіреді. Яғни, жазушы белгілі бір кезеңдегі қоғам суретін, адамдар өмірін айшықтап көрсету үшін осындай қасиеттің бәрін бойына жинақтаған кейіпкер бейнесін сомдайды. Бір қарағанда әдебиеттің ісі де сол емес пе? Егер кейіпкерден өз заманының көрінісі, сол замандағы адамдарға тән мінез-құлық, жүріс-тұрыс, киім-киіс ерекшеліктері көрінбесе, ол нанымды әрі тартымды болмас еді. Осы тұрғыдан З. Қабдолов М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкер Құнанбайды типтік бейнеге жатқызады. Өйткені Құнанбай 19 ғасырдағы қазақ қоғамындағы билік иелерінің (аға сұлтан, датқа, сұлтан-правитель, би, болыс, т.б.) жиынтық бейнесі сияқты. Екінші жағынан қарағанда, Құнанбай – тарихи тұлға, романдағы кейіпкер Құнанбайдың шын өмірдегі тарихи прототипі бар. Бұл жерде тарихи кейіпкер типтік бейнеге айнала алады ма? деген сұрақ туады. Бұл сұраққа ия, тарихи кейіпкер де өз даралығын, тарихилығын сақтай отырып типтік бейне бола алады деп жауап беруге болады. З. Ахметов бұл жөнінде «Әдебиеттану. Терминдер» сөздігінде: «Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағына да алады, сол ортадағы басқа адамдарға да тән қасиетті танытады» деген. Демек, типтілік пен даралық яки тарихилық бір-біріне қарама-қайшы түсініктер емес, бірін-бірі толықтырушы ғана түсініктер. Яғни, көркем шығармадағы Құнанбай бейнесінің тарихилығы оның даралығын күшейтетін элементке айналады.

Тек тарихи бейнелерді көркем бейнеге айналдырғанда тарихи мәліметтерді көркем қиялдың заңдылығына салып, жөнсіз бұрмалауға болмайтынын ескеру керек. Өйткені тарихтың аты – тарих. Әдебиеттің аты – әдебиет. Әдебиет пен тарихтың тамырластығы да бар, сондай-ақ өзіне тән ерекшелігі де бар, оның шекарасын бұзуға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет