А. Қалшабек Әдебиет теориясы


Басы алтын өлеңімнің бақайы жез



бет7/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция
Басы алтын өлеңімнің бақайы жез,

Өзіңе болдым бүгін оңынан кез.

Іздеген сұрағанға ұшырасса,

Әр түрлі ойда жүрген айтылар сөз.


Іші алтын өлеңімнің, сырты күміс,

Жақсы атқа бірдей бітер жорға, жүріс.

Өлеңім –жақсылардың жан азығы,

Тағы да табам екі қолға бір іс.


Демек, «Қара өлеңнің» рухани стихиясы үшін өлеңнің іші – алтын, сырты – күміс екен.

Тағы бір мәселе әр мазмұнға лайықты пішін керек. «Абай жолы» роман-эпопеясының дәл осындай түрде жазылуы бекер емес. Абайдың «Қара сөздері» тек қана өзіне ғана лайықты формада жазылғанына шүбә жоқ. Оны басқа формада жазса, осыншалықты мағынаның шықпауы әбден мүмкін еді. Сол үшін жазушы, ақын өз шығармасы үшін негізгі тұғырлы идея іздеп қанша толғанса, пішін табу үшін де одан кем күш жұмсамайды. Сондықтан пішіннің де әдебиет үшін алар орны зор. Т. Әлімқұлов бұл турасында былай дейді: «Дүниеде формасыз құбылыс жоқ. Ішкі, сыртқы формамен келісті көмкерілмеген мазмұн жапырақсыз ағаштай сидам тартпақ. Мазмұн мен түрдің тұтастығы өнер иелерінің атам заманнан бергі арманы. Мінсіз тұтастық табылмаған. Келешекте табылуы және неғайбыл. Мазмұн атаулы байып, не кедейленіп, үздіксіз өзгеріске ұшырап тұрады. Форма «қалауын тапқан қардай» осыған қызмет етеді. Қызмет еткендіктен, мазмұннан мысқыл да болса кем соғады. Формасы әдемі туындының мазмұны тайыз болса, жасандылыққа, жылтырлыққа бастайды. Мазмұнды шығарма әдемі әдіптеліп, келісті көмкерілмесе, әсерден айырылады. Дөрекі айту айыпқа бұйырылмаса, мазмұн – өмір де, форма – сол өмірді бейнелеу тәсілі. Екеуінің ымы-жымы бір болса, нұр үстіне нұр» (Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. Алматы: Жазушы. 1978. – 113-114 б).



Когезия. Қазір әдебиеттану ғылымы қатты дамып кеткен. Сондай бір ғылымның түрі – структурализм, семиотика т.б. Бұлардың көздегені көркем шығарманы кәдуәлгідей түсінбей құрылым яки бір таңбалар жүйесі деп қарау. Яғни көркем шығарманы басқа бір қалыпқа салып, қарастыру. Мәтінді – құрғақ құрылым деп яки бір таңбалар жыйынтығы деп қарау. Бұның бір пайдасы да болуы мүмкін. Бірақ ол әдіс көркем шығарманы түгел тануға жарайтын құрал емес. Жалпы кез-келген нәрсені түгел тану деген – абсурд. Ондай болмайды. Дұрысы кез-келген нәрсені керегінше танып, білу. Керегінен асып, қатты беріліп кетсең оның түбіне жете алмайсың. Өйткені адамның өзі һәм оның ақылы өте шектеулі. Шектеулілік – бұл адамның ең құнды сипаты. Оның болмысы. Ол одан асып кете алмайды. Жалпы көркем шығарма үш сипатты бөліктен тұрады. 1) дыбыс ағымы 2) кескін ағымы 3) ой ағымы. Дыбыс ағымы – тума артикуляциялық база ерекшелігіне қатысты қозғалыс түрі. Кескін ағымы – графикалық бедер суретті қозғалыс түрі. Ой ағымы – идеялық мозайка (қырық құрау) жыйынтығынан шығатын қозғалыс түрі. Осы үш ағым қосындысынан нағыз көркем шығарма туады. Үшеуінің өз орны, белгі шекарасы бар. Сол шекара белгілерін бұзбай орнымен қоса алған суреткер жақсы туындыны дүниеге әкеледі. Үшеуін өз орнына қоя алмай шатастырған адам шатасады. Жаратылыстың берілген қалпынан шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет