А. Қалшабек Әдебиет теориясы


Көркем бейне жасау тәсілдері



бет4/50
Дата24.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#113720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
әдебиет сыны лекция
903 (1), 903 (1), 1 Grade, О?Т?стік ?аза?стан мемлекеттік фармацевтика академиясы техникалы, әдебиет сыны лекция
1.3. Көркем бейне жасау тәсілдері
Пейзаж. Көркем бейне жасаудың өзіндік қалыптанған тәсілдері бар. Соның біреуі – пейзаж (французша: paysage, pays – ел, жер). Пейзаж – көркем шығармадағы сөзбен табиғат суреттерінің салынуы. Қазақ әдебиетінде пейзаждың ерен үлгілерін салған шеберлер жетерлік. Пейзаж шығарманың суретті бейнесін арттырады. Кейіпкердің жанды бейнесін, сұлбасын шығаруда қосымша материал-жәрдемші болады. Кейіпкер төңірегінде кеңістік ақиқатын жасайды. Уақытты бейнелуге де себебін тигізеді.

Ж. Аймауытов салған «Қартқожа» романындағы табиғат суреттері:
Шілде. Шағала көлдің басы иін тірескен ауыл, бықырлаған мал, жердің жүзін, көктің түрін сары, қызыл алтынға бояп, жаздың нұрлы қызыл күні белеңнен асып, шеті қылтиып барады. Шаңдатып, қарауытып, топырлатып жылқы шауып суға түсті. Жамыраған қой, азынаған сиыр, өкірген бұқа, айғайлаған бала, ауқаулаған қатындардың даусы қосылып, көлдің басы ың-жың, у-шу, ауыл-ауылдың түтіні ұрандасып, ұласып, көл арнасын көк тұман басып тұр. О жерде, бұ жерде қара құрық, біреуді біреу біліп болар емес.

Жадыраған жаз елді де жадыратты. Ел маужыраған. Елде ес жоқ. Ел мас. Маужыраған елдің ішіне кіріп не қыламыз? Ұйқымыз келер, басымыз ауырар. Ардақты оқушылармен бірге серуендеп, дөң басына шығып, бой көтерелік.



Поэзия тілінде табиғат суретін салудың айтулы бір шебері – Мағжан.
Жел жалығып, хал жиып,

Қалғып қана тербелер.

Жұмсақ қана жымиып,

Жібек қанат жаз келер


Көк алтынға көмілген,

Ауаға алтын себілген.

Алтын емес себілген,

Жаздың шашы төгілген.



Портрет екі түрлі болады: сұлба портрет; мінез портрет. Сұлба портретте кейіпкердің сыртқы пошымы, суреті беріледі: түрі, киімі, дене тұрқы, қимыл-қозғалысы, мимикасы, т.б. Мінез портретте кейіпкердің ішкі мінезі көрініп, оның мінез-құлқынан хабар беріледі. Мысалы, Абайдың әкесі Құнанбайға берген мінез-құлық бейнесі:
Мұсылманға қоймаған

Орынсыз жанжал шатақты.

Ерегіскен жауларын

Кісен салып матапты.

Зекет жыйып, егін сап

Тойдырған ғаріп, жатақты.

Ескендір, Темір, Шыңғыстай

Мұсылманда атақты.

Мұқым қазақ баласы

Тегіс ақыл сұрапты.

Тобықтыны ел қылып,

Басын жыйып құрапты,

Мекеде уақып үй салып,

Пәтер қып, жаққан шырақты.

Бір Құдайдың жолына

Малды аямай бұлапты.

Ажал уақыты жеткен соң,

Соның да гүлі қурапты.

Қажыны алған бұл өлім,

Сабыр қылсақ керек-ті.


Айтыстың «оқтаулы ақберені» Құлманбет ақынның өзі туралы айтқаны:
Руым Қызылбөрік – Құланаян,

Пәнденің істегені Тәңірге аян.

Талайды жүндей түткен қайран жағым,

Сүрінді амалым не, бар ма шарам.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет